Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мәліметтер базасын басқару жүйесі

Автор:   •  Июль 16, 2021  •  Реферат  •  463 Слов (2 Страниц)  •  564 Просмотры

Страница 1 из 2

ДӘРІС №4

Тақырып: Мәліметтер базасын басқару жүйесі

Негізгі сұрақтары: МББЖ-і – мәліметтер базасын құру және өңдеу құралы. Мәліметтер банкін қолданушылар. Мәліметтер база әкімшілігі және оның қызметтері. Мәліметтер банкінде сұраныстарды өңдеу.

Мәліметтерді құру мен бақылау мәліметтер сөздігінің көмегімен орындалады. Мәліметтердің сөздік/каталогы мәліметтердің құрылымы, мәліметтердің типтері, оларды ұсыну форматтары, мәліметтердің өзара байланысу сұлбалары, пайдаланушылар, мәліметтерді қорғау мен оларға қол жеткізу кодтары туралы ақпаратты орталықтандырылған түрде сақтауға арналған. Көбінесе сөздіктің қызметін МҚБЖ-лар орындайды және олар жүйелік мәзірден шақыртылады немесе утилиттері арқылы орындалады. Мысалы, Orion атты оқу мәліметтер қорының келесі түрдегі сөздігі болуы мүмкін:

[pic 1]

Реляциялық МҚБЖ-ларда мәліметтер сөздігі реляциялық кестелер жинағы түрінде

Мәліметтер қорымен жұмыс істейтін ақпараттық жүйелердегі жалпыға арналған программалық қамтамасыз ету мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) деп аталады. Мәліметтер қорын басқару жүйелері – бұл мәліметтер қорын құруға, енгізуге және өңдеуден өткізуге арналған тілдік және программалық құралдардың кешені.

Әлемде МҚБЖ-ның 1000-нан астам түрі бар. Мәліметтер қорын басқарудың әр алуан жүйелері мәліметтердің әр түрлі модельдерін пайдаланады. Мәліметтер қорының әр түрлі модельдеріне негізделген МҚБЖ-лардың  мысалдарына төмендегілер жатады:

Иерархиялық модель – IMS PC/Focus, Team-UP, Data Edge;

Желілік модель- IDMS, db-Vista III;

Реляциялық модель - Dbase, DB2(IBM), FoxBase және FoxPro (Fox Software), Paradox, Dbase for Windows жәнеInterBase (Borland), Visual FoxPro және Access (Microsoft), Clarion (Clarion Software), Ingress (ASK Computer Systems), Oracle (Oracle), Informix;

Постреляциялық модель - Bubba, DasDb;

Көпөлшемді модель - EssBase (Ardor Software), Media Multi-matrix (Speedware), Oracle Express Server (Oracle), Cache (InterSystems);

Объектілі бағытталған модель – POET( POET Sofyware),Jasmine (Computer Associates), Versant (Versant Technologies), 02 (Ardent software), Iris, Orion, Postgress,ODB-Jupiter.

Мәліметтер қорының сервері ретінде келесі МҚБЖ-лар болуы мүмкін: NetWare SQL (Novell), MS SQL Server (Microsoft), InterBase (Borland), SQLBase Serve (Gupta), Intelligent DataBase (Ingress), Oracle, Informix көптеген пайдаланушыларға арналған МҚБЖ болып табылады, ол текті емес ортада жұмыс істейді (әртүрлі ЭЕМ мен ЖЖ).

МҚБЖ-ның негізгі қызметіне келесілер жатады:

...

Скачать:   txt (6.9 Kb)   pdf (117.9 Kb)   docx (11.4 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club