Жануарларда психика бар ма?
Автор: Bi Films • Октябрь 3, 2021 • Эссе • 829 Слов (4 Страниц) • 365 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
Философия және Саясаттану факультеті
Психология кафедрасы
СӨЖ
Эссе
Тақырыбы: Жануарларда психика бар ма?
Орындаған: Төреғали Ардаби Арайланұлы
Тексерген: Адилова Эльнур Темиркановна
гшлБұл зоопсихиологияның басты әрі актуалды сұрақтарының бірі болып табылады. Жалпы Фабри бойынша зоопсихология ғылымы жануарлардағы психиканы, оның деңгейі мен көрінісін зерттейтін ғылым. Яғни, бұл дегеніміз жануарларда психика процесстері жүреді дегенді білдіреді. Бірақ та кейбір ғалымдар бұл тұжырыммен келісе бермейді. Негізінен психика терминін алғаш адамға қатысты қолдана бастаған, кейінірек барып жануарларға қатысты қолданды. Адам психикасының айқын көрінісі ретінде сананың болуын ала аламыз. Жақыпов бойынша сана дегеніміз объективтік дуниенің субъективтік бейнесі. Яғни, негізгі базалық процесстерден бөлек ойлау, сөйлеу секілді ерекшеліктер де болады. Егер де адамның осы ерекшеліктерін есептемейтін болсақ, примитивті базалық психикалық процесстер болатынын білеміз. Бұның арқасында психика адамға дейін, яғни жануарларда да бар дегенді білдіреді.
Кейбір зерттеушілер жануарларды психика құқығынан айырады, өйткені бұл тек адамдарға ғана тән деп есептейді. Жануарлардың психикасы бар, ал эволюция барысында ол дамып, ақырында адамдарда жетілдірілген формаларға ие болды. Жануарлар бізден психиканың жоқтығымен емес, ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Кейбір зерттеулер приматтарда, ең болмағанда, сананың құрамдас бөліктерінің бірі - өзін-өзі тану бар екенін көрсетеді, бұл жеке адамның өзін қоршаған ортадан ажырата алу қабілеті деп түсініледі. Басқаша айтқанда, өзін-өзі тану мен сана ұғымдары жануарлардың мінез-құлқын түсіндіру кезінде қолданылуы үшін де нақтырақ анықтаманы қажет етеді. Негізінен жануарлардың белсенділігі биологиялық сипатқа ие, яғни олардың өмір сүруінің табиғи жағдайынан шықпайды. Ол биологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты қасиеттер мен заттарға қатысты ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Осының арқасында қоршаған шындықтың психикалық мүмкіндіктері биологиялық қажеттіліктермен шектеледі. Екіншіден, жануарлардың тілінің адам тілінен айырмашылығы бар. Жануарлар тілі бұл әртүрлі сигналдар, олардың көмегімен маңызды оқиғалар туралы ақпаратты бір-біріне жеткізе алады. Олардың айырмашылығы жануарлар сигналдар объектілердің қасиеттері мен қатынастарын білдірмейді. Білуімше, олар белгілі бір жағдаймен ғана байланысты болады және нақты биологиялық мақсаттары болады. Жануарлар тілінің тағы да бір ерекшелігі жайлы айта кетсем, ол оның генетикалық тұрақтылығы,яғни соның нәтижесінде ол шектеулі сигналдар саны бар жүйе болып табылады. Ал адам тілі болса ашық жүйе, ол үнемі дамып, байып отырады. Әр жануар туғаннан өз түрінің тілін біледі, ал адам болса өмір бойы өз тілін меңгереді. Үшіншіден, жануарлар биологиялық заңдылықтарға сәйкес өмір сүреді. Олардың көпшілігі қауымдастықтарға бірігеді. Жануарлар қауымдастығына тән белгіге олардың мүшелерінің иерархиясы жатқыза аламыз. Мысалы адамдарда «авторитет, күш» ұғымдары бар. Яғни оларға бағынады, еліктейді және т.б. Мысал болып, саяси лидерлерді, жұлдыздарды, спортшыларды, тіпті ата-ананы алсақ болады. Ал жануарлардың кейбір қауымдастықтарында функцияларды нақты бөлу байқалады, мысалы, аралар колониясында нақты міндеттерді патшайым және жұмысшы аралар атқарады. Алайда, жануарлардың топтық мінез-құлқының барлық формалары тек биологиялық мақсаттар мен заңдылықтарға бағынады, олар табиғи іріктеу арқылы бекітілген болтын, оның мақасты болып негізгі биологиялық мәселелердің шешілуін қамтамасыз ететіндері ғана жазылды. Мысалы, қоректену, өзін-өзі сақтау инстинкті және көбею жатады. Адам болса жеке өмірде де, қоғамдық өмірде де биологиялық заңдардың әсерінен шықты және өзінің дамуының белгілі бір кезеңінен бастап әлеуметтік заңдарға бағына бастады.
...