Византий каласы
Автор: Amirhan552 • Февраль 15, 2022 • Реферат • 616 Слов (3 Страниц) • 208 Просмотры
ВИЗАНТИЙ ҚАЛАСЫ
Византий қаласы әлемнің екі бөлігінде орналасқандықтан, оның тарихы өте бай. Осы қала Парсы империясының да, Рим империясының да, Латын империясының да, Осман имериясының да құрамында болған. Осы атталып кеткен империялардың көбінде осы қала олардың астанасы болған. Осы қаланың тарихы соншалықты бай болғандықтан, ол өз атын бірнеше рет ауыстырды. Бастапқы да Византий, Рим империясының құрамында Константинополь, ал ХХ ғасырда осы қалаға Мұстафа Кемаль Ататүрік Стамбұл деген ат берді. Қазір осы қала Түркия Республикасының Анкара астанасынан кейін ең маңызды қаласы боп табылады. Бірақ осы қала өз тарихын Босфор теңізіндегі гректердің бір колониясы ретінде бастаған. Осы мақалада Византийдің парсылардың жаулаушылық соғыстарына дейінгі тарихы баяндалады.
Византий қаласына орын таңдауымен байланысты көптеген аңыздар қалған. Солардың бірі осы қаланың орнын батыл аңшы мен жауынгер Визант, мұхит құдайы Посейдон мен Кероесса нимфаның ұлы, таңдады деп баяндалады. Дионисий Византиялық осы қала аргонавттардың жүзу жорықтарының қатысушы Византқа арнап аталған. Осы қаланың құрылу тарихын ежелгі грек таризшысы Геродот та, византиялық хронист Евсевий бірдей баяндайды деп айтуға да болады. Ежелгі Грекияның тұрғындары жаңа колонияны құру үшін көбінесе Дельфийлік оракулдың кеңесі немесе қолдауын алу үшін оған барды. Мегардың тұрғындары тағы да бір колонияны құру керек деп шешкен кезде, колонисттердің болашақ басшысы Визант оракулдан қаланы фракиялық мүйісінде салу керек деген кеңес алған еді. Визант пен оның серіктері осы жерге келген кезде Кидарис пен Барбарис деген екі өзеннің арасында өз дагерін қойған. Осы жердің өзендері балыққа, ал ормандары бұғылар мен доңыздарға бай болған. Колонисттер қаланы құру алдындағы керек құрбандық шалған кезде, қаршыға құрбан жаунарды алып ұшып кетті. Жақын орналасқан төбеде тұрған шабан Византқа қаршыға қайда ұшып кеткенін көрсеткен. Визант пен оның жолдастары осыны Көктен келген нұсқаулық ретінде түсініп, сол жерде жаңа қаланың негізін салған.
Солай Босфор мүйісінде өз ісін жақсы білетін балықшылар мен теңізшілердің, алғыр көпестердің, шебер қолөнершілердің қаласы Византий пайда болып тез дамыған. Византий қаласының пайда болуының жылын тарихи дәстүр б.з.б 660 жыл деп атайды. Осы дата жоғарыда айтылған Евсевийдің хроникаларында да кезедеседі.
...