Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Махамбеттің «Қара нарға»

Автор:   •  Январь 8, 2019  •  Эссе  •  330 Слов (2 Страниц)  •  3,297 Просмотры

Страница 1 из 2

Махамбеттің «Қара нарға» артқан жүгіне қазіргі уақытта сіз өз тарапыңыздан қандай міндеттерді жүктер едіңіз

Толарсақтан саз кешіп,

Тоқтамай тартып шығарға,

Қас түлектен туған қайтіп,

Қара нар керек бұл іске.

Махамбет Өтемісұлы

Қазақта «Нар жолында жүк қалмас» деген нақыл сөз бар. Халқының басына қаралы күн туғанда дүниеге келген дауылпаз ақын Махамбет елінің арқасына батқан ауыр жүкті арқалаған нар тұлғалы батыр еді. Туған жеріне баса көктеген дұшпанына оқ жебесімен бірге жыр жебесін де қарсы жаудырды. Исатай мен Махамбет – өз дәуірінде ұлтының азаттығы жолында жанын қиған сол дәуірінің қара нарлары. Себебі ақын жырлағандай бұл іске толарсағынан саз кешіп, ат үстінде елі үшін өзегі талатын қос батырлар ғана шыйдайды.

Ал бүгінгі күннің Махамбеті деп Мұхтар Шахановты айтар едім. Ақиқаттың ақыны атанған Мұхтар Шаханов – ұлттық, тілдік мүдде үшін күресіп жүрген ақын

Нағыз ақын әр кезеңде өзін қағып үлестен,

Рухани мүдде шыңы – шындық үшін күрескен.

Шындық кәусар ақындыққа болу керек асыл ән,

Шындықты айтып ер Махамбет айырылған басынан

Ақындар аз сын сағатта сөзден ісі зорайтын,

Ісі үшін мен Махамбетті биік қоям талайдан, -

деп жырлайды М.Шаханов. Ақын қазіргі қоғамдағы ең ауыр шындық ана тілін менсінбеу, рухани азғындық, жемқорлық, жағымпаздық, елін, жерін шетелдіктерге сатуға даяр безбүйрек сатқындар жайлы ашына айтып жүр.

Махамбеттің өз дәуірінде «Қара нарға»

...

Скачать:   txt (3.6 Kb)   pdf (36.1 Kb)   docx (11.3 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club