Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Писатели свободы

Автор:   •  Сентябрь 16, 2023  •  Эссе  •  322 Слов (2 Страниц)  •  199 Просмотры

Страница 1 из 2

Эссе»Писатели свободы»

Басты кейіпкер жас оқытушы Эрин Груэлге өте қиын жасөспірімді балалар түседі. Менің ойымша бұл фильм өте әсерлі болды. Өйткені өте қиын сыныпты тыңдата білу, оларға бар махаббатын арнап және қолдау көрсету , жасөспірімдерге көмектесу арқылы олардың өз болашағы үшін күресуді уйретеді. Бұл фильм бір мейірімді, жаман ойы жоқ, адал адам айналасындағы  барлық болып жатқан жайтты өзгерткенің көруге болады. Бандаларға толы мектепте жұмыс істейтін және өз сыныбына ешқандай қолдау немесе ресурстар таба алмайтын адал мұғалім туралы айтылады. Оқиға неден басталды. Бірде ағылшын сабағында Эрин Груэл нәсілшілдікті  мазақ еткен сурет жазбаны ұстап алып,Шарод есімді окушысын қалың еріндерін мазақ еткені үшін, оған шыдай алмады,сыныпқа айқайлайды. Басқалардың пікіріне келіспейтінін білдіріп, сыныпқа қарсы  шығады. Сыныпта тыныштық орнады: кейбір оқушылар оның ойын түсінбеді, кейбіреулері оның не айтқысы келгенін жақсы білді. Бірақ кейін бұл оқиға оның өзін шайқап, оқытуға жаңа көзқараспен қарауға мүмкін еткенін түсінді. Мұғалім балаларға күнделік береді, барлық болған жағдайларды, басынан өткен оқиғаларды жазуға кеңес береді. Бірде күнделікті оқып отырып, соғыс және әділетсіздік, жасөспірімдердің өз проблемалары туралы ойлана келе бұл оқиғадан шығудың жолын іздейді. Оның әкесі барынша қолдау көрсетті. Бірақ күйеуі жарты жолдан тастап кетті, оған қарамастан алға қарай ұмтылды. Өз мамандығын, сүйікті жұмысын істегенде жақсы көріп тұрып істеді. Күйеуінің ажырасу себебі де осы болды, үйіне кеш келді, көп көңіл бөле алмады, азаннан кешке дейін жұмыстан жұмыс қолы босамады. Отбасы не болмаса, карьераны таңдау болды. Күйеуін қанша жақсы көргенмен ақыры соңында амал жоқтан карьераны таңдады. Бұл фильмнің ерекшелігі көп кітап оқуға, көп ізденуге, алға қойған мақсаттарға жетуге, болашақ үшін, өзің үшін күресуге, мүлдем берілмеуді уйретеді. Жасөспірімдердің әңгімелері, олардың ой толғаулары өзегіне жетеді. Олар шынайы және адал, олар сізді ойландырады және қиын сәттерде жол іздейді. Бұл өзін іздейтін жасөспірімдерге арналған. Ал балаларын жақсырақ түсінгісі келетін ересектерге де арналған. Қорытындылай келе фильмды барлығына көруге кеңес беремін. Эрин Грувэлл дұрыс шешім қабылдады. Ол осы студенттерге жетудің жолын табу үшін өзінің шығармашылығы мен құмарлығын пайдаланды. Ақырында, ол олардың өміріне еніп кеткен алалаушылық пен зорлық-зомбылықты жеңуге көмектесе алды.

...

Скачать:   txt (4.3 Kb)   pdf (39.5 Kb)   docx (7.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club