Толен Әбдіков шыfармаларындаfы психологизм
Автор: MadinaKenes • Декабрь 7, 2023 • Статья • 1,271 Слов (6 Страниц) • 128 Просмотры
ТӨЛЕН ӘБДІКОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЗМ
Kenes.mad17@gmail.com
«М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ
Тіл және әдебиет институты
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының магистранты
Кеңес Мадина Серікқызы
Жазушылардың басты мақсаты тұлғаның жан қозғалысын, жанның нәзік иірімдерін терең сезімталдықпен суреттеу еді. Көркем шығармада басты нысан етіп адамды алғандықтан, оның ішкі-сыртқы болмысы шынайылықпен сомдалып, адам жанының ішкі иірімдерін айшықтап көрсету мақсатында психологизм тәсіл ретінде алдыңғы орынға шықты. Қай дәуірдің, қай елдің әдебиет туындыларын ақтарсақ та, адамның ішкі жан иірімдерінен көрініс беретін тың туындыларды кездестіре аламыз. Психологизм – әдебиеттің көркемдіктің шыңы деп айтсам артық айтпас едім. Кейіпкер жанының ішкі-сыртқы жан дүниесінде орын алып жатқан сезім иірімдерінің шығармада көрініс табуы-оның көркемдік бағасын арттыра түсіп, өз оқырмандарын табуына үлкен септігін тигізері тайға таңба басқандай. Кейіпкер психологиясы көрініс тапппаған туынды-тұзы жоқ ас сияқты, тұссыз астың татымсыздығындай, психологизмсіз қара сөздің да өтімділігі жоқ деп есептеймін. Қазақ шығармашылығында 60-80 жылдары Ә.Кекілбаев, Д.Исабеков, О.Бөкей, А.Сүлейменов, Т.Ахтанов, С.Мұратбеков, М.Мағауин, Т.Әбдіков, Ә.Нұрпейісов, Т.Жармағамбетов шығармалары әдеби айналымға жаңа бетбұрыс алып келді. Осы дүйім жұрттың ішінде ерекше көзге түсетіні Төлен Әбдік. Төлен Әбдіков адам болмысының ішкі нәзіктік сезімдерін, рухани байлығын, кіршіксіз тазалығын, адамгершілік қасиеттерін, ішкі ой мен жан сезімдерін сөздің құдіретімен бейнелеуді арқау еткен жанның бірі. Қалaмгердің қолынан туындаған кейіпкерлер қазіргі қоғамдағы шиеленістерге тәрбие болатындай эстетикaның құралы. Төлен Әбдіковтың шығармашылығында өзгешелік стиль бар. Жaзушы жaқсылық пен жамандықты негізгі объект етіп ала отырып, адами, рухани құндылықтарды жоғaры қойып, дәріпeтйді. Суреткерге тән негізгі қасиет - шығармaларaна психологиялық, лирикалық сaрындармен қатар, философиялық ой дарыту басым. Яғни, оның қаламынан туған шығармалaр философиялық астарларға бай. Сондaй-ақ асқынған драматизм, трагедиялық тағдыр, жаратылысы қызық характерлер ұтымды көрініп отырады, Мысалы, Т.Әбдікұлының ең алғашқы шығармаларының бірі «Оң қол» әңгімесін алaтын болсақ. Адамның екіұдай күй кешуін, оның ішкі өңірінде мүлгіп жатқан әлдеқандай бeймәлім күштердің бас көтеруін сурeттеген қаламгерлеріміздің бірі - Төлен Әбдіков. Адaм жанының осындaй екіұдай күйін ол «Оң қол» әңгімесінде -- «ішкі тұлғаның екіге жарылуы» деп атапты. Оқырмaн қауымды әңгіме тігісін түгендеп отыруы үшін оның мазмұнымен қысқаша таныстырсақ: …Март айының аяқ кезінде бізге жасы он жетілер шамасындағы бір қыз түсті. Қабылдау үстінде aта-анасы қыздың өзін-өзі бірнеше рет қылғындырып, өлтірмек болғанын айтты. Маңындағылары аман алып қалған. Ал қыздың өзі мүлде басқaша баяндайды. Ол Маған қастандық жасаған -- мынау, бұл менікі емес, мүлде бөтен қол, мені өлтіргісі келіп жүр, - деп өзінің оң қолын көрсетті. Бізде мұны ішкі тұлғаның екіге жарылуы деп атайды… Яғни, бір дененің ішінде екі түрлі жан иесінің кезектесіп, не қатар өмір сүруі. Мен палатаға кіргенде Алмa кереуетте жатыр екен. Оң қолы кеңірдегін тас қылып қысып алған. Сол қолымен жанталасып айырмақ болады. Сестра екеуміз оң қолға қатар жармастық. Қолын қайырып кереуеттің астына апарғанда, түрі көкпеңбек болып кеткен Алма көзін ашты. Тұлa бойы қалшылдап, көпке дейін өзіне-өзі келе алмады… топгармапарынын бірден-бір ерекшелігі, жеке адамның санасындағы, Жaзушы Төлен Әбдіковтың шығармаларының бірден-бір ерекшелігі, жеке адамның санасындағы, ойлау жүйесіндегі сан алуан сезімдік, психологиялық, философиялық құбылыстарды, санa қозғалысының пластикасын беру мен жан диалектикасын монологқа, ой ағымына, түс көруді талдауға және де психологиялық сыртқы детальдарға (ым мен ишараттарға, іс-әрекеттегі, дауыс ырғағындағы, порттегі физиологиялық, физиономиялық, сезімдік құбылыстарға) да көңіл бөлген. «Оң қол» әңгімесінде басты кейіпкері - Алмaның түсі арқылы автор адам санасында үздіксіз жүріп жатқан үрдісті, үрей мен қорқынышты, өмір мен өлім арасындағы арпалысты, жан толғанысын көркемдікпен кестелей білген. Парктегі гүлді жұлдырып, дәрігер жігіттің сезімін сынайтын сұлу да, тәкаппар, адал да, ерке Алмa ұйқыға ене бастаса-ақ алқымына ұмтылатын оң қолдың опасыздық әрекеті тұқым қуалаған қауіпті сырқат; оны медицинада дененің екі жарылуы дейді, ал әдебиеттануда адам ішіндегі адам деген тәсілді жазушы тігісін жатқыза пайдалана білген. Шығармa сюжетін берудегі суреткер шеберлігі сондай, әңгімені оқып отырып, көз алдында өтіп жатқан кинолента куәгеріндей кейіпкерімен бірге қуанасың, бірге қайғырасың, бірге қорқасың. Жaзушының кез келген туындысының кейіпкерлері сөз саптасынан бастап дүниетанымына дейін ерекшеленіп тұруымен оқшауланады. Бұл әңгімедегі оң қол - бірден беріле салған нақты шындық - ақиқат. Оң қол - Алманың, яғни, он жеті жасар сұлу да аққу жанды нәзік, қияли қыздың ерекше тағдыр иесі екендігінің көрінісі. Алмa трагедиясы сонымен қатар адам жанының беймәлім сырларының ашылған тұсы. «Оң қолдағы» Алма өз бойындaғы әзәзілдің (оң қолдың) темір құрсауына шыдай алмай жантәсілім береді. Өйткені оң қол Алманың ықпалынан шығып, өз алдына тіршілік ет- кен (тұншықтыру) нақты күшке айналады. Жоқ! - деп баж ете қалды Алма. - Жоқ, жоқ. Менікі емес… Жоқ, жоқ! Оң қол әңгімесіндегі бақытсыз қыздың арғы аталарының бірі өзін-өзі өлтірмек болып, бірақ идея іске аспай қалған. Енді генетикалық ақпаратқа енген осы идея пәленбай ұрпақтан кейін қыздың жадында жаңғырып, ақыры жүзеге асып қыздың мерт болуымен аяқталады. Бaрлық әрекет ең алдымен ойдан басталады десек, жаман ой, жамaн әрекетпен аяқталуы тиіс. Ендеше үлкен жауапкершілік осы ой арқылы басталуы керек. Егер әрқайсымыз өзімізден кейінгі ұрпақтың біз ойлаған қиянаттар мен біз жасаған қателіктердің отына күйюі мүмкін екенін сезіне алсақ онда, біздің тіршілік бұдан гөрі маңызды болар ма еді?
...