Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мемлекеттердің құқық мирасқорлығы

Автор:   •  Февраль 26, 2024  •  Реферат  •  5,606 Слов (23 Страниц)  •  93 Просмотры

Страница 1 из 23

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:Мемлекеттердің құқық мирасқорлығы

                                                 

                                             

     

                     

Талдықорған,2023

МАЗМҰНЫ

Кіріспе..........................................................................................................................3

1.Мемлекеттердің құқық мирасқорлығы институтының түсінігі мен мәні................................................................................................................................4

1.1.Мемлекеттердің құқық мирасқорлығының түсінігі...........................................................................................................................4

1.2.Мемлекеттердің құқық мирасқорлығының фактілі жағдайлары...................................................................................................................7

2. Мемлекеттердің құқық мирасқорлығының объектілерге байланысты өзекті мәселелері.....................................................................................................................9

2.1.Құқық мирасқорлығы институты және мемлекеттік шекаралар режимі...........................................................................................................................9

2.2.Халықаралық құқықта шарттарға қатысты мемлекеттердің құқық мирасқорлығы............................................................................................................13

Қорытынды.................................................................................................................18

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................................19

КІРІСПЕ

Саяси құрылымдар мәңгілік емес. Өзгеріп тұрады. Жаңа мемлекеттер пайда болып, бұрынғы мемлекеттер жойылады. Мемлекеттер федерация құрып, бірігіп, ыдырайды немесе мұраға қалып жатады. Халықаралық құқық мұндай оқиғалар мен тұрақсыздықтар нәтижесіндегі бұзушылықтарды мейлінше болдырмас үшін оларды реттеп отырады. Осындай өзгерістер нәтижесінде Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 100-ден аса жаңа тәуелсіз мемлекет құрылды. Жалпы, жекелеген территорияға саяси егемендік жойылған кезде халықаралық құқық үшін де, әлемдік қауымдастық үшін де күрделі сұрақтар туындайды. Мысалы, жаңадан пайда болған мемлекетке оның алдындағы мемлекет қол қойған халықаралық шарттар мен келісімшарттар қаншалықты әсер етеді? Тұрғындарының азаматтығы автоматты түрде ауыса ма? Алдыңғы мемлекеттің мемлекеттік меншігі не болады? Жаңадан құрылған орган бұрынғы органның қарызын өтей ме? Дәрісіміздің барысында осы сұрақтарға мейлінше жауап беріп көрейік. Мемлекеттің мирасқорлығы мәселесі бірнеше жағдайда пайда болады. Бұл жағдайлар сол мемлекеттің саяси егемендік алу жолының бейнесі болып есептеледі. Мысалы, территориялық бірліктің толық немесе белгілі бір бөлігінің отарсыздануы (яғни деколонизация), сецессия (бөліну) аннексия немесе бірігуі арқылы. Соңғы сөйлемдегі сецессия ұғымының не екені сіздерге түсініксіз болуы мүмкін. Сондықтан аз-кем анықтама бере кетейік. Сецессия деп, әдетте мемлекет (федеративті мемлекет) құрамынан оның қандай да бір бөлігінің (мысалы, федерация субъектісінің) шығуын айтамыз. Бұл жағдайлардың әрқайсысында бұрынғы мемлекет толық немесе ішінара жойылып, оның орнына басқа мемлекет немесе мемлекеттер келіп, тиісінше құқықтар мен міндеттерді иемдену мәселесі туындайды. Дегенмен мемлекеттің мирасқорлығы мәселесінің мемлекеттің халықаралық құқықтағы қарапайым құқықтары мен міндеттеріне қатысы жоқ. Мемлекеттің мирасқорлығы мәселесін үкіметтің мирасқорлығынан, атап айтқанда, төңкерістен кейінгі мирасқорлықтан ажырата білген жөн. Дегенмен мемлекеттің мирасқорлығы – халықаралық құқықтағы өте күрделі мәселе. Бұл саладағы нормалар, негізінен, нақты саяси өзгерістерге қатысты жасалған. Ондай саяси өзгерістер халықаралық қауымдастық та қайталана бермейді. Мысалы, Югославия конференциясында құрылған арбитраждық комиссияның айтуынша: «Халықаралық құқықта мемлекеттің мирасқорлығына қатысты қағидаттар толық қалыптасқан. 1978 жылғы және 1983 жылғы Вена конвенцияларындағы қағидаттар әрбір нақты істе өз деңгейінде қолданылуы керек». Ал Германияның Федералдық Жоғарғы соты Espionage Prosecution ісінде «Мемлекеттің мирасқорлығы қазіргі халықаралық құқықта ең даулы мәселелердің бірі болып отыр» деген. М. Шоудың айтуынша, мирасқорлық халықаралық деңгейде халықаралық әдет-ғұрып құқығымен реттеледі.

...

Скачать:   txt (84.7 Kb)   pdf (208.3 Kb)   docx (28.9 Kb)  
Продолжить читать еще 22 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club