Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Этнографиялық стильдегі әйел көйлегін тігу технологиясын меңгеру

Автор:   •  Апрель 14, 2020  •  Дипломная работа  •  13,180 Слов (53 Страниц)  •  493 Просмотры

Страница 1 из 53

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың көкейтестілігі: Еліміздің өркениетті елу елдің қатарына қосылу бағытындағы үлкен мәсклелердің бірі-келешек ұрпақтың рухани дамуы. Бұл жөнінде Н.Ә.Назарбаевтың  «Тарих толқынында» кітабында былай  деген: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе,  ондахалық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн».

Жастарымыздың рухани дүниесінің қалыптасуына және эстетикалық талғамының жетілуіне ұлттық рухани дүниелеріміздің ықпалы зор. Соның ішінде қазақтың ұлттық киімдері, қолөнері көне тарихымен дамып, бірге қайнасып келе жатқан бай қазына. Бүгінгі күні білім беру саласының басты және  негізгі мақсаты-қоғам игілігіне өз үлесін қосатын және дамытатын алдарына жоспарлы мақсат қоятын, өзінің ана тілімен мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрін терең меңгерген жеке адам тұлғасын  тәрбиелеу. Осыған орай еліміздің жас жеткіншектері мен жастарын ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу және жақындату қазіргі қоғамның нақты әдеуметтік қажеттігіне айналып отыр.

Сондықтан оқытудың алғашқы сатысынан бастап, халқымыздың бай ұлттық мәдени және шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттап, оның ең озық үлгілерін тиімді пайдалану. Қазіргі таңда, халық шеберлерінің жасаған ұлттық қолөнер туындыларын еліміздің бір-мәдени қазыналарына айналып, лайықты өз орнын алуда, халықтың қалыптасқан ұлттық дәстүрінің озық үлгілерін және жаңашылдық туындыларын кейінгі жас ұрпаққа қадір-қасиетін жоймай, әрі әсемдігімен, әрі ұлттық нақышымен, әрі ыңғайлылығымен тұрмыс қажеттігінен туындаған өнердің көне көзі –қазақтың ұлттық киімдері болып табылады.

Қазақтың ұлттық киімі - ұлтымыздың сипатын, оның қадір -қасиетін, ұлттық салт дәстүрімізді, қазақ халқымыздың қандай халық екенін айқындап көрсетеді. Мәселен, ұлттық киімді этнографиялық жолмен, яғни далалық экспедициялар арқылы іздестіріп, киім-кешектің әлі де болса қазақтың киім-кигенінен халықтың өткендегі өндіргіш күштерінің деңгейін шаруашылығының даму үрдісін, тіпті меңгеру табиғаттың әсерін, көрші елдердің ықпалын аңғаруға болады.

Оның ізін жоғалтпай, әрі тоздырмай, әлі де болса ел игілігіне қызмет ететін деңгейде сақтау біздің борышымыз, мақсатымыз. Оған дәлел-әр түрлі маталардан тігілген шапан, бешпент,камзол, ұлттық ас киімдердің, кебіс-мәсінің тағысын тағылардың республика тұрғындары арасында кеңінен қолданыс тауып, келе жатқаны. Қазақы киімнің қонымдылығын, пішімінің мұқият ойластырылғанын, киім табиғатымен біте қайнасқан келбетпен әшекей бірлестігін қазіргі киім үлгілдеріне де кеңінен пайдалануға болады.

Қазіргі заман талабына сай ұлттық киімдерді еліміздің көптеген тігін шеберханаларында ұлттық мерекелерге арнап жасауда. Еліміздегі ұлттық тігін шеберханаларындағы  модельер – конструктор мамандарын даярлауға қажетті тігін өндірісінің барлық мәселелерін, ережелері мен тәсілдерін қарастыру;

  • әр түрлі ассортименттегі ұлттық стильдегі әйел киімдерінің конструкция негізін жасаудың тәсілдері;
  • әр түрлі пішіндер мен пішімдердегі киімдерді конструкциялау әдістері.

Диплом жұмысымның мақсаты: Этнографиялық стильдегі әйел көйлегін тігу технологиясын  меңгеру.

Дипломдық жұмыстың міндеті:

1. Бүгінгі этнографиялық стильдегі әйел көйлегін тігу технологиясындағы  әшекейлеудің басты құралы ретінде біз қолданып жүрген ою-өрнектердің мәніне сипаттама беру;

     2. Қазіргі этнографиялық стильдегі әйел көйлегін дайындаудың технологиялық ерекшеліктерін анықтау.

Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп келер ұрпаққа «Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты деп, елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің ұлттық мәдениетімізді дамыту жолындағы үндеуінде көрсеткен.

Қазақы киім тарихын қазбаласақ, онда Геродот, Страбон, Н.Я.Бичурин еңбектері Орта Азия, Қазақстан жерлерінде жүргізілген археологиялық қазбалардың нәтижелерінде көп мағлұматтар береді. Зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып халқымыздың ұлттық талғамы мен дәстүрлі, киімнің пішімі мен өрнекті әшекейлері және қолданылған материалдары жайлы мәліметті жаңа білім қорымен толықтырып,  студенттердің өзіндік ойлауын, танымдық іс-әрекеттерін дамыту керек. Қазақ  халқының киімінің түрлері мен үлгілерін жинақтау ісі жайлы түсінік беріледі.

...

Скачать:   txt (179.2 Kb)   pdf (924.9 Kb)   docx (113.2 Kb)  
Продолжить читать еще 52 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club