Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Иностранному языку"

Автор:   •  Апрель 11, 2019  •  Контрольная работа  •  1,059 Слов (5 Страниц)  •  547 Просмотры

Страница 1 из 5

VI НҰСҚА

І деңгей тапсырмалары

1.1.  Берілген етістіктерді ауыспалы өткен шақта жіктеңіз.

                     Та(б)у, ән салу, түсу, көздеу, сезу, бағалау.

    1.1  Табатын, ән салатын, түсетін, көздейтін, сезінетін, бағалайтын.

1.2. Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, құрамына талдау жасаңыз.

Бірде Төребек деген саятшы бөлтірік шешеннен «Байлық деген не? Бақыт деген не? Бала деген не ? – деп сұрайды. Сонда шешен: Оның мәнісін айтайын. Бұл саған берген батам болсын. Байлық – қолға ұстаған мұз, ериді де кетеді. Бақыт – басқа қонған құс, ұшады да кетеді. Ал бала – артта қалған із, атыңды өшірмейді. Жақсы ісіңді жария етеді. Аумин! – деп бата беріпті.

Сұрайды: сұра-түбір; й– көсемше, ды– жіктік жалғау 3 жақ;

Айтайын: айт– түбір,

Болсын: бол– түбір, сын– бұйрық рай;

Ұстаған: ұста– түбір, ған–есімше;

Кетеді: кет– түбір, е– көсемше ді– жіктік жалғау 3 жақ;

Қонған: қон– түбір, ған– есімше;

Қалған: қал– түбір, ған – есімше;

Өшірмейді: өшір– түбір, ме– болымсыз етістік ді– жіктік жалғау 3 жақ;

Беріпті: бер – түбір, іп– көсемше ті жіктік жалғау 3 жақ.

1.3. Сұрақтарға болымды және болымсыз түрде жауап беріңіз.

Сабаққа автобуспен келіп жүрсің бе? Кілтіңді тауып алғансың ба? Сіз қазақша газет-жорналдар оқып тұрасыз ба? Жаңа сөздерді жаттадыңдар ма? Данияр кереуетте ұйықтап жатыр ма? Қазақ тілін тез меңгергіңіз келе ме? Сөздікпен жұмыс істеуді білесің бе? Үйірмеге қатысқыңыз келе ме?

Болымды түрде жауап беру.

Ия, сабаққа автобуспен келіп жүрмін. Ия, кілтімді тауып алдым. Арине, мен қазақша газет –журналдар оқып тұрамын. Ия мен жаңа сөздерді жаттап алдым. Данияр керуетте ұйықтап жатыр. Ия, қазақ тілін тез меңгергім келеді. Арине, сөздікпен жұмыс істеуді білемін. Үйірмеге қатысқым келеді.

Болымсыз түрде жауап беру.

Сабаққа автобуспен келіп жүрген жоқпын. Кілтім табылған жоқ. Қазақша

газет –журналдар оқымаймын. Жаңа сөздерді жаттағам жоқ. Данияр керуетте ұйықтамайды. Қазақ тілін меңгергім келмейді. Сөздікпен жұмыс істеуді білмеймін. Үйірмеге қатысқым келмейді.

ІІ деңгей тапсырмалары

Көне түркі жазбалары

Древнетюркские надписи

Қазіргі түркі халықтарының барлығына ортақ көне түркі жазбаларына Орхон ескеркіштері, Талас, Шу, Енисей өзендерінің бойынан табылған, тасқа қашалып жазылған, оймақ жазулар жатады. Бұл түркі халықтарының ежелден ғылым –білімді елдер болғандығын көрсетеді. Бір кездері түркілер мекендеген Моңғолиядағы Орхон өзенінің маңайынан Білге қаған, Тоныкөк ескерткіштері табылған. Ғалымдар ескерткіштерді 7-8 ғасырлардағы руникалық жазудың құнды мәліметі деп есептейді.  

Орхон ескерткіштері 18- ғасырда табылып, зерттеу жүргізілген. Ондағы руникалық таңбаларды алғаш оқыған – Дания ғалымы Вильгельм Томсен. Орхон ескерткіштерінің тақырыбы, көтерген мәселелері, көркемдік сипаты т.б. жағынан қазақтың эпостық жырларына ұқсас. Онда Түрік қағанаты дәуіріндегі елдің білімі, дүние танымы, түркі халықтарының тарихы мен тағдыры, қарым-қатынастары, жеңістері мен өкініштері, отаншылдық, ерлік, бірлік, намыс туралы түсінігі, наным-сенімі тәуелсіздік аңсары, осы жолдағы атқарған қызметтері жазылған. Жырларының негізіне түрік руларын біріктіру, нығайту, сыртқы жаулардан қорғау идеясы алынған.

Орхон жазуының мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші. Биіктігі - 3,5 метр, төменгі ені - 1,32 метр, жоғарғы жағының ені – 1,22 метр. Биіктеген сайын жіңішкере береді, жоғарғы бөлігі өрнектелген. Тастың төрт жағы бірдей жазылған. Батысқа қараған бетінде қытай жазуы, қалған қабырғасы бірдей көне түркі жазумен толған. Мұнда түркі ұлтының тарихы мен Күлтегіннің батырлығы бейнеленеді. Осы ескерткіштің Жапониядан әкелінген көшірмесі 2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетiнiн бас ғимаратына орналастырылды. Бұл Қазақ халқының арғы аталары – Көне Түріктердің төл жазбаларының қаншалықты құнды мұра екендігін дәлелдей түседі.

...

Скачать:   txt (14.6 Kb)   pdf (220.6 Kb)   docx (13.5 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club