Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Неліктен өркениеттің тартысы шарасыз?

Автор:   •  Апрель 29, 2018  •  Реферат  •  1,431 Слов (6 Страниц)  •  2,890 Просмотры

Страница 1 из 6

Жоспары:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім:

                1. Өркениет

                2. Өркениеттің табиғаты

                3. Неліктен өркениеттің тартысы шарасыз?

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер


Өркениет — мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі.

        Адамға ең қиыны — адам болу. Ал оның негізгі шарттарының бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік, бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауын аламыз. Соның нәтижесінде жеке тұлғада өзіндік сана тұрақталады, ол озық мәдениет үлгілерін өз бойына сіңіреді. Жалпы алғанда, мәдениеттің алға басуы дегеніміз дүниежүзілік тарихтың адам үшін, оның мүдделері мен өзіндік мақсаттары бағытында толыққанды ашылуы болып табылады…
Ой толғауды осы оймен бастағанды жөн көрдім,өйткені «өркениет» сөзінің мән –мағынасы терең,және ол адами құндылықтардан басталары сөзсіз.Біз талдағалы отырған “Өркениеттер қақтығысы” атты кітап американ саясаттанушысы Сэмюэль Хантингтонның өркениеттік күйреу туралы тұжырымдамасы десек те болады. Алғаш рет бұл тұжырымдама 1993 ж. Хантингтонның “Өркениеттер қақтығысы” мақаласында келтірілді, қысқа мерзім ішінде бірнеше тілге аударылып, қызу пікір-талас тудырды. Кейінірек С.Хантингтон мақаласының негізгі идеялары оның “Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің шегі” (1996) атты кітабында одан әрі өрбітілді.«Өркениеттер қақтығысы» ұғымын С. Хантингтонға дейін ағылшын тарихшысы А. Тойнби өзінің «Цивилизация перед судом истории» («Тарих соты алдындағы өркениет») деген еңбегінде қолданған. А. Тойнбидің еңбегінде «Өркениеттер қақтығысына арналған арнайы тарауы бар.
«Өркениеттер қақтығысының» авторы С.Хантингтон өз еңбегінде дамыған әлемдегі мәдени-діни құндылықтарды басты назарға алды. Самуэль Хантингтон өркениеттер қақтығысының болуының қатерін жете түсініп, оқиғалардың шиеленісе түсетіндігі туралы үреймен айтқан болатын. Сол себепті де, ол Батыс елдерінің өз құндылықтарын өзге елдерге тықпаштау саясатына қарсылық білдіреді.
Әлемдік жаһандану кезіндегі негізгі ерекшеліктің бірі-мемлекеттер арасындағы сенімнің жоқтығы. Бүгінгі таңда қару-жарақ шығарушы елдер арасында бәсекелестік жүріп жатыр. Кім канша қару сатып, кім жаңа әскери техниканы өндіріске енгізіп, келісімшарттарға ие болады? Бұл жағынан қай ел озық? Әрине, күннен күнге қарудың сан мыңдаған түрлері пайда болып, озық технологиялармен жабдықталған құрылғылар Латын Америкасында және т.с.с. пайда болып жатыр. Яғни, бұл экономика мен қаржының, ғылым мен технологияның жаһандануымен қатар әскери қауіп-қатердің дамып жатқандығын байқататын үрдіс.
«Қырғи қабақ соғысының» аяқталуы мен капитализм мен социализмнің бір-біріне қарама-қарсылығының арқасында ғылыми зерттеулердің біразына оң жағдайлары болды. Себебі, әскери-техникалық ғылыми-зерттеу жұмыстарына кететін шығындардың саны азайды. ХХ ғасырдың 90 жылдары қолданыстағы әскери комплекстің жаңа моделдері қолданысқа енді.
М. Тэтчердің бір еңбегінде мынадай сөздер бар: «Америка – жай ғана ұлт емес, мемлекет те емес Ұлы держава; негізгі идея осында. Америка өзінің қуаттылығымен, байлығымен және дүниетанымымен ерекшеленеді. Ол дүниетанымның түпкі тамыры бар. Ол-ағылшындар».
Жаһандық трансформациялануды түсіндіру үшін американдық саясаттанушылар Ф. Фукуяма («Конец истории») және С. Хантингтонның («Столкновение цивилизаций?») мақалалары орасан зор болды.
Ф. Фукуяма өз пікірін жеңіс либералдық-демократиялық идеянікі болды деп түйіндесе, С. Хантингтон, өркениеттер ара-қатынасына баса назар аударды.
М. Тэтчер Ф. Фукуяма мен С. Хантингтонның жұмыстарына анализ жасай отырып, мынадай қорытындыға келеді: « «қырғи қабақ соғысынан» кейінгі оқиғалар көбірек Самьюэл Хантингтонның “Столк¬новения цивилизаций”-да айтқан тезистерімен сәйкес келеді».

...

Скачать:   txt (19.1 Kb)   pdf (131 Kb)   docx (25.1 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club