Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сағи Жиенбаев поэзиясындағы ұлттық таным сипаты

Автор:   •  Март 17, 2025  •  Реферат  •  4,939 Слов (20 Страниц)  •  17 Просмотры

Страница 1 из 20

 

Бағыты:

Секциясы:

 

Тақырыбы: Сағи Жиенбаев поэзиясындағы ұлттық таным сипаты

 

  

Авторы: (аты-жөні толығымен, сыныбы,

мектебі, қаласы)

  

Жетекшісі: (аты-жөні толығымен, пәні,

мектебі, қаласы)

 

Кеңесшісі: (аты-жөні толығымен, қызмет орны)                    

 

 

 

 

2019 жыл

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе ............................................................................................................ 3

  1. С.Жиенбаев  поэзиясының тілдік дүниетанымдық

ерекшелігі ..................................................................................................... 5

  1. С.Жиенбаев поэзиясының концептілік  өрісі ........................................... 9
  2. С.Жиенбаев поэзиясындағы түр-түстердің  танымдық мазмұны ....... 14

Қорытынды ................................................................................................... 18   

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .............................................................. 20


КІРІСПЕ

 

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі таңда адамның білімге сұраныс қажеттілігі ғылым зерттелуінің кеңеюіне әкелді. Тіл – адам дүниетанымының басты тетігі. Тіл – адам  санасында ғалам туралы түсінік тудыратын білім коды. Таным моделі арқылы шындықты игеруші сана қызметінің нәтижесінде танымдық көзқарас пайда болды. Бұл зерттеуде қарапайым фрагмент ретінде С.Жиенбаев лирикасын ұлттық-танымдық  тұрғыда саралау негізге алынды. Өйткені, ұлттық рухани болмысымен дараланған жеке тұлғаның тілдік танымында ойлау жүйесінің ғаламға қарым-қатынасы үлгілері жинақталған.

ХХІ ғасыр лингвистикасында тілді ұлттық таным коды тұрғысынан қарастыру белсенді түрде қолға алынуда.  Адамзат қажеттілігінің білімге сұранысының дамуы зерттеу бағыттарының кеңеюіне алып келді. Әр ұлттың айналадағы дүниені танып-білуі, әлемді тану формасы, рухани құндылығы, барлық болмыс-бітімі сол этностың тілімен тығыз байланысты. Ұлттық дүниетанымы сол тілдің терең құрылымдарынан, терең лексикасынан, сөздік қорынан орын алатыны белгілі. Адамзат өзін қоршаған әлемдегі құбылыстарды, шындықты түйсініп қана қоймайды, ақпаратты өзінше танып,  қайта құруға талпыныс жасайды, қорытады, баға береді, тәжірибеде қолданады, екінші сөзбен айтқанда, тұтас көрініске ие болған ғаламның тілдік бейнесі жасалады. Бұдан дүниені танудың басты құралы – тіл деген формула шығатыны белгілі.  Әр тілде өз болмысына тән әлемді құру болатыны сияқты жеке индивидтың де танымдық әлемі бар.  Сонымен бірге, әр тіл ең алдымен өзіне қатысты ұлт әлемін сипаттайды.    

Қазіргі таңда тілдің табиғатын жан-жақты тануға арналған тіл біліміндегі зерттеу жұмыстары ұлттың ойлау жүйесіне тән ерекшеліктерімен  және этностың өмір сүру болмысымен тығыз бірлікте алынып, когнитивтік тұрғыдан зерделеу бүгінгі күн тәртібінің көкейкесті мәселелерінің біріне айналды. Осымен байланысты Сағи Жиенбаев поэзиясының тілінде халықтың мәдени өмірі мен тарихы, мыңдаған жылдар бойы жинақтаған танымы мен білімінің  көрінісі жатыр.

С.Жиенбаев поэтикасының тілдік табиғатын халқымыздың таным-түсінігімен байланыстыра қарастыру қазақ тіл білімінде ұлттық танымға негізделген жаңа үрдістегі зерттеудің  мәнін ғылыми тұрғыдан байытады.  

Танымдық үрдістер арқылы (қабылдау, түйсіну, ойлау, сөйлеу, қиял, елес, ес) адам өзін қоршаған әлем мен заттар, құбылыстар мен ұғымдардын өзіне тән белгілерімен  қасиеттері  жөнінде  ой қорытып, пікір болжам қалыптастыра алады. Зерттеуші Э.Оразалиева танымға мынадай  анықтама  береді: «Таным адамның ішкі мүмкіндіктерін  әсер етуші күштермен байланыстыратын, оның қоршаған әлеммен  болмысын сипаттауға мүмкіндік беретін және аралық қатынасты  табиғи  заңдылық ретінде  немесе заттармен құбылыстардың  өзара  әсер  етуінің салдары  деп дәйектейтін  маңызды  ұғымдардың  бірі болып табылады».            

...

Скачать:   txt (68.2 Kb)   pdf (367.6 Kb)   docx (221.5 Kb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club