Әл-Фараби -энциклопедист ғалым
Автор: murynbaeva • Май 20, 2022 • Доклад • 790 Слов (4 Страниц) • 279 Просмотры
Мурынбаева Баян Тыныштыкбаевна
М.Шоқай атындағы №187 ІТ-мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Әл-Фараби -энциклопедист ғалым
Орта ғасырда адамзат білімінің молайып, ақыл-парасаттың жетілуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұламалардың бірі – Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған данышпан, философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші, ақын Әбу Насыр әл-Фараби болды.
Әбу Насыр әл-Фарабидің атақты шығармаларының бірі – «Ғылымдар энциклопедиясы» атты трактаты. Әл-Фарабидің «Ғылымдар энциклопедиясы» атты трактаты ғылым тарихында ерекше алатын орын алады. Бұл трактат «Ғылымдар энциклопедиясы», «Ғылымдар реті», «Ғылымдар классификациясы» аттарымен Шығыс пен Батыс елдерінде мәлім болды.
Әл-Фарабидің «Энциклопедиясы» ХІІ ғасырда араб тілінен латын тіліне , кейін ескі еврей, неміс, ағылшын, фрацуз, испан, түрік тілдеріне аударылып, одан көп ғұламалар тəлім алды.
Әл-Фарабидің «Энциклопедиясы» тіл білімі, логика, математика, физика, азаматтық ғылым деген бес тараудан тұрады. Трактат кіріспесінде әл-Фараби белгілі ғылымдардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, әр ғылымның мазмұнына толық сипаттама бергенін атап кетеді.
Әл-Фараби «Тіл білімі» тарауында тіл білімін жетіге бөліп, сөз бен сөйлемді, күрделі және құрамды сөздер мен сөйлемдерді, мәнерлеп оқу ережелерін, тілдік ережелерді, емлені, дұрыс оқу ережесін, өлең жазуды ғылым деп танып, тіл білімінің негізін қалайды.
«Логика» тарауында ғалым логиканы ойлаудың заңдары мен ережелерін зерттейтін ғылым екенін атап өтеді. Әл-Фараби логиканы ойлаудың грамматикасы ретінде қарастырып, логиканың бүкіл адам баласына ортақ, тек әр ұлт өз тілінде ойлайтындығын айтады.
«Математика» тарауында әл-Фараби арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка, статистика, айла-әрекет жөніндегі ғылымдарға тоқталады. Әл-Фараби арифметиканы сан туралы ғылым , геометрияны сызықтар мен жазықтарды және геометриялық денелерді қарастыратын ғылым ретінде зерттейді. Әл-Фараби оптиканың геометрия тәріздес форма,шама, тәртіп, рет, орын, теңдік, теңсіздікті қарастыратынын дәлелдейді. Астрономияны ғалым аспан денелерін зерттейтін ғылым деп таныса, астрологияны сәуегейліктің бір түрі деп баға береді. Музыканы арифметикамен байланысты екенін дәлелдеп, тон, интервал, ырғақ тәріздес музыкалық ұғымдарын математикалық жолмен өрнектеуге болатындығын дәлелдейді. Әл-Фараби салмақ туралы ғылымды қозғаушы не қозғалушы нәрсе деп санап, Аристотельдің бұл саладағы еңбектерін жинақтап, салмақ туралы ғылымды пән ретінде қарастырады. Айлакерлік (механика) ғылымының мазмұнын жаңаша тұжырымдап, қазіргі қолданбалы математикаға ұқсас етіп қарастырған.
...