Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Вильгельм Вундт

Автор:   •  Октябрь 6, 2022  •  Реферат  •  1,045 Слов (5 Страниц)  •  272 Просмотры

Страница 1 из 5

КІРІСПЕ

 

  Вундт – психологияның ресми академиялық пән ретінде қалыптасуының негізін салушы адам. Ол алғашқы болып зертхана жасап, алғаш журнал шығарып, эксперименттік психологияны ғылым ретінде дамытты. Ол түйсіну мен қабылдау, назар аудару, сезу, реакция уақыты мен ассоциация сияқты тақырыптарды зерттеді. Вундттан кейінгі психология тарихындағы кейбір ғалымдардың пікірлері оның көзқарастарына қайшы келсе де, оның қазіргі психологияның дамуына қосқан үлесін ешкім жоққа шығара алмайды.

     Оның жауабы ой мектебінің құрылу процесінде жатыр. Ол, әлбетте, жоспарлы түрде жүзеге асатын дүние. Оған ғаламат ғылыми үлес қосуға қажетті қасиеттерден бөлек, жеке тұлғалық қабілеттер мен ниет керек. Бұрынғы ілім мен жарияланымдарды біріктіріп, жаңадан пайда болған материалдарды дамыту керек. Ол турасында психологияның бір тарихшысы былай дейді:

    «Негізгі идеялар пайда болған кезде, қандай да бір негізін салушы тұлға барлығын өз қолына алып... маңызды дүниелердің қосатынын қосып, оны жа- рыққа шығарып, жарнамалайды, оған көптің көзін жеткізеді. Қысқа қайыр- ғанда, ол осылайша өз мектебін «қалыптастырады» (Boring, 1950, p. 194).

     Идеяның тиімді әсер ету мәселесі оның өзіндік ерекшелігі сияқты маңызды дүние (Berscheid, 2003, p. 110).

     Кейінгі жазылған пікірлерге құлақ түрсек, мектеп қалыптастырудың тағы бір қыры ғылыми қауымдастыққа идеяны сату қажеттілігінде жатыр екен: «Идеяның қажеттілігіне көптің көзін жеткізу – идеяның пайда болуы сияқты маңызды дүние».

     Вундттың қазіргі психологияның қалыптасуына қосқан үлесі – оның жүйелі эксперимент идеясын насихаттауы. Жалпы мектеп қалыптастыру мен оның негізін қалау – екеуі екі бөлек дүние. Бірақ ғылымның қалыптасуы үшін, ғимаратты бірге тұрғызатын архитектор мен құрылысшы сияқты, оның екеуі де керек, екеуі де маңызды.

     Вундт саналы түрде жаңа ғылымның негізін салды. «Физиологиялық психология қағидаларының» (Principles of Physiological Psychology) бірінші басылымының алғы сөзінде (1873–1874) ол: «Көпшілікке ұсынылған осы жұмыс – ғылымның жаңа саласын ажыратып көрсету», – деп жазды. Вундт психологияны жаңа, тәуелсіз ғылым ретінде насихаттауды мақсат тұтты. Десе де, Вундт психологияның негізін салған адамға жатпайды. Психология қаншама шығармашылық талпыныстардың нәтижесінде дүниеге келді.

    ХІХ ғасырдың екінші жартысында сананы түсіну үшін эксперименттік әдісті қолдануға «уақыт рухы» әбден пісіп-жетілді. Ал Вундт болса, ақиқат дүниені насихаттаудың бірден-бір шебері еді.

 

 

 

 

Бір мезетте бірнеше іспен айналысу мәселесі

 

Вильгельм Вундт бір мезетте бірнеше іспен айналысу мүмкін дегенді өмірі естіген емес. Ондай бола қалған жағдайда да, екі шаруамен бір мезетте айналысу дұрыс емес деп санаған. Мысалы, мәтіндік хабарлама жібере отырып, сіз университет қалашығындағы сайқымазақты байқай алар ма едіңіз? Әрине, ХIX ғасырдың ортасында мұндай құбылысты ешкім көріп те, естіп те көрген емес. Шыны керек, көп адамдар, уақытымыз бен назарымызды қажет ететін кез келген әрқилы телефондар, жылдам жіберілетін хабарламалар, электронды пошта, видеоойындар және тағы басқа электронды құрылғылар пайда болғанша, бұл мәселеге мән бермеген.

1861 жыл еді. АҚШ-та азаматтық соғыс басталған кез. Бұл шақта 29 жасар Вильгельм Вундт физиология саласында зерттеумен айналысып, Гейдельберг университетінде дәріс оқып жүрді. Әріптестері ұмытшақ әрі қияли атаған Вундт бұл кезде студенттеріне зертхана жұмысын үйретуге талпыныс жасап жүрді. Ол өз үйіндегі шағын зертханада түрлі зерттеулер жасау арқылы психологияның жаңа ғылым ретіндегі дамуына серпіліс туғызғысы келді.

Вундт кейінгі жылдары Фридрих

...

Скачать:   txt (14.7 Kb)   pdf (65.4 Kb)   docx (12.4 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club