Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Аралағы ашаршылық

Автор:   •  Апрель 22, 2024  •  Эссе  •  711 Слов (3 Страниц)  •  92 Просмотры

Страница 1 из 3

Менің туып өскен жерім Қызылорда облысы Арал ауданы. Арал десе барлық адамның көзіне Арал теңізі елестейтіні айдан анық. Бұл теңіз 1931-1933 жылдары болған аштық уақытында тұрғындарды аман сақтап қалған. Осы теңіз туралы айтқанда тек қана оның тартылғанын еске алатын адамдар үшін таңғажайып әңгіме болар.

  1944 жылы 28 сәуірде туылған атам Тәжімбетов Қарасайдан өз басынан өткізбегенімен естіген, білгені туралы айтып беруін сұрадым. Бұл тақырыпта атамның ең бірінші айтқан сөзі “біздің жерде аштық қатты болмаған ғой” болды. Иә, аштық болмады емес, болды. Малдар қырылды, аштықтан тамақ таппай өмірден өткендер де болды, алайда басқа аймақтармен салыстырғанда адам шығыны аз. “Өзен жағалағанның өзегі талмас”- деген мақал осы кезге арналғандай.

    Бұрындары көрші ауылда қаңырап тұрған үлкен құрылысты көретінмін, анамнан сұрағанда “менде толық нақты білмеймін, елдің ауызынан естігенім бойынша ашаршылық уақытында салынған. Егіншілікпен күн көретін аймақтар мақтанып, Аралдықтарды балық аулайсыңдар деп менсінбей, келемеждегендер аштық уақытында жерден өнім шықпай ассыз қалған. Сол уақытта біздің жерімізден 14 вагон балық тиеп ашаршылық белең алып жатқан жерлерге жіберген екен”-деген сөзі әлі есімде. Атаммен сөйлескен уақытта осы 14 вагон туралы нақтырақ сұрадым. Бұл вагондар 1 миллион бала қырылып жатқан Повольже қаласына жіберілген екен.

    Аштық заманында қыр  беттегі  ашаршылық  зардабын   қатты  тартып,  ауып  келген  ағайындарға  Сыр өңірі пана болды. Теңіз, өзен жағалауындағы  елді  мекендерге  басқа  ұлт өкілдері де жан сауғалап келгенде жергілікті  халық  оларға  жылыжай мен дәм-тұзын беріп, жатырқамай  қарсы  алып, өмірлеріне  араша  түскен.

   Сол уақыттарда ашаршылықпен қатар жұқпалы аурудың да демдеген кезі,яғни жығылғанға жұдырық болды. Аштықтан қиналып жатқан жұртты ауру жайлады. Бұл жайлы Ақирек ауылы, тұрғындар тілімен Ақбай ауылында тұратын Қыстау Қуатұлы ақсақал былай баяндаған: «Аш-жалаңаштарға  берілетін  көмекті  ұйымдастыру  үшін жер-жерде «продпомощь» деген  комиссиялар  жұмыс  істей  бастады.  Ауылдық  кеңесте  құрылған осындай комиссияға мен  де  мүше болғанмын. Оның  міндеті – осы  мақсатқа  азық-түлікті  сақтап, аш  адамдар  тізіміндегі  жас  балалар  мен  әйелдерге  күнделікті  таратып  беру. Ауылда ондай мұқтаждардың саны – 120 бала, 40 әйел, барлығы 160. Күніге  әйелге  400 гр. балаға  200 гр. нан  берілуге тиіс болды. Көмек  алатын  адамдардың  түрлері  қорқынышты, күн  сайын  ісініп  кеткен  ауру-сырқаулар  көбейе  түсуде. Оның  себебі берілетін түрі-үсіген  картоп, шіріген  капуста, ет мүлдем  берілмейді  екен. Айналада  ұры-қары да көп. Ауылдық  кеңес  төрағасы  «Осыдан  аштықтан  адам  өлсе,  бастарыңмен жауап  бересіңдер»  деп қорқытып қойған. Ал, аш  адамдардың  мына түрлері ұзамай өлім құшатынын білгеннен кейін амалсыз  батыл  әрекетке  баруға тура  келді. «Продпомощь» алатын жандардың денсаулығын тексеруге комиссия құрып, оған Бекбауыл станциясының  фельдшері Куликовты кіргіздік. Комиссия аштардың денсаулығы мен тамақ  жағдайын тексеріп, «Олардың  өмірлері  ұзаққа  бармайды, әрі  кетсе  5-6 күннен  кейін өле  бастайды»  деген қорытынды шығарып берді. Соның негізінде акт жасап  Ақтөбеге,  обкомға  жеделхат  жолдағанбыз. Соның  дүмпуі  болар, аудан  басшылығы  аяқ  астынан  дүрлігіп,  бір  күннің  ішінде  шұғыл  шаралар  қолдануға  мәжбүр  болды. Сол  күні-ақ  қамыс  зауытынан  2 ц. тары,1 ц  балық  босатылды, колхоздан 2 ц. жүгері, 1 ц. бидай, 2 бас қой  берілді. Осы  азық  түліктің  арқасында  ашыққан  бала-шағалардың  жағдайы  түзеліп  аман  алып  қалған  едік».

...

Скачать:   txt (7.8 Kb)   pdf (67 Kb)   docx (9.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club