Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шумер. Аккад. Вавилон

Автор:   •  Октябрь 4, 2023  •  Лекция  •  1,060 Слов (5 Страниц)  •  201 Просмотры

Страница 1 из 5

Аккад

     Аккад – Месопотамияның орталық бөлігінде б.з.д XXIV-XXII ғғ. қазіргі Ирак жерінде өмір сүрген ежелгі мемлекет, шумер өркениетінің орталығы. Мемлекет астанасы Аккад қаласы. Қаланың нақты орналасқан жері белгісіз. Болжам бойынша Аккад Евфрат өзенінің бойында, ежелгі Сиппар немесе қазіргі Бағдадтың маңында болған.

     Аккад мемлекетінің негізі б.з.д 2300 жылы қаланды. Алғашқы патшасы Ежелгі Саргон. Ол сарай төңкерісінің нәтижеінде билік басына келді. Шумердің әр аймақтарының 50 билеушісінің колаициясын талқандағаннан соң Саргон өзіне «Киш лугалі» және «Аккад лугалі» титулдарын иемденді. Шумерді бағындырған соң Саргон Мари, Эблуға сәтті жорықтар жасап, Таврдың тау жоталарына дейін жетті. Патшалығының соңында Субартуды (Солт. Месопотамия) талқандап, Эламға жорық жасады. Орталықтандырылған мемлекет қалыптасқаннан кейін оңтүстік және орталық Месопотамияда бәріне ортақ ирригациалық жүйе қалыптасты, жолдар жүйесі мен сауда айлақтарының салынуы  аймақ ішінде сауда және көрші мемлекеттермен сауданың дамуына алып келді. Патшаның жеке-дара билігінің тірегі ақсүйектер, діни қызметкерлер болды.

     Аккадтықтар сөйлеген шығыс-семиттік тіл аккадтық тіл деген атау алды. Аталған тіл б.з.д 27 ғасырдан бері белгілі. Аккад мемлекетінің күш-қуаты артқан сайын Қосөзенде билік ететін қала тілінің маңызы өсті. Уақыт өте келе аккад тілі шумер тілімен теңестірілді. Аккад тілі шумер тілінің жазу үлгісін алды.

Шумер

     Египеттің оңтүстік-шығысында орналасқан Тигр мен Евфрат өзендерірнің арасын Қосөзен деп атады. Бұл тарихи-географиялық аймақтың тағы бір атауы Месопотамия. Қосөзендегі өркениет өте ерте де, тіпті Египеттегі өркениеттен бұрын пайда болған. Оған себеп – адамдардың өмір сүруіне, егіншілік пен мал шаруашылығымен айналысуға ыңғайлы жағдайдың болуы.

     Оңтүстік Қосөзен жері өте құнарлы болды. Египеттегі Ніл өзені секілді, Месопотамия өзендері толып, шаруалардың егістік алқаптарын құнарландырды. Адамдардың үйлері мен мал қоралар өзен тасығанда қатты қираған. Егістіктегі егінді шайып кетпес үшін өзен бойына жағалау салды. Егіс алаңы пен бақтарды суару үшін арнайы каналдар қазған. Бірте - бірте каналдар таяздап қалатын болған. Ал, адамдарға осы каналдарды қайта қалпына келтіруге өте көп уақыт пен еңбекті қажет еткен. Қосөзенде каналдар жүйесі қоғамдық өмірде маңызды роль атқарды. Каналдар жүйесінің меншігі мемлекетті биледі.

     Тигр мен Евфраттың жағалауындағы жер бедері екіге бөлінді: солтүстік жағы таулы-тасты аймақ болса, оңтүстігі жазық жер болды. Сонымен қатар Месопотамияның оңтүстігінде ормандар мен құрылысқа қажетті тастар болмады. Сондықтан оңтүстік Қосөзендіктер қажетті құрылыс материалдары үшін солтүстіктегі алыс тауларға сапар шегетін болған.

     Оңтүстік Қосөзенде Шумер мемлекеті. ал, солтүстік Қосөзенде Аккад мемлекеті өмір сүрді. Бұл атаулар жергілікті шумер халқы мен аккад тайпаларының атауына байланысты қойылған. Месопотамияда Египетке қарағанда қала-мемлекеттер саны әлдеқайда көп болған. Олардың ең ірілері Мари, Ашшур қала-мемлекеттері солтүстік Қосөзенде, Ур және Ірік, Лагаш, Киш секілді қала-мемлекеттер оңтүстік Қосөзенде орналасқан. Ур қала-мемлекеттінде шамамен халық саны 4 мың адам, ал ауданы 20 га жерді құраған.

     Шумерлік қалалар күнге күйдірілген үлкен саз кірпіштен тұрғызылған. Құдайлардың мүсіндері тастан қашалып жасалынған.

     Әр қаланың ортасында пирамидаларға ұқсас биік баспалдақты мұнаралар салынатын болған. Баспалдақтар ақ, қызық немесе қара  түстердің біреуіне боялған. Бұл қаланың басты құдайының ғибадатханасының бейнесі осындай болған.

     Әр қаланың тұрғындары өз құдайларына табынған. Бірақ шумерліктердің бәріне ортақ құдайларда болды. Олар көк құдайы Ан, ауа құдайы Энлиль, күн құдайы Уту, жер мен судың мырзасы Анки отбасы қамқоршысы Инанна, көк сақалды бұқа Нанна және т.б.

...

Скачать:   txt (13.7 Kb)   pdf (75.7 Kb)   docx (11.1 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club