Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лекция по "Археологии"

Автор:   •  Апрель 15, 2023  •  Лекция  •  2,365 Слов (10 Страниц)  •  266 Просмотры

Страница 1 из 10

Б.з.б. VIII-IV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпалары туралы археологиялык материалдармен қатар жазба деректер де кездеседі. Бұл тайпалар ежелгі иран және грек жазбаларында, Авеста діни кітабында және тағы баскаларында сақтар, азиялық скифтер немесе «жүйрік атты турлар» және т.б. деп аталды.

Зерттеуші ғалымдардың пікірінше сак тайпалары үш топқа бөлінеді. Олар: 1. Теңіздің арғы жағындағы сактар (тарадариандар), 2. Шошақ бөрікті сақтар (тиграхаудалар), 3. Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаомоваргалар). Сырдария бойы мен Арал теңізі маңын мекендеген сақ тайпалары тарихи деректерде массагеттер деп аталады. Сонымен бірге жазба дерек- терде соңтүстік достар (дайлар), батыста савраматтар, орталыкта иссе- дондар, солтүстік-шығыста аримаспылар мекендегені туралы айтылады.

Казакстан аумағындағы мал шаруашылығымен айналысқан тайпалар туралы зороастриялық жинақ Авестада айтылады. Бұнда Ирандағы оты- рыкшы мал өсірушілер және егіншілермен бірге казіргі Орта Азия мен Казакстан аумағын мекендеген көшпелі тайпалар туралы мәліметтер кездеседі. Аталған жинақта көшпелі тайпалар турлар» деген жинақталған атпен аталады.

Парсы патшасы Дарийдің Бехистун жазбасында былай деп айтылады: «мен сақтардың әскерлерімен бірге теңіздің арғы жағындағы сактар еліне бардым, бұл ел шошақ бөрік киеді. Содан кейін теңізге жакын кеме көпірін қайтадан өз орнына койдырдым. Осы көпірмен мен елге өттім, сөйтіп мен сақтарды ойсырата талқандадым, олардың біразын тұтқынга алдым, енді біразын байлап-матап маған алып келді, ал олардың біріншісін, Схунха деп атайтын басшысын қолға түсіріп, маған алып келді. Сол жерде мен өз әміріммен екінші біреуін олардың басшысы етіп тағайындадым. Бұдан кейін бұл ел маған карады».

«Тарих атасы» атанған Геродот сақтар туралы былай деп жазады: «Бұл – халық өзінің көптігімен және жауынгерлігімен көзге түседі. Массагеттер киім киісі мен тұрмыс-салты жөнінен скифтерге ұқсайды. Садақ тартып, найзамен айқасады. Олардың барлык заттары алтын мен мыстан жасалған. Темір мен мысты мүлдем колданбайды. Олар егін екпейді. Үй жануарлары мен Аракс өзенінен балық аулайды, ет жейді, сүт ішеді. Құдайлар мен күнге ғана табынып, құрбандыққа жылқы шалады». Сактар мен скифтер туралы мәліметтер Страбонның, Үлкен Гай Плинийдін, Птоломейдің, Эфордың және т.б. грек-латын авторларының енбектерінде кездеседі.

Ерте темір дәуірінде археологиялық ескерткіштермен қатар ежелгі қазақ жерін мекендеуші тайпалар туралы жазба деректер де пайда болды. Олардың ен маныздыларының бірі парсылардың жазба дерегі зороастризм дінінің негізін қалаушы Заратуштраның уағыздары баяндалған «Авеста» кітабы болып табылады. Діндердің ішіндегі ең ежелгісі болып саналатын, бір кұдайға деген сенімнің бастауында тұрған Зороастризм болатын.

«Авестада» бактрий, соғды, хорезмдіктерден солтүстікке қарай дала кеңістігін, яғни Қазақстанды мекендеген көшпелі тайпалар «жүйрік атты тур- лар» деп аталган. «Авестада» турлар мен арийлер Әмудария мен Сырдария жағалауларында, Каспий мен Аралда, Еділ мен Кама маңында ежелден бері келе жаткан бір құдайларын құрметтейтін және олардан жеңіс туралы бір тілде жалбарынып сұрайтын» халықтар мекендеген деп көрсетіледі. Турлар - жүйрік аттар мен қаптаған табынның, кең байтақ жайылымдар мен мыкты арбалардың иелері. Бұл халықтың билеушілері арбалы жауынгерлер мен патшалар, дүние- мүлкі - бұқалар, аттар және түйелер, жері жайылым, тамағы ет пен сүт бола- тын бакташы халық. Олардың құдайға шалатын құрбандығы «жүз айғыр мен мын сиыр және сансыз қойлар» болған. Ежелгі мал өсіруші тур тайпасынан «турлар елі» деген ұғымды білдіретін «Тұран» сөзі пайда болған. Б.з.д. II мыңжылдықтың екінші жартысы мен I мыңжылдықтың басында ежелгі Қазақ жерін алғашқы қоныстанушылары турлар мен арийлер болғаны туралы «Авеста» жазба деректерінен белгілі. Сол дәуірден бастап бұл аймақтарда

...

Скачать:   txt (33.4 Kb)   pdf (84.6 Kb)   docx (16.7 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club