Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Аналарымызды калай yлыктап жyрмiз

Автор:   •  Декабрь 4, 2023  •  Доклад  •  978 Слов (4 Страниц)  •  87 Просмотры

Страница 1 из 4

        АНАЛАРЫМЫЗДЫ ҚАЛАЙ ҰЛЫҚТАП ЖҮРМІЗ?

Жазира Ағабекова

Филология ғылымдарының кандидаты

        Халықаралық тәжірибеде тарихи тұлғаның немесе қоғам қайраткерінің атқарған істерін болашақ ұрпаққа үлгі ету мақсатында оның есімін географиялық нысандарға беру үрдісі қалыптасқан. Батырлар мен халық қаһармандары, біртуар өнер өкілдері, әлемді түрлі апаттардан құтқаруға атсалысқан ғалымдар мен адамзаттың дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың есімдерін дәріптеу, ұлықтау дұрыс қоғам қалыптастыруға игі әсерін тигізеді. Қай заманда да қазақ әйелдері батырлығы мен қайраткерлігі, еңбексүйгіштігі, ізденімпаздығы мен білімділігінің арқасында ер азаматтармен бірге алдыңғы шепте қызмет еткен. Бірақ олардың атқарған еңбектерін ұлықтауда, дәріптеуде шет қалып жататыны шындық. Оның көрінісі географиялық нысандар атауларындағы әйел есімдерінің аздығы мен атақты әйелдерге орнатылған ескерткіштердің немесе ескерткіш тақталардың өз деңгейінде жасалмай жатқанынан байқалады. Бас қала-Астананың топонимдік кеңістігінде әйелдер есімдеріне берілген біршама көшелер мен мектептер бар. Қазақ халқының тарихында үлкен орын бар әйелдердің есімдерінің бір бағыттағы көшелерге болса да беріліп отыруы қуанышты жағдай. Атырау қаласындағы Халықаралық әуежайының Хиуаз Доспанова, Орал Халықаралық әуежайына Мәншүк Маметова, Ақтөбе Халықаралық әуежайына  Әлия Молдағұлованың есімдерінің берілуі  де өте құптарлық іс болды. Дегенмен екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ жерінен аттанған қаншама жас қыздар атанады. 1944 жылы "Советская Караганда" газетінде тек Қазақстандық қыздардан құралған танкілік экипаж туралы мақала жарияланған. Кулькен Токбергенова, Кульжамиля Талканбаева, Жамиля Бейсенбаева құрамында болған экипаждағы Жамал Байтасова «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Қазақстаннан Екінші дүниежүзілік соғысқа аттанғандардың ішінде 5000 нан аса әйелдер болды деген деректер бар. «Қызыл Жұлдыз» ордені мен «Ерлігі үшін» медалінің иегері Р.Момынова, партизан Н.Байсейітова, авиациялық полктың радиобайланысшылары Ғ.Рахметова, З.Наушева сияқты десантшы, барлаушы, әскери көлік жүргізуші, байланысшы қыздар соғыстың қақ ортасында жүріп ерлермен бірдей жеңіс жолында соғысты.  Тарихтан Орал қаласының әскери комиссариаты қыздардан ұйымдастырылған Подольскідегі Орталық мерген қыздар мектебіне Қазақстаннан 24 қыздың  аттанғаны белгілі.  Олардың арасында ерлігімен көзге түсіп«Қызыл Жұлдыз» ордені, ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордені, «Ерен ерлігі үшін», «Ерлігі үшін». «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін» медальдарының иегерлері бар. Тарихи архивтер толық ашылса қазақстандық қыздардың соғыстағы ерліктері туралы мыңдаған деректер жарыққа шығатыны анық. Осындай батырларымызды дәріптеу мақсатында ескерткіштер орнатылып, көшелерге, мектептерге, жастар жиі жиналатын мәдени орындарға  олардың есімдерін беру керек.

        Қазақ әйелдері қоғамда қандай жағдай болмасын, адал еңбек етіп белсенді қызмет атқарып отырған.Қазақстанның ономастикалық кеңістігін толықтыратын есімдердің арасында ғалым әйелдер көптеп саналады. Сұрапыл соғыс уақытында қазақ қыздарына білім беру мақсатында ашылған тұңғыш Қыздар институты болды. Осы институтта нағыз қиын қыстау кезінде ұйымдастырушылық жұмыстарды атқарып, 14 жыл басқарған Тұрсын Мырзабекованың есімі елеусіз қалып отыр. Қазіргі Қыздар педагогикалық Университетінің корпустарын тұрғызу, Қазақстанның әр өңірлерінен келген және ата-анасынан, әкесінен айрылған балалар үйі қыздарының әлеуметтік жағдайларында қиындықтарды болдырмау мақсатында жатақханалар соққызып, қыздарды тегін тамақпен қамтамасыз ету бастамаларын көтерген және сол жұмыстардың іске асуына орасан еңбек сіңірген ғалым апамыздың еңбегі бүгінгі жастарға үлгі болуы тиіс. Өкінішке орай Тұрсын Мырзабекованың есімі ешқандай географиялық нысанға берілмеген. Ол кісінің есімін тарихта қалдырып, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне есімі берілсе  игі іс болар еді. Аталмыш оқу орнын бітіріп, қазақ әйелдерінің ғылыми потенциалын жоғары деңгейін көрсеткен ғалымдарымыздың құрметіне ескерткіш орнатылса да артықтық етпейді.  

...

Скачать:   txt (12.7 Kb)   pdf (73.4 Kb)   docx (10.7 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club