Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Картаюдың проблемалары анықтау

Автор:   •  Апрель 12, 2019  •  Реферат  •  1,722 Слов (7 Страниц)  •  517 Просмотры

Страница 1 из 7

                         Картаюдың проблемалары

Мақсаты: Картаюдың проблемалары анықтау.

Жоспары

1. Зейнеткерлік алдындағы дайындықтың қажеттігі.

2. Егде жасқа деңгейлік дайындық

3. Егде адамдарға көмек көрсететін мекемелер.

Әлеуметтік қызметтердің жауапты міндеттерінің бірі қарт адамдармен тиісті жұмыс жүргізетін кадрларды дайындау.

Егде адамдардың игілігіне бағытталған ереже заңдылықтары, сонымен қатар олардың талаптарын қанағаттандыратын мекеме немесе орталықтар міндеттерін қажетті қабілеттері мен құзыреті бар адамдар жүзеге асырған жағдайда ғана өз құзыреттілігіне сәйкес келеді.

Жастарды және кемелдік шақтағы адамдарды кәрілікке бейімдеу бойынша міндеттен бастайық. Адамдар қарттық жаста өмірден қанағаттанушылық сезімінде болу үшін жастық шақта адамның есінде және тәртібінде сақталып қалатын, егде жаста құндылыққа ие болатын дағды - әдеттерді бойына сіндіріп, бекіту қажет. Зейнеткерлікке шығып, бос уақыт пайда болғанда жастық шақта оны қызықтырмаған оқу, табиғатпен қатынаса кіру немесе белсендіі өмір салтын бастау өте қиын. Жастық шақта ондаймен айналыспағанда, қарттық шақта олар «кенеттен» оны ұнатып кетпейді.

Қоғам бақытты егде жасты қамтамасыз ету үшін жастық және кемел жасты жан – жақты «инвестициялауы» тиіс. Егер осы адамның мамандығы оны зейнеткерлік жаста шектеулі мөлшерде жалғастыруға мүмкіндік бермесе, өз мамандыңы аясында басқа жұмысқа ауысу мүмкіндігін қарастыру қажет.

Қоғамдық белсенділік (әлеуметтік, мәдени, саяси, іскери, көршілік қамқорлық) қоғамдық белсенділік дағдыларын игеру үшін қоғамға пайдалы іс болып табылады.

Өзінің отбасы немесе көмекке мұқтаж көрші отбасы үшін жұмыс адамдардың бойында көмекке мұқтаж адамдарға көмек көрсету дайындығының дамығандығын білдіреді. Көмекке келу сияқты адамгершілік қасиеті бір күнде пайда болмайды. Көмекке келу және оның өміріндегі қиындықтардан тыс қалмау қасиеттері кез келген жағдайдың туындауына қарай пайда болады да, кейін әдетке айналады.

Бос уақытты дұрыс, әрі әсерлі өткізуге әсер ететін үшінші жастағы әдеттер өте қажетті және пайдалы.

Соңғы жылдарда егде және қарт адамдар арасында кең тараған қызығушылықтар – гимнастикалық жаттығулар, қозғалыс ойындары (крокет, волейбол және т.б.), өлке тану және саяхат. Жастық шақта физикалық жаттығулар айналыс әдеті қарттық шақта да қалады.

Келесі әуесқорлық белсенділік те аса пайдалы: бау – бақшамен айналысу, құс өсіру, балық аулау, кондитерлік тағамдар пісіру, іс тігу және т.б. Алайда осындай қызықты істермен айналысу үшін адам жастық шақтан тартылуы тиіс.

Қарт адамдардың өміріне клубтардың, мәдениет үйлерінің шығармашылығына, бірлестіктердің, әскери одақтардың қызметіне қатысу да көп қызық пен пайда әкеледі.

Бүгінгі зейнеткерлер шамамен 10-15 жыл өмір сүреді. Осы жылдарды ұсқынсыз қарттық шаққа айналдырмау үшін оларға тиісті түрде дайындалу қажет.

Зейнеткерлікке шығудың алдындағы он жылдық.

Осы кезең зейнеткерлікке бейімделу үшін аса қолайлы. Өзінді іскери қызметпен жегу қажет емес, керісінше, бос уақытты қызықты істерге және әуестенетін заттарға; өз - өзін дамытуға бағытталған, жеке қызығушылықтарына сәйкес келетін іс – шаралар көмегімен өзін мәдение дамытуға арнау қажет. Еңбек демалыстары уақытында өзінің бос уақытынды ұзарту қажет. Осы кезеңде өзінді жұмыспен немесе басқа міндеттермен жегу зейнеткерлік жаста пайда болған бос уақытты өткізу қабілетсіздігіне және «бостық» сезімнің пайда болуына әкеледі.

Қарт адамның таңдап алған клубпен немесе мәдениет үйінің үйірмелерімен байланыс аса тиімді. Зейнеткерлік алдындағы жаста кітапхана жұмыскерлері де аса маңызды роль атқаруы мүмкін, олар алдын ала дайындалған тізім бойынша әдебиеттер ұсынып, кітапхананың осы әдебиеттермен қамтылуын қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар егде жастағы тұлғалармен жаттығулар жүргізу тәжірибесі бар дене шынықтыру оқытушылары да көп көмек көрсетеді. Сонымен қатар БАҚның да роль маңызды. Радио, телекөрсетілімдер, кино, баспа алдағы қарттық жасты қабылдауға ғана емес, сонымен қатар алдағы демалысты тиімді өткізе алу сезімін, осы уақытқа дейін уақыттың болмауынан жүзеге асырылмаған істерді орындау сенімін нығайтуға тиіс.

...

Скачать:   txt (26 Kb)   pdf (173.6 Kb)   docx (14.9 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club