Топографиялық карталар
Автор: assylayy • Февраль 5, 2023 • Доклад • 781 Слов (4 Страниц) • 249 Просмотры
Топографиялық карталар дегеніміз жергілікті жердегі белгіленген ғана аумақты картаға, яғни парақ бетіне кескіндеу. Топографиялық картаны парақ бетіне көзбе-көз кескіндеу үшін арнайы шартты белгілер пайдаланылып, белгілі бір нысандардың (заттардың, орындардың) орналасуын қарастырған жөн. Картада бейнеленген нысанды толықтай түсініп, оқу үшін де осы арнаулы шартты белгілер беріледі. Сонымен де осы карталарда барлығы дәлдікпен, картадағы кескінделген орынның анықтылығымен сипатталады. Географиялық орнымен ұқсас, бірдей болуы керек. Топографиялық карталар негізінен көбінде әскери карталар, ғылыми-зерттеүлер, өндірістік бағыттағы карталар үшін кеңінен қолданылады. Әскери карталарда жиі пайдаланылып, нақты, беймәлім, маңызды ақпараттар сақталады. Мұндай карталар ірі және орта масштабта беріледі. Ұсақ масштабты карталар пайдаланылмайды. Сан түріндегі, яғни сандық масштабта жасалынады.
Ірі масштабты карталарда бейнеленетін аймақ көп бетті (парақты) картада бейнеленеді. Картаның әр беті кескінделген бейнелердің дәлдігін, нақтылығын талап етеді. Топографиялық картаның беттерге топтастырылуын жіктелу деп аталады. Карталарда жіктелудің көбінде екі түрі іске асырылады:
- Трапеция секілді- бұл кезде карта парақтың шекарасы ретінде бойлықтар мен ендіктер қолданылады;
- Тікбұрыш- карталардың тікбұрыш немесе шаршыға бөлінгеніндегі беттер өлшемі бірдей болып табылады.
Ірі масштабты карталарда аймақ беттері трапеция түрінде кескінделеді.
Топографиялық карта номенклатурасы бейнеленген нысанның географиялық орны мен картаның масштабымен байланысты болады. Карта парағының адресі ретінде жұмыс жасайды. Географиялық орын мен карта масштабына тәуелді. Топографиялық карталардың номенклатурасы мен жіктелуі 1:1000000-дық масштаб карта номенклатурасынан алынады. Бір миллиондық картаның әрбір парағы 6 градус сайын меридиандар мен 4 градус сайын жүргізілген параллельдермен шектеледі. Яғни, екі көршілес параллель арасы 4 градус мөлшерді қатар, ал екі көршілес бойлық арасы 6 градус мөлшерді колонна деп белгілейміз. Қатарлар латын әріптерінің бас әріпімен экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай белгіленеді, ал колонналар араб цифрларымен батыстан шығысқа қарай беріледі. Қатарлар нумерациясы солтүстікте 22 қатар, оңтүстікте 22 қатар. Мәселен, А қатары экватормен 4° ендік аралығында, В қатары 4° және 8°, С қатары 8° және 12° аралығында тағы да сол секілді жалғасып кете береді. Ал жалпы колонналар саны 60 болады. Нөлдік меридианы 30 және 31 колонна арасында байланысады. Сонымен, 31 – 60 колонналар шығыс бойлықтарды қамтиды. Батыс жарты шар бөлігінде 30 колонна, шығыс бөлігінде 30 колонна бар. Мысалы бір колонна арасы 180 градус пен 174 градус арасында және де солай жалғаса береді. 6 градусқа кеми береді. Ендігі де мен осы номенклатура анықтауға мысал келтіру үшін белгілі бір жердің координаттарын аламыз. Мәселен, Анталья қаласының ендігі- солтүстік ендікте, бойлық- 30 градус 44 минут 28 секунд шығыс бойлық болып келеді. Осы қаланың номенклатурасын табайық. Бір миллиондық карта парағының ендігі мен бойлығын анықтап аламыз. Координаттары берілген. Қатарын анықтау үшін 36 градус 42 минут 48 секундты 4 градусқа бөлеміз, жауабы 9,18 яғни 9. Колонна бойынша 30 градус 44 минут 28 секундты 6 градусқа бөліп, мәні 5,12 яғни 5. Сонда Шығыс бойлық болған есеппен батыс бойлық бойынша 30 градус қосылып есептеледі. Миллиондық карта номенклатурасы I- 35 болады. Екінші 1:500000-дық карта номенклатура үшін парақты миллиондық карта бойынша бойлықты 3 градусқа, ендікті 3 градусқа бөлу арқылы бес жүз мыңдық карта бөлінуі шығады. Карта беті орыс әріптерінің А,Б,В,Г деп белгілеп, төрт бөлікке бөлеміз, төрт парағы 4 карта болады. Жауабы I- 35-А болды. Масштабы 1:200 000 карталары бойынша миллиондық карта парағын 36 трапецияға бөледі. Сонда ендіктер 40 минуттан, бойлықтар 1 градус сайын жүргізіледі, оларды Рим цифрларымен белгілейді. Бұл жерде ендік бойынша 30 градус пен 31 градус аралығында, бойлық бойынша 36 градус 40 минут пен 37 градус 20 минут аралығында белгіленеді. Мәні I- 35-IX екі жүз мыңдық номенклатурасы. 1:100 000 карта парақтары шығару үшін масштабы 1:1 млн карта парағын 144 бөлікке бөледі, оларды араб сандарымен белгілейді. Ендік бойынша 20 минут, бойлық бойынша 30 минуттар сайын. Анталья қаласы бойынша жүз мыңдық карта номенклатурасы мәні I- 35-42 болады. Масштабы 1:50 000 карта парағының номенклатурасын 1:100 000 карта парағы бойынша 4 бөлікке бөледі және А,Б,В және Г әріптерімен белгіленеді. Ендіктер 10 градус болып, бойлықтар 15 градусқа кемиді. Соңында Анталья қаласы үшін 50 мыңдық номенклатура I-35-42-В болды. 1:25 000 карта парағы үшін 1:50 000 карта парағын төрт бөлікке бөледі, оларды орыс алфавитінің кіші әріптерімен а,б,в, және г беріледі. Ендік үшін 5 минут, бойлық үшін 7 минут 5 секунд болады. Жиырма бес мыңдық карта номенклатура мәні I-35-42-В-г. Масштабы 1:10 000 карта парағының номенклатурасы - масштабы 1:25000 карта парағын 4 бөлікке бөледі және араб санымен 1-ден 4-ке дейін беріледі.Ендіктер 2 минут 30 секунд, бойлықтар 3 минут 45 секунд болып кемиді.Жауабы он мыңдық карта номенклатурасы I-35-42-В-г-4 болады. Топографиялық карта парағының номенклатурасы үшін географиялық координаталары белгілі болып, карта номенклатурасы белгілі болуы арқылы географиялық координаталары белгілі болады. Міне осылайша карта парғының номенклатурасы анықталады.
...