Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дипломатия

Автор:   •  Январь 21, 2021  •  Эссе  •  555 Слов (3 Страниц)  •  880 Просмотры

Страница 1 из 3

Эссе

Дипломатия

Дипломат – бұл басқа мемлекетпен немесе халықаралық ұйыммен дипломатиялық қарым-қатынас орнату және орындау үшін мемлекет тағайындаған адам. Дипломаттың негізгі міндеті – елдің, сондай-ақ басқа мемлекеттегі өз отандастарының мүдделерін білдіру және қорғау. Тағы бір міндет-өз елі туралы ақпарат тарату және достық қарым-қатынас орнату.

Дипломат ретінде қайда оқуға болады? – деген сұраққа көбінесе дипломат "Халықаралық қатынастар" мамандығының түлегі болу керек дейді, бірақ ол "Саясаттану", "Экономика" немесе "Құқық" мамандықтарының түлегі де болуы мүмкін. Дипломат болу ешқашан кеш емес.

Кәсіби білімнен басқа, болашақ дипломаттың физикалық және психологиялық денсаулығы мықты болуы керек, өйткені жұмыс жиі рейстермен, әртүрлі климаттық жағдайлар мен мәдени ерекшеліктер болуына байланысты.

Біздің заманымызға дейін де дипломаттар болған. Мысалға айтсақ Қазақ хандарының дипломатиясы.

Қазақ хандығы билеушілерінің белсенді сыртқы саясаты Қасым ханның тұсынан басталады. Керей мен Жәнібектен бастап әрбір билеуші «аумақтарды жаулап алып» оларды «шекараға айналдырып» отырған. Сыртқы саяси тұжырымдаманың басты мақсаты – «тиімділікке» қалай жету болған, ал «тиімділік» дегенде жердің ұлғайтылуы (жаулап алынуы) ұғынылады.

Келісімшарттарда әдетте «елші» деген атпен лауазымды тұлға аталып отырады. Хан тарапынан жолданған «елші» деп аталған тұлғалар ханның сенімді адамдары болды, хан оларға өзіне бағынышты елді билеуге қойған өкілдеріне, тәуелді билеушілерге, сондай-ақ Қазақ хандығымен достық қарым-қатынаста болған тәуелсіз мемлекеттердің билеушілеріне маңызды хабарламалар не өкім-бұйрықтарын (жазбаша және ауызша) жеткізуді жүктейтін. Әрбір елші өзі аттандырылған елді, оның әдет-ғұрпын, мәдениетін, баратын жолды білуге тиіс болды. Шебер мәмілегер және жауынгер болуға міндетті болды. Өзі жолданған елдің тілін де білді, білмейтіндей болса жанына тілмаш ертетін болды. Елшілер өздері жолданған елдердің хандарының сарайларында болсын не ол елге жетер жолда болсын бастарын қатерге тігіп жүретін, өйткені жолда қолға түсу, бөгеу, тіпті өлтіріп кету оқиғалары болып тұратын.

Қазақтан шыққан тұңғыш дипломатты бірі білсе, бірі білмес. Ол Нәзір Төреқұлов – шығыстанушы, саясаткер, кеңестік мемлекет қайраткері, журналист, әдебиетші, ғалым, елші. Ол – Сауд Арабиясында консул болған қазақтан шыққан тұңғыш дипломат.

   Н.Төреқұлов өмірінің соңғы жылдарында Сауд Арабиясына бүкіл СССР атынан елші ретінде жіберіліп, бұл қызметті абыроймен атқарды.

   Сәрсен бек Сахабат “Төреғұлдың Нәзірі” атты кітабында: “Нәзір 3-қазан күні Мекке қаласында король ұлы Фейсал бекзадаға сенім грамотасын тапсырады” деп жазса, Низами атындағы Ташкент педагогика институтының профессоры Сейдуәлі Тілеуқұлов: “Нәзір әсіресе, Құран Кәрімді жатқа айтады екен. 1928-1936 жылдар аралығында Сауд Арабиясы жерінде қызмет етеді. Сегіз тілді жете меңгере білуі, сыналған мемлекет қайраткері ретінде танылуы нәтижесінде оған ең жауапты қызметтер жүктеліп отырды. 1928-1932 жылдары Н.Төреқұлов Кеңес Одағының Хижаздағы (Сауд Арабиясы) бас консулы, кейін 1932-1936 жылдары өкілетті елшісі болып істеді. Қазақтан шыққан тұңғыш дипломат Кеңес мемлекетінің сыртқы саясатын жүзеге асыруда екі ел арасында саяси және сауда қарым-қатынасын нығайтуда көп үлес қосты. 1929 жылы Сауд Араб мемлекетінің королі Ибн Саудтың қабылдауында болып, достық байланыстың негізін қалады. Оның елшілік қызметін арабтар әрдайым жоғары бағалап отырды. Ол жердегі халықтардың тарихы, мәдениеті жөнінде еңбектер жазды”, - деген деректі келтіреді.   

...

Скачать:   txt (7.9 Kb)   pdf (51.1 Kb)   docx (9.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club