«Көкөністер айтысы» ертегісі
Автор: mamiraalieva • Апрель 13, 2023 • Контрольная работа • 1,911 Слов (8 Страниц) • 195 Просмотры
«Гүлдер» тобы ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің конспектісі
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Көкөністер айтысы» ертегісі
Мақсаты: Көкөністер,олардың өсетін жері туралы балалардың түсініктерін байыту. Ертегі желісін драмалау дағдыларын қалыптастыру. Көкөністердің адам денсаулығына тигізер пайдасы туралы білімдерін жетілдіру. Балалардың ой-қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балаларды достыққа, адал болуға, мейірімделекке баулып, қамқорлық қасиеттерге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: АКТ қолдану, «Көкөністер түрлері туралы карточкалар» бейне көрінісі, «Ертегілер» әні, көкөністер атрибуттары, көкөністердің муляждары, ғажайып сандық, саусақ театры.
Блингвалды компонент: Қызанақ-помидор, қияр-огурцы, сәбіз-морковь, картоп-картофель
-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі? -Күз мезгілі
-Дұрыс, күз мезгілінде неше ай бар? - Осы күз мезгілінде қандай өзгерістер болады? -Күзде күн суыта бастайды. Ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі. айнала сап сары алтындай түске енеді, Аспанды сұр бұлт басады, жаңбыр жиі жауады,үстімізге жылы киімдерімізді кие бастаймыз. -Балалар күз бізге не сыйлайды екен. -Көкөністер мен жемістер, дәнді дақылдар сыйлайды екен -Көкөністердің адам ағзасына қандай пайдасы бар екен? -Көкөністерде дәрумендер мол болады. Көкөністерді көп жесек денсаулығымыз мықты болады, ауырмаймыз. -Балалар көкөністер қайда өседі? -Бақшада
-Жарайсыңдар балалар, олай болса, «Көкөністер түрлері туралы» бейне көріністі тамашалайық. -Балалар бейне көріністі тамашалап, көкөністермен танысады.
Балалар, сендер үлкен болып өсіп келесіндер. Мен сендерге ертегі алып келдім. Мұқият тыңдайық. Ерден атайдың бақшасында әртүрлі көкөністер: жасыл қияр, қызыл қызанақ және қырыққабат өсіпті.
Бір күні ертеңгісін ең үлкен қияр мақтанып:
- Мен сондай әдемімін, жасылмын, мықтымын және қытырлауықпын!- депті.
Бұл сөзге қызыл қызанақ басын көтеріп, былай депті:
- Мен сондай тәттімін, қызылмын және дөңгелекпін! Сендердің орталарыңдағы ең әдемісі — менмін!
Сол кезде шыдай алмаған қырыққабат:
- Жоқ! Сендердің араларыңдағы ең аппақ, ең қытырлауық, ең пайдалысы – менмін! Мен керемет сұлумын!
Көкөністер көпке дейін дауласыпты.Бір кезде қиярды көрген Әсет:
Сол кезде шыдай алмаған қырыққабат:
- Жоқ! Сендердің араларыңдағы ең аппақ, ең қытырлауық, ең пайдалысы – менмін! Мен керемет сұлумын!
Көкөністер көпке дейін дауласыпты.Бір кезде қиярды көрген Әсет:
-Қандай әдемі, дәмді шығар! – деп,қиярды үзіп алыпты.
...