Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Деректі фильм жанрлары және форма

Автор:   •  Ноябрь 9, 2021  •  Практическая работа  •  2,095 Слов (9 Страниц)  •  368 Просмотры

Страница 1 из 9

Дәріс 7. Деректі фильм жанрлары және форма

7.1 Деректі фильм жанрлары

7.2 Деректі фильмдегі форма

7.3 Категориялық форма және оны пайдаланып, көрерменді тарту және оған мысалдар

Пайдаланылатын әдебиеттер:

Бордуэлл Д., Томпсон К., Смит Д. Кино өнеріне кіріспе. – А., «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. – 728б.

Стариченок В.Д. Большой лингвистической словарь. Ростов-на Дону, «Феникс», 2008

Большой этимологический словарь русского языка. Сост.: М.В.Климова. –М., ООО «Дом Славянский книги», 2018

Эльзессер, Т. Кино теориясы: сезім тұрғысынан кіріспе.

Т. Эльзессер, М. Хагенер; Ауд.: Г.С.Жолдасбаева, М.Төлеген, Д.Әмірбекова.- 2-ші басылым.- Нұр-Сұлтан: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020.- 232 б.

Филд С. Киносценарий. Сценарий жазу негіздері. С. Филд; Ауд.: Г.Жолдасбаева. -Нұр-Сұлтан: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2020. -248 б.  

        Қойылымды  фильм  секілді,  деректі  фильм  киногері  де  жанр  таңдаумен  бетпе-бет  келеді.  Деректі фильмнің ең кең тараған жанрының бірі – архив дереккөздерінен алынған бейнелерді жинақтау  арқылы  жасалып,  құрастырылған  фильм.  «Атом  кафесі»  (The  Atomic  Cafe)  фильмі  1950  жылдардағы  Америка  мәдениеті  ядролық  қарудың  таралуына  қалай  жауап  қайтарғанын көрсету үшін кинохроника кадрлары мен оқыту (әдістемелік, нұсқаулық)  фильмдерін  жинақтайды. Сұқбат  немесе  сөйлейтін  бастар  арқылы  жасалатын  деректі  фильмдер  оқиғалар  немесе  әлеуметтік  қозғалыстардың  куәгерлерін  түсіреді. «Айтар сөз жоқ» (Word Is Out) деректі фильмі, негізінен, өз өмірлері  туралы  баяндайтын  лесбиандар  мен  гейлердің  сұқбаттарынан тұрады. Тікелей  деректі  кино  жанры  болып  жатқан  оқиғаны  өз  сипатымен,  киногердің  аз  ғана  араласуымен  түсіріп  алады.  Тікелей  деректі  кино  жанры  «Алдын  ала  жүргізілген  сайлау»  сияқты  деректі  фильмдерге  оқиғаның  даму барысына ілесіп отыруға мүмкіндік берген тасымалданатын камералар мен дыбыс құралдары пайда болған 1950 және 1960 жылдары жарыққа шықты. Сондықтан да мұндай деректі фильмдер синема-верите (француз тілінен аударғанда «киношындық») ретінде де белгілі. «Баскетбол деген бір арман» (Hoop Dreams) фильмі орта мектепте де, колледжде де жұптары жазылмаған, спортқа жаңа  қадам  басқан  екі  баскетболшы  туралы,  ал  «Азамат  Фор»  (Citizen  Four)  фильмі  құпия  ақпаратты жариялап қойғаны үшін қашып жүрген Эдвард Снөуденнің бірнеше күндік өмірінен алынған. «Жалғаны жоқ» фильмінің нәтижелі болуына синема-верите стиліндегі кадрдың қандай да бір әсері бар. Деректі фильмнің тағы бір кең тараған түрі – құстармен бірге  қалықтап,  қатарласа  ұшып  жүріп  түсіретін  камераны  пайдаланатын «Қанатты миграция» (Winged Migration) сияқты табиғат туралы деректі фильм. Портреттік деректі фильм айрықша тартымды, танымал адамның өмір жолдарына ерекше көңіл бөледі.

Деректі  фильм  бір  мезетте    бірнеше  жанр  нұсқаларын  өте  жиі  пайдаланады.  Сөзжұмбақпазлдардың жанкүйерлері жайлы «Сөз ойыны» (Wordplay) деректі фильмі жыл сайынғы  Америка  сөзжұмбақ  байқауының  драмасында  сөзжұмбақ  құраушылар  мен  оны  шешушілердің  портреттерін бірге байланыстырып жібереді. Мұндай синтетикалық деректі фильм форматы телевизия журналистикасында кең тараған. Вернер  Херцог  «Ақымақ  адам»  (Grizzly  Man)  портретті  фильмінде  синтетикалық  әдісті  есте  қаларлықтай пайдаланады. Тимоти Традвелл есімді батыл жас жігіт ұлттық саябақтағы аюлармен доспын деп сеніп жүреді. Бірақ ол қателескен екен: аюлар оны құрбы қызымен қоса өлтіріп, жұлмалап жеп қояды.

Деректі фильмдегі формада оқиғалар адамдардың өз әлемін, яғни өз өмірлерін түсінетін басты объективі екенін еске салғанбыз. Сондықтан көптеген документалистердің қойылымды фильмдердегідей баянсөздерді  пайдаланатынына  таңғалмауымыз  керек.  Уильям  Уайлердің  Екінші  дүниежүзілік  соғыс  туралы «Мемфис сұлуы» (Memphis Belle) фильмі, негізінен, Германияның төбесінен ұшып жүрген В17 бомбалаушы ұшағының ішінде болып жатқан бір рейдтің курсын көрсетеді. Юджин Ярецкидің «Біз неге шайқасамыз» (Why We Fight) фильмі президент  Эйзенхауэрдің  «әскериөндірістік  комплекс» деп атаған нәрсесі 11 қыркүйектегі лаңкестік  әрекеттен  кейін  АҚШ  саясатында  қалай  үлкен  күшке  айналғанын  бақылайды.  Жыныстық  қатынасты  терең  деңгейде  дәріптейтін «Өзендер мен судың көтерілуі» (Rivers and  Tides)  сынды  деректі  фильм  суретшінің  өзінің   бірегей   табиғиландшафт   мүсіндерін   қалай жасайтынын түсіндіреді.

...

Скачать:   txt (22.7 Kb)   pdf (140.1 Kb)   docx (13.9 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club