Ар жүйесі
Автор: zhanrk_ • Декабрь 25, 2021 • Эссе • 298 Слов (2 Страниц) • 258 Просмотры
Ар жүйесі дегенде адамшылық кеңістігі айтылады. Ар таза күйінде кездеспейді, оның көріну формалары: ұят, намыс, ұждан, ғашықтық, достық, кісілік, жомарттық, ізгілік, парасаттылық, даналық, талаптылық, т.б. Ар дегеніміз көңіл мен рухтың сапалық өлшемі немесе анықтаушысы деуге болады.
Ұждан ілімі рухани-адамгершілік тәрбиенің негізі. Адамның тұлға боп қалыптасуына ата-анасы, айналасы, замандасы, тәлім берер қылған ісі. Сенім белгілерін негізгі басшылыққа ала отырып ұят, шыдамдылық, аяушылық, ізгілік, әділеттілік сияқты қасиеттердің иесі бола алмақ. Шынайы адам өзіне ғұмырлық даналық жинаған адам. Мәңгілік – не ексең, соны орасың деген өмір тәжірибесінің жемісі. Адам жанының жетістігі рухани әлемнің қазынасына құйылады. Әр адам ұждан білімін оқыса, адамгершіліктің биік шыңына жете алады.
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.
Парасат майданы (Үзінді)
Төлен Әбдіков
Өмiр – күрес. Адамдар алдымен қара күшпен күресетiн болды. Одан кейiн неше түрлi қару-жарақ ойлап тауып, соғыс ашып, халықтарды жаппай қырғынға ұшыратты. Ендi, қатерi одан кем емес ақыл парасат майданы шықты. Егер бұл майданда iзгiлiк жеңiске жетпесе, адамзаттың рухани күйреу дәуiрi басталады. Одан құтқаратын күш жоқ. ... Сiз маған iзгiлiкке қалай сенсеңiз, зұлымдыққа да солай сенiңiз депсiз. Құрбым-ау, олардың өмiрде бар екенiн мойындау сенiм емес қой. Сенiм деген сол екеуiнiң бiреуiнiң адам үшiн қымбат екенiн, артық екенiн мойындау. Достоевский: «Сенiм жоқ жерде – iзгiлiк те жоқ», – дейдi. Сонда бұл қандай сенiм? Iзгiлiктiң болмыста бар екенiне ғана сену ме? Жоқ, бұл – iзгiлiктiң жеңiсiне деген сенiм. Iзгiлiкке сенiм
...