Торғай жерінің географиялық орны және жер бедері
Автор: Ардақ Бағысбай • Январь 28, 2022 • Лекция • 672 Слов (3 Страниц) • 503 Просмотры
1-Дәріс тақырыбы: Торғай жерінің географиялық орны және жер бедері
Оқу нәтижелері: Торғай өңірінің табиғи ерекшеліктері, географиялық орны жайлы теориялық білімдері қалыптасады.
Дәріс жоспары:
1. Торғай өңірінің географиялық орны
2. Торғай губерниясы, Торғай уезі, Торғай облысы, Торғай қаласы, Торғай аймағы, Торғай өлкесі, Торғай даласы түсінікткері
3. Торғай қолаты, Қазақтың ұсақ шоқысының батыс бөлігі.
Торғай – қазақтың байтақ даласының ежелден әйгілі жерлерінің бірі. Оның атағының кең жайылып даңқының аңызға айналып кетуі біріншіден, бұл өлкеден атақты адамдардың шығуы болса екіншіден, жер су байлығының мал шаруашылығына аса қолайлылығына байланысты болады. Өлкенің жер шұрайы Сарыарқаның бел ортасына орналасуы, бір кездегі қазақ елініңкіндігі- Ұлытауға шектес болуы да оның атағын көтере түсті.
Торғай атауы тарихта XV-ғасырдан бастап кездесе бастайды, негізінен Торғай өзені атына байланысты қойылған. Бұған дейін бұл өзен Сауық деп аталған.
Торғай өлкесінің жер, суын, табиғат байлығын зерттеуде, ерте басталған, 1730-1740 жылдары К.Миллер, 1825-1844 жылдары Г.Н.Фон-Генс, 1886-1887 жылдары В. Гатесон, 1910 жылы Б.А. Сколов және басқа саяхатшылар мен зерттеушілер, ғалымдар осы ұлан байтақ жердің топырақ қабатын, өсімдігін, жан-жануарлар әлемін зерттеп, тарихи Торғай өлкесі жайында зор ғылыми мәліметтер қалдырды.
Торғай аймағы киелі жер. Торғай губерниясы, Торғай уезі, Торғай облысы, Торғай қаласы, Торғай ауданы, Торғай аймағы, Торғай өлкесі, Торғай даласы, Торғай өзені деген атау сөздер сан ғасырдан бері айтылып келеді. «Қызғанбаңдар, ақындар, мақтауға оны хақым бар. Мен туған жер кішкене Торғай деген аты бар» деп Сырбай ақын жырлағандай, Торғай кішкене емес үйреншікті теңеумен айтқанда кәрі құрлық. Еуропаның бірнеше мемлекеті сыйып кететін, байтақ аймақ. Географиялық тұрғыдан алғанда «Торғай үстірті», «Торғай қақпасы», «Торғай қолаты» деген шартты атау әркімге таныс. Торғай қақпасы батысы – оңтүстік Оралмен, солтүстігі – Батыс Сібір жазығымен, шығысы – Сарыарқамен, оңтүстігі – Тұран ойпатымен ұштасып жатыр.
Торғай өңірінің жері солтүстік еңдіктің 48 және 52 паралелдері мен шығыс бойлықтың 61 және 68 меридиандары аралығында орналасқан. Торғай өңірінің ауданы 78,9 мың км², яғни Қазақстан территорисының 4,1 %-і келеді. Торғай өңірі Қостанай облысының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Торғай өңірінің құрамына Арқалық, Жангелдин және Амангелді аудандарының териториясы жатқызылады. Территориялық шектеулі Солтүстік және Солтүстік батысында Торғай өңірі Ақмола облысының және Қостанай облысының аудандарымен, батысында Ақтөбе, Оңтүстік және Оңтүстік – шығысында Қарағанды мен Ақмола облыстарымен шектеледі. Торғай өңірінің территориясы солтүстіктен оңтүстікке қарай 350-400 км, ал батыстан шығысқа қарай 380 км-дей созылып жатыр.
...