Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Оман империясы

Автор:   •  Ноябрь 19, 2018  •  Реферат  •  759 Слов (4 Страниц)  •  729 Просмотры

Страница 1 из 4

XI ғасыр ислам тарихында жаңа кезеңге жол ашты. 1058-жылы Аббасидтердің тағын түріктердің ішіндегі сельджуктар басып алды. Бірақ 1258-жылы монғол шапқыншылығынан сельджук мемлекеті құлайды.[pic 1]

 XIV ғ.- XIX ғасырға дейін ислам қуатты Осман империясымен бірге ассоцацияланады. Осман империясы Кіші Азияда 1301-жылы негізделді. XIV ғ. басында Кіші Азиның батыс бөлігінде Осман бидің шағын түрік мемлекеті пайда болды. Византияға сәтті жорықтардан кейін Кіші Азияның көп бөлігі осман түріктеріне өтті. Ал XIV ғ. екінші жартысында олар Балқанның едәуір бөлігін, батыста Иракка дейін басып алады. Темірдің әскермен соғыс олардың даулап алуын кідіртті. Бірақ құрамына Орта Азия, Иран, Таяу Шығыстың едәуір бөлігі кірген Темір империясы құлаған соң түріктер өз экспансиясын жалғастырды. Олар Византияны жойып, Кіші Азия мен Балқанды біржола жаулап алды, ал XIV ғ. басында Армения және Солтүстік Иранның көп бөлігін бағындырды. Бұдан кейін Египет пен Сирияны жаулап соңғы халифті өз тағын түрік сұлтанына беруге мәжбүрледі.

      Түрік құқығының негізі исламдық болды. Басқа елдермен сауда жасауда да шариғат қолданылды. Бұған XVI ғ. географиялық жаңалықтар септігін тигізді. XVI ғ. Түркия кейбір Еуропа елдерімен консулдық қатынастар болды. Еуропа мен Александрия мемлекетінің консулдары Түркияда біраз артықшылықтарға ие болды. 1713, 1739, 1774-ж.ж. Түркия Ресеймен шарттарға отырды. Кулук-Кайнорталық бітім түрік сұлтандарының Оттаман империясынан тыс мұсылмандар үстінен басымдылықты көрсеткен ең бірінші халықаралық құжат болды. 1856-ж. Париждік шартқа сәйкес Түркия еуропалық көпшілік құқық субъектісі болып танылды.

XIV ғ. басында түрік халқының жинақталуы жүрді. XVI ғ. бірінші жартысында Осман империясы өзінің күшеюінің жоғарғы шегіне жетті. Бұл кезде Мысыр жауланды. Каирда түрік патшасы Селим I Меккедегі Кағбаның кілтін алды. Биліктің атрибуттары алынды: Пайғамбар шапаны мен ту. Осы кезден бастап Туркия мұсылман елдерінің саяси орталығы болды.

XVI ғ. Түрік сұлтандары бытыраңқы ислам елдерін біріктіруге әрекеттенді. Утманлистің әулеті 1924-ж. дейін өмір сүрді. Одан кейін билікке кемамиттер үкіметі келді .

Осман империясының ең елеулі заңшығарушылары М. Фатих (1451-1481-ж.ж.), Селим (1512-1520-ж.ж.), Сүлеймен заңшығарушысы (1520-1566-ж.ж.) болды. М. Фатих барлық заңдарды екі жинаққа жүйеледі. Олар канун-наме деп аталады. Оның екіншісі қылмыстық жазаларға едәуір орын береді. Сүлеймен- заңшығарушы кезінде фетвалардың ресми емес жинағы мұсылман құқығының әртүрлі саласы бойынша қарастырылды және сұлтандар жарлығының жинағы баспаға берілді.

Бұл тәжірбие XVI- XVIІ ғ.ғ. өзге осман билеушілерімен жалғастырылды. Кейінірек шариғатқа қайшы келуіне байланысты канун-наме шығару қысқартылды .

XIX ғ. екінші жартысында батысеуропалық заңнама рецециясы орын алды. Мұсылман құқығы капиталистік үлгіге жетекші роль берді. Бірақ жеке мәртебені реттеуде шариғат монополиясы сақталды. Бұл үрдіс 1839-ж. Сұлтан манифестінен басталды. Ол құқықтың және сот реформасын жүргізуді көздеді. Манифест дінге қарамастан заң алдында барлығының теңдігін жариялады. Алдын ала тергеусіз соттаудан бас тартылды. Бұл жергілікті және еуропалық сауда капиталы мүддесі үшін жасалды. Қылмыстық істер қадидің қарауынан арнайы соттарға берілді

...

Скачать:   txt (10.7 Kb)   pdf (134.9 Kb)   docx (48 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club