Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Исламдық банкинг

Автор:   •  Декабрь 4, 2022  •  Реферат  •  263 Слов (2 Страниц)  •  207 Просмотры

Страница 1 из 2

Исламдық банкинг – шариғат қағидалары мен ережелеріне негізделген банк жүйесі. Исламдық банкингтің негізгі принциптері пайда мен шығынды бөлу, процентке тыйым салу, ақша айналыс құралы және құн өлшемі болып табылады. Исламдық қаржы институттары өз қызметін жүзеге асыру кезінде шариғат қағидалары мен ережелерін және этикалық қағидаларды ұстануы керек.

Ислам банкі дәстүрлі банктен клиенттерге банктік өнімдер мен қызметтерді ұсыну кезінде этикалық принциптерді сақтауымен ерекшеленеді. Исламдық банкинг түсінігі исламдық моральдық нормалар мен құндылықтардың басымдылығын білдіреді. Ислам банктерінде де тәуелсіз бақылау органы – Шариғат кеңесі бар, ол банктің жеке дербес құрылымы болып табылады. Кеңестің функциялары мен міндеттері Банк жарғысымен және ислам банктерінің қызметін реттейтін Қазақстан заңнамасымен айқындалады.

Шариғат кеңесінің міндеттеріне банк қызметін жүргізу кезінде шариғат қағидалары мен ережелерінің сақталуын қадағалау кіреді. Ислам банкіндегі барлық банктік процестер мен операциялар Шариғат кеңесімен мақұлдануы керек. Шариғат кеңесі өнімдер мен қызметтердің шариғат қағидалары мен ережелеріне сәйкестігін анықтайтын соңғы орган болып табылады.

Ислам банкингінің негізгі принциптері:

• Банк-клиент серіктестігі (пайда мен шығынды бөлу);

• Ақша – сату объектісі емес, айналыс құралы және құн өлшемі;

• Шарттың мәні мен оның шарттарына қатысты белгісіздікке тыйым салу (гарар);

• Шариғат қағидаттарына сәйкес қызметтің жекелеген түрлерін қаржыландыруға тыйым салу: темекі, алкоголь, қару-жарақ

...

Скачать:   txt (4.1 Kb)   pdf (33.1 Kb)   docx (8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club