Қостанай обылысы
Автор: AishaBahtybai • Апрель 17, 2020 • Курсовая работа • 10,916 Слов (44 Страниц) • 696 Просмотры
ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕНИСТРЛІГІ
С.Сейфуллин атындағыҚазақ агротехникалық университеті
Кафедра Егіншілік және өсімдік шаруашылығы
«Аймақтық егіншілік жүйесі» пәні бойынша курстық жұмыс
Такырып
Қостанай обылысы
Орындаушы: Бахтыбай Айша 301 топ студенті
III курc Агрономия факультеті
Жұмысты тексерді: Мұханов Нұрболат Қайырболдыұлы
« » сәуір 2019ж
Бағасы ________________
Нұр-Сұлтан 2019 ж.
Мазмұны
Кіріспе
1. Тарау. Аймақтың топырақ – климат жағдайларының сипаттамасы
2. Тарау. Ауыспалы егістердің тәсімін, көшу жоспарын және ротация кестелерін құрастыру.
2.1. Аймаққа ұсынылған танаптық және мал азықтық ауыспалы егістер.
2.2. Алғы егістерді негіздеу.
2.3. Танаптық және мал азықтық ауыспалы егістердің тәсімдерін құрастыру.
2.4. Ауыспалы егістерге көшу жоспарларын және ротация кестелерін құрастыру.
3. Тарау. Ауыспалы егісте топырақ өңдеу жүйесі.
3.1. Танаптық ауыспалы егісте топырақ өңдеу жүйесі.
3.2. Мал азықтық ауыспалы егісте топырақ өңдеу жүйесі.
4. Тарау. Арамшөптермен күрес шараларының жүйесі.
4.1. Танаптардың ластану картасын жасау.
4.2. Алдын алу күрес шаралары.
4.3. Агротехникалық күрес шаралары.
4.4. Химиялық күрес шаралары және үстемелеп бүрку үшін техника мен гербицидтердің қажеттілігін есептеу.
Қорытындылар мен ұсыныстар.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе.
Егемендiгiмiздi алғаннан кейiн мемлекетiмiздiң алға қойған маңызды мақсаттарының бiрi экономикамызды көтеру. Осы мақсатта жаңа нарықтық қатынастарды енгiзу, дамыған елдердiң қатарына қосылу, Қазақстан халқының хал-ахуалын түзету көзделген. Ауылшаруашылық саласы қиын қыстау кезеңнен өтiп, 1999 жылдан берi жыл сайын жалпы өнiм мөлшерi 13,6 % көлемiнде артуда. Жаңа өндiрiс қатынастары орныққаннан кейiн Қазақстанның жалпы iшкi өнiмге ауылшаруашылық саласының қосатын үлесi орта есеппен 8,5% шамасында тұрақталған. Бiрақ ауылшаруашылық өндiрiсiн әрi қарай дамытып, жаңа биiктерге жеткiзу ұшiн озық технологияларды, жаңа өнiмдi сорттар, тыңайту және өсiмдiктердi зиянкестер мен аурулардан қорғау шараларын толық қолдану аса қажет. Бұл мақсатта Қазақстан үкiметi 2003-2005 жылдарды «Ауыл жылы» деп жариялап агроазықтүлiк бағдарламасын ұсынды. Бұл бағдарлама бойынша 2005 жылға дейiн астық дақылдары егiс алқаптарын 13,8 млн га, ал жалпы өнiмiн 14 млн. тоннаға дейiн жеткiзу жоспарланды. Солтүстiк Қазақстан өнiрi төрт - Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстiк Қазақстан облыстарын қамтиды. Бұл облыстарда дәндi дақылдардың егiсi 75,2 пайызын құраса, бидайдың көлемi 79,5%, басқа сөзбен айтқанда, барлық егiс көлемiнiң жартысынан көбi орналасқан [1].
Қостанай облысында ауыл шаруашылығы алдыңғы орындарын анықтайтын басты экономика саласы болып табылады. Халық шаурашылығы өнімінің төрттен бір бөлігі ауыл шаруашылығы береді. Ауыл шаруашылығының дамуының басты факторлары болып облыстың қолайлы табиғи жағдайы мен агроклиматтық ресурстары болып табылады.
Қостанай облысы Қазақстандағы ең ірі егін және мал шаруашылығымен айналысатын аймақ. Мұнда Республиканың 18% - ға жуығы егіс алқабы, 13% ірі қара мал шаруашылығынан тұрады. Ауыл шаруашылық жерінің аумағы 18,1 миллион гектар жерді алып жатыр. Облыста егін шаруашылығын дамытуда – бидай егу аса маңызды болып отыр, оның республикалық өндірістегі үлесі 28% - ды құрайды. Астық өндірісі – ауыл шаруашылығының ірі саласы. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде және өңдеуде кластерлік жүйені белсенді пайдалануды қажет етеді.
...