Өскемен обылысы
Автор: yereke • Декабрь 6, 2018 • Курсовая работа • 4,174 Слов (17 Страниц) • 527 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
Кафедра СжД
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Магистральдар мен аэродромдардың құрылысы технологиясы
Тақырып:Өскемен обылысы
Жетекшілер:
Сейдинова Г.А.
(бағасы) (кәсіпорын жетекшісінің аты-жөні, қолы)[pic 1][pic 2]
Уразбеков А.К.
(кафедра жетекшісінің аты-жөні, қолы)[pic 3]
Комиссия мүшелері: Студент:
Қожас А.К. Турсынбеков Ж.К
(тегі, аты-жөні) (тегі, аты-жөні)[pic 4][pic 5]
Кикнадзе Р.К. ТС-16-1
(тегі, аты-жөні) (тобы)[pic 6][pic 7]
Сейдинова Г.А.
(тегі, аты-жөні) (қолы) (күні)[pic 8][pic 9]
Қарағанды 2018
Мазмұны
Кіріспе............................................................................................................
1 Климаттық жағдайлары.............................................................................
2 Жалпы мәліметтер......................................................................................
3 ....................................................................
4 ....................................................................
5 Техникалық қауіпсіздігі...........................................................................
Қолданылған әдебиеттер............................................................................
[pic 10]
Кіріспе
Жол – экономиканың күретамыры. Ол, сондай-ақ, халықтың қарым-қатынасы мен барыс-келiсiнiң арқасында дамитын әлеуметтiк-мәдени байланыстардың алтын арқауы. Бүгiнгiдей нарық заманында сауда-саттық күшейген сайын жолдың маңыздылығы артып қана қоймай, туристiк әлеуеттi арттыруға әсер ететiн маңызды фактор болып отыр. Автомобиль жолдарының, әсiресе, жер көлемi бойынша әлемде тоғызыншы орын алатын Қазақстан үшiн маңызы зор. Тәуелсiздiк алғаннан берiде елiмiзде бұрын-соңды тас жол бармаған ауылдарға асфальттан жол салынып, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» сияқты халықаралық көлiк дәлiзiн салу қолға алынды.«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттiк автомобиль дәлiзiн салу – көлiк саласындағы маңызды және үлкен жобалардың бiрi. Оның негiзгi мақсаты – Батыс пен Шығысты байланыстыру, Ұлы Жiбек жолының бағдарын заманауи тұрғыда қайта жаңғырту.
Ережеге сүйенсек, Қазақстан Республикасының нормативтiк- құқықтық актiлерiне сәйкес, жалпыға ортақ пайдаланатын автомобил жолдарының белдеу шегiнен (70 метр.) ғимараттар мен түрлi құрылыс нысандарын салуға, сондай-ақ, инженерлiк-коммуникациялық жүйелердi жүргiзуге тыйым салынады. Дегенмен, айта кетейiк, бұл талаптарға жол қызметi, сыртқы жарнама нысандары және жол полициясы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, кедендiк, шекаралық, көлiктiк бақылау, ветеринариялық, фитосанитариялық бақылау бекеттерi кiрмейдi.Жалпы, жол бойындағы белдеулер жаяу жүргiншiлердiң қауiпсiздiгiн сақтау үшiн керек. Сонымен бiрге, белдеулер қайта жаңғырту жұмыстарын атқару, жол инфрақұрылымын жүргiзу және көлiк қозғалысына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында белгiленедi. Оларға қонақүй, кемпинг, автожанармай құю, техникалық қызмет көрсету бекеттерi, тамақтандыру, сауда орындары сияқты басқа да түрлi объектiлер жатады.Жол бойындағы сервистiк нысандар құрылысын жүргiзуге жер учаскесiн беру туралы жергiлiктi атқарушы билiктiң шешiмi мен уәкiлеттi органдардың арнайы рұқсаттары қажет.
...