Қабдеш Жұмаділовтің «Дарабоз» дилогиясындаfы макал-мәтелдер
Автор: gulfira2302 • Март 30, 2019 • Статья • 1,872 Слов (8 Страниц) • 1,030 Просмотры
ҚАБДЕШ ЖҰМАДІЛОВТІҢ «ДАРАБОЗ» ДИЛОГИЯСЫНДАҒЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
Қожан Гүлфира Рауанқызы
Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ
2-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: Обаева Г.С.
Қазақ көркем ойының көкжиегі кеңейіп, әлемдік өркениетке терезе ашқан тұсы – ол аумалы-төкпелі аласапыран оқиғаларға толы кешегі өткен ХХ ғасыр. Дәл осы ғасырда қазақтың көркем әдебиеті барлық жанрда ірге жайып, озық елдер әдебиетімен терезе теңестіре алатын шын мәніндегі кәсіби әдебиет деңгейіне көтерілді. Осы қуатты толқынның қасқа маңдайында келе жатқан қазақ әдебиетінің қадірменді ақсақалына айналған, дәуіріміздің дарабоз жазушысы Қабдеш Жұмаділов. Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығы туралы сөз еткенде оның тіл ерекшелігіне, көркем тілінің айшық бедеріне тоқтамау мүмкін емес. «Жазушы өзінің сөз қорын молықтыру үшін жалпы халықтық тілдің телегей – теңіз бай қазынасын мүмкіндігінше молырақ игеруі, оның қилы-қилы қызық құбылыстарын жете түсінуі, әр сөздің мәні мен мағынасындағы ұланғайыр өзгерулер мен өңденулерді, ауысулар мен алмасуларды, құбылулар мен құлпыруларды дәл аңғара білуі қажет... Сонда ғана жазушы әр сөзді таңдап, талғап тауып, ойды анық, сезімді нәзік жеткізер тың және тартымды суреттер жасай алады» [1.189].
Бүгінгі мен талдағалы отырған шығарма – Қабдеш Жұмаділовтің «Дарабоз» романының «Толас» және «Аттаныс» бөлімдері. Оның ішінде – мақал-мәтелдері. Роман – тарихи шығарма. Арқауы – шындық. Жазушы өз шеберлігін көрсетуде ауыз әдебиетінің бір түрі – мақал-мәтелдерді шебер пайдаланған.
Мақал-мәтелдер дегеніміз – өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Әр халықтың мақалы мен мәтелі – сол халықтың өзі жасап алған логикалық формасы, өлшемі. Ол кез келген оқиғаның тұсында еске түседі, тілге оралады. Сөйтіп ұзақ баяндауды керек ететін болмысты бір-ақ ауыз сөзбен ұғындырады. Мысалы, кітапты оқып бастағаннан-ақ төмендегідей мақалдарды ұшыратамыз:
«Түйені жел қозғаса, ешкіні аспаннан көр» дегендей, Төленің күйі осындай болғанда басқалардың жағдайы айтпаса да түсінікті[2.15] – деп шығарманың басында Ұлы жүздің қалмақтарға бодан болып жүргенін Төле бидің жағдайы арқылы көрсетеді.
Енді бірде жазушы мәтелді толықтырып, мақалға айналдырады. Түйенің танығаны – жапырақ, Қазақтың аңдығаны қалмақ қой баяғы. Дүниеде қазақтан өзге ел жоқ па, қалмақтан өзге жау жоқ па?![2.22] – деп көрсетіп, сол кездегі басты қарсыласымыз – қалмақты да жеңуге болатындығын жеткізеді.
Роман тарихи болғандықтан батырлық, ерлік туралы мақалдар жиі ұшырасады. Мысалы:
... Әңгіме осы тұсқа келгенде, манадан бері бір сұрланып, бір қызарып, әрең отырған Барақ сұлтан қарқылдап күліп жіберді:
- Бөгенбай батыр, жасың үлкен ағасың. Ерлігің мен қайратыңда қапы жоқ.
Бірақ аңғалсың ау! – деді күлкісін тез жиып.
- «Батыр - аңғал» деген осы да... Әбілқайырдың ел-жұртты алдаған
ертегісіне шынымен-ақ сеніп жүрсің бе?... [2.22]
- «Ер көрмеймін деген жерін үш көреді, ат баспаймын деген жерін үш
басады» деген ғой бұрынғылар. Сол рас екен. Жалған ісі ақиретке кетпей, өмірде істеген жақсылығың да, жаманшылығың да түптің түбінде алдыңнан бір шығады екен, - деді сардар әңгімесін жалғастырып[2.61].
- Бұл не сонда? Қазақ хандығы қашаннан бері қонтайжының ыңғайымен
жүріп еді? «Күшігіңде таланған тазы төбет болғанда да түлкі алмас» дегеннің кері ғой бұл! – деді ол түгі сыртына шыға буырқанып. – «Шешінген судан тайынбас» деген қайда? Өзіміз биыл жаңа аттанысқа шыға отырып, жоңғар жорығынан қаймыққандарына жол болсын! [2.286]
...