Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лекции по "Археологии"

Автор:   •  Ноябрь 5, 2024  •  Курс лекций  •  16,453 Слов (66 Страниц)  •  10 Просмотры

Страница 1 из 66

«АРХЕОЛОГИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ ҚЫСҚАША КОНСПЕКТІСІ

1 тақырып. Кіріспе. Археологияның мақсат, мiндеттерi және оның тарих ғылымында алатын орны. -1 сағат.

Пәннің мақсаты – болашақ тарихшыларды археология пәнiнiң тарих ғылымында алатын орнымен, оның мiндеттерi, тәсiлдерi және даму тарихымен таныстыру. Сонымен қатар осы жалпы курстың мақсатына дүние жүзiндегi аса маңызды, ғылыми тұрғыдан ерекше құнды ескерткiштердiң ашылу, зерттелу тарихы кiредi. Бағдарламада көне дәуiрдегi, орта ғасырдағы тарихымызға тiкелей немесе жанама қатысы бар Еуразия аймағына, оның iшiнде елiмiзге көршiлес жатқан өңiрлер Кiндiк Азия, Орта және Оңтүстiк – батыс Азия, Кавказ, Сiбiр, Орал атырабына көбiрек көңiл бөлiндi. Елiмiздiң көне, байырғы тарихының деректерiн бiз негiзiнен археологиялық ескерткiштердi зерттеу арқылы аламыз. Сондықтан да “Археология” деп аталатын жалпы пән материалының қомақты бөлiгi Қазақстан археологиясына арналады. Пән тарихшыларды археологиялық ескерткiштердi танып-бiлумен қатар оларды зерттеу әдiс-тәсiлдерiмен де таныстырады. Бiрiншi курс студенттерiнiң бiлiмiн Алғашқы қоғам тарихы, Этнология пәндерiмен байланыста жұргiзiледi. Бағдарламаның материалдары кезеңдiк-дәуiрлiк және аймақтық принципте құрылды.

Археологияның мақсат, мiндеттерi және оның тарих ғылымында алатын орны. Негiзгi деректерi. Археологиялық ескерткiштердiң түрлерi. Тұрақтар, қорғандар, қалалар, обалар, т.б. Археологиялық зерттеулердiң әдiстерi. Археологиялық ескерткiштер және оны топтау. Археологиялық мәдениет. Археологиялық, этнографиялық, лингвистикалық, антропологиялық т.б. деректердi пайдалану. Археология және жаратылыстану ғылымдары. Археологиялық ескерткiштердi ұшу құралдары арқылы аспаннан барлау жасау. Археологияда пайдаланылатын нақты (дәл) ғылымдар әдiс-тқсiлдерi: дендрохонология, радиокарбондық анализ, спектрография т.б.

Археологиялық қазбалар жұргiзу, ескерткiштердi қорғау және пайдалану.

ХIХ ғасыр, ХХ ғасырдың отасындағы ұлы археологиялық қазбалар. Көне өркениет ескерткiштерi: Шумер, Египет, Хетт және көне үндi археологиясы (Мохенджодаро, Хараппа, т.б.). Ацтек, майя және инк өркениетi, археологиясы. И.И. Винкельман, Г. Шлиман және А. Эванс. Говард Картер және Тутанхамон ескерткiшi. Генри Лейярд және Джордж Смит т.б. Э. Томпсон жқне майя өркениетi. Тур Хейердал жқне Пасха аралы. Археология ғылымының бүгiнi мен ертеңi. Археология ғылымының көмекшi ғылымнан дұниежүзiлiк ғылымға айналуы. ЮНЕСКО және дұниежүзiлiк археологиялық ескерткiштердi сақтау.

2 тақырып. ҚАЗАҚСТАНДА АРХЕОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ

– 1 сағат.

Петр I Сiбiр мен Қазақстанға жiберген экспедициялары: Г.Ф. Миллер, П.С. Паллас, П.Ч. Рычков, И.П. Фальк, М. Ушаков. Археология ғылымының дамуына алғашқы үлес қосқан тарихшы және шығыстанушы ғалымдар: М.Е.Массон, А.Х.Марғұлан, С.П. Толстов, А.Н.Бернштам, М.П.Грязнов және т.б. 1960- шы жылдардағы iрi экспедициялардың құрылуы. Бұл кезеңнiң зерттеушiлерi: Ә.М. Оразбаев, К.А. Ақышев, А.Г. Максимова, Е.И. Агеева, Т.Н. Сенигова, М.Қ. Қадырбаев, Х.А. Алпысбаев, К. М. Байпақов т.б.

Қазiргi таңда тас ғасырының зерттелуi. Қазақстанда тас ғасырының зерттелуi барысында әлемдiк тарихта көне дәуiрден қазақ жерiнiң алатын орны. Көне көшпелiлер және ортағасырлық қала мәдениетiнде зерттеулердiң жалғасын табуы. Соңғы кездегi комплекстi археологиялық экспедициялар. Археологиялық қазбалар және қазақ тарихының жаңа беттерi.

3 тақырып. Палеолит- 1 сағат.

Жер тарихы шамамен 5млд жылды қамтыса, адамзат тарихы соның шағын бір бөлігі ғана. Жер тарихын ғалымдар 4 геологиялық эраға (...) бөледі: 1)архей 2)палеозой 3)мезозой 4)кайнозой бөледі. Әрбір эра периодқа (кезең), ол эпоха(дәуір) және ғасырларға бөлінеді.Біз дәл қазір кайнозой эрасында өмір сүріп жатырмыз, оладамзат пайда болғанға дейін көп

...

Доступно только на Essays.club