Өнердің қызметтері
Автор: Gfjh • Октябрь 4, 2021 • Реферат • 557 Слов (3 Страниц) • 1,074 Просмотры
Өнердің қызметтері
Юрий Борев эстетика
Коммуникативтік қызметі (өнер – қарым-қатынас құралы).
Адамдарды біріктіретін – өнер. Ежелгі кезеңдерде тілі əр алуан тайпалар келісімге келгенде, өздерін топтастыра түсетін, би билейтін болған. Саясаткерлер XVIII ғасырдың соңында Италияны шағын графтықтар мен князьдіктерге бөлгенде: неаполитандықтарды, римдіктерді, ломбардиялықтарды өнер туыстырған да біріктірген жəне оларға өздерін біртұтас ұлт ретінде сезінуге көмектескен. Өзара тартыстардан бөлшектенген Ежелгі Русь үшін де біртұтас өнердің маңызы зор болды. Ал XVIII–XIX ғасырларда немістер поэзияның біріктіргіш құдіретін ерекше сезінді. Қазіргі таңда өнер халықтардың өзара түсіністігіне жол салып келеді. Ол – бейбіт қатар өмір кешудің жəне ынтымақтастықтың құралы.
Ақпараттық қызметі (өнер – хабарлама).
ақпаратты жеткізетін де – өнер. Сөзге қарағанда бидің, кескіндеме, сəулет өнерлерінің, мүсіннің, қолданбалы жəне декоративтік өнер түрлері тілімен берілетін ақпарат жеңіл меңгеріледі. Оны аударудың қажеті болмайды. Өнердің ақпараттық мүмкіндіктері ауқымды, өйткені оның тілі түсінікті, бейнелі əрі икемді. Көркем ақпарат қашанда біртума, эмоциялық қанық та қарама-қайшылықты жəне эстетикасы бай
Тəрбиелік қызметі (өнер тазару мен арылу).
Адамдардың сезім мен ой құрылымын жетілдіретін – өнер.cаясат – саяси көзқарастарды, ал философия – дүниетанымды қалыптастырады. Ғылым – адамнан маман даярласа, тавтологиядан қашқақтамай айтар болсақ, өнер – адамнан адамды даярлайды: ақыл мен жүрекке кешенді түрде əсер етеді, оның əсері адам рухының небір қалтарыстарына дейін қозғайды. Өнер толыққанды (біртұтас) тұлғаны қалыптастырады
Өнер біртұтас тұлғаны əлеуметтендіру мен оның өзіндік бағасының маңызын бекіте түсу бағытында əсер етеді
Иландыру қызметі (өнер – суггестия).
Белгілі бір ой мен сезімдерге иландыру мен психикасына гипноздық секілді əсер ету де – өнер. Суггестия (сендіру əсері) алғашқы қауымдық құрылысқа да тəн. Австралиялық тайпалар шайқасқа шығар алдында əн айтып, би билеп, бойларындағы қажырды оятқан. Өнердің сендірушілік рөлі сап түзеп келе жатқан əскерлерге көтеріңкі көңіл күй беруге міндетті марштарда да айқын көрінеді
Өзіне тəн эстетикалық қызметі (өнер шығармашылық рух пен құнды-лық бағыт-бағдарды қалыптастыруда).
Өнердің эстетикалық қызметі (бірінші мəндік қызметі) тұлғаның əлеуметтенуін қамтамасыз
...