Н.Ә.Назарбаев – бірінші Президент – Ұлт лидері
Автор: 220603 • Сентябрь 29, 2021 • Практическая работа • 3,089 Слов (13 Страниц) • 354 Просмотры
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
ҒҰМАРЕК ДАУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
№ 3 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Тақырып: Н.Ә.Назарбаев – бірінші Президент – Ұлт лидері
Мамандығы: 5B071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация
Орындаған: Асымов Дінмұхамед Эрикұлы Тобы: РЭТк-20-8
Тексерген: Сарсекеев Масат Мукашевич
______ ___________ «____» __________ 2020 ж.
Алматы 2020
Жоспар
Кіріспе ……………………………………………………………………………3
Өмірбаяны ………………………………………………………………………. 5
Еңбегі ерен Елбасы ……………………………………………………………..10
Қорытынды …………………………………………………………………….. 11
Пайдаланылған әдебиеттер …………………………………………………….13
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Ел басқару – аса күрделі шаруа. Өзіне болашағын сеніп тапсырған халқын шашау шығармай, ынтымақпен басқаруды аса күрделі өнер деп қарастыратын болсақ, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – ел басқару өнерінің майталманы болып табылады. Елбасының ел басқарудан өзге сан түрлі өнегелі қырлары бар екендігі белгілі.
Бүгінгі өміріміздің барлық жетістіктері, ұлтымыздың жаңа замандағы қайта өрлеп, өркендеуі, рухани, экономикалық еркіндігіміз, дүниежүзілік қоғамдастықпен, әлемнің дамыған ел, мемлекеттеріміздің барлығының да бастауы – біздің мемлекеттік Тәуелсіздігімізде.
Мемлекеттік тәуелсіздігімізді жария еткен алғашқы сәттен бастап, бүгінгі күнге дейінгі барлық жетістіктеріміз бен көрген жақсылығымыз, дербес мемлекетіміздің қуаттануы мен абаттануы ең алдымен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен, еңбегімен, басшылығымен тікелей байланысты. Президенттің қазақ халқы алдындағы атқарған қызметі зор, еңбегі ерен.
Заман бір орнында тұрмайды, сынаптай сырғып буын артынан буын алмасады. Кезінде күллі дүниенің жартысын ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған Кеңес заманы келмеске кеткеннен кейін оның орынында жаңадан пайда болған мемлекеттердің басына талай саясаткер келді, талайы кетті. Көпшілігінің есімін жұрт жадынан шығарып та үлгерді. Дегенмен, елін тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бері басқарып келе жатқан, атағы алысқа жайылып, беделі бүкіл жер шарын шарлаған, тұлғасы жеке дара шың тәрізді тұлғалар да бар. Ол – тәуелсіз қазақ елінің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Бұл жерде айтпағымыз, Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ мемлекетін неше жыл басқарып келе жатқаны емес, оны қалай басқарып келе жатқандығы. Қандай жағдайда, қандай ахуалдағы елдің тізгінін қолына алып, оны қандай деңгейге жеткізгендігі.
XX ғасырдың соңында тарих тегершігі тағы да оңынан айналып, мемлекет құру мүмкіндігі туды. Бұл жолы ұлыстың ұлы ісінің басында болу бақыты Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еншісіне тиді. Президент XXI ғасырға Қазақстан Республикасын әлем таныған тәуелсіз мемлекет тұғырына қондырған тарихи тұлға атанып аттады.
Жаңа тәуелсіз мемлекет – дербес ел, дербес экономика мен дербес саясат қана емес. Төл бастаулардан нәр алған, мәдени һәм аралас-құраластыққа құшағы ашық, дербес рухани болмыс та.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаяны тәуелсіз ел тарихымен сабақтас. Елбасы жасампаз идеялардың бастамашысы, қоғам мен мемлекет үшін маңызды әрі күрделі үдерістердің модераторы болып табылады. Сондықтан Қазақстанның Тұңғыш Президентінің көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал еткен факторларды ғылыми зерттеу, өмірбаяндық дереккөздерді зерделеу әрі қарай зерттеу жұмыстарын жалғастыруды талап етеді.
...