«Сиқыршы наны» деп аталатын О.Генри
Автор: Akkazinova • Сентябрь 29, 2022 • Реферат • 455 Слов (2 Страниц) • 250 Просмотры
Орындаған: Гафурова Айдана
Тобы: ДЯ-101
Тексерген: Нысанбаева.А.Н
Қазақ тіліндегі тура аудармасын қарастырсақ «Сиқыршы наны» деп аталатын О.Генри шығармасы тақырыбымен оқушының назарын өзіне аудартады . Бірақ, шығарма неліктен бұлай аталған?
Оқиға шағын бірақ өте жайлы наубайханада орын алады. Бұл наубайхана иесі – оқиғаның басты кейіпкері Марта Мичэм, жасы 40-қа келген, тұрмыс құрмаған, мейірімді де жанашыр әйел. Бірақ дәл осы мейірімділік пен шектен тыс жанашырлықтың да адамға кесірін тигізетіндігіне шығарма барысында куә боламыз.
Наубайханаға оралсақ, Мисс Марта өзінің тұрақты сатып алушысы, орта жастағы ер-азаматты ұната бастайды. Ол неміс акцентімен сөйлейтін, көзілдірік тағып жүретін сонымен қоса өте мәдениетті жан. Оның наубайханаға жиі келу себебі тек қана ескірген нан сатып алу.Мисс Мартаның оған көңіл аудармауы мүмкін емес еді. Олар жаңа піскен наннан әлдеқайда арзан болатын. Осыны ескере отырып және оның сәл тозған киімі мен қолындағы іздерді байқап, Мисс Марта оны суретші болуы керек деп ұйғарады.
Келесі күні болжамдарын растау мақсатында наубайханаға сурет қойып қояды. Әдеттегідей ескі нан сатып алушысы келіп, суретке көзі бірден түсіп, оның әдемі екендігін, бірақ перспективасы дұрыс емес екендігін айтып баға беріп кетеді. Осылайша Мисс Мартаның қулығы жүзеге асып, ол оның суретші екендігіне көзін жеткізеді.
Осы сәттен бастап оның суретшіге деген сезімі арта түседі. Тіпті жібек белбеуін тағып, бет терісіне күтім жасап жүруді бастайды.
Күндердің бірінде , суретшінің күн сайын арықтай бастағанына уайымдап, ыңғайлы сәтті пайдаланып Мисс Марта суретшінің ескірген нанының ортасына май салып жібереді. Марта оны әлемге таланты әлі танылмаған данышпан суретші екендігіне құлай сенді. Алайда суретші шын мәнінде сәулетші – архитектор еді. Және сәулетші үшін ескі нан – суретті ысқылауға керек ең жақсы құрал болатын. Мүмкін мұны білсе Марта барлығын бүлдіруге себепші болмас па еді?т
...