Отчет по практике по туризму
Автор: Bauka2812 • Декабрь 20, 2018 • Отчет по практике • 5,496 Слов (22 Страниц) • 954 Просмотры
КІРІСПЕ
Мен, Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Экономика және құқық факультеті Тур-14-1 тобының 2-курс студенті Даулетбаева Айнур 06.06.16-09.07.16 аралығында «Маңғыстау облысының туризм басқармасы» Мемлекеттік мекемесінде өндірістік тәжірибиеден өттім. Тәжіртбе барысында мекеменің құрылу тарихы мен қызмет бағыттарымен және ұйымдық құрылымымен таныстық. Мекеме мәдениеті мен ұйымдық тәртіп моделі және ұйымдағы персоналдық қызметін бағалап, құжаттармен таныстық. Мекеменің қазіргі жағдайы мен үрдістерін, көрсетілетін қызмет түрлеріне баға бердік.
Тәжірибенің мақсаты – студенттің жоғары оқу орнындағы оқу процесінде алған теориялық білімдерін бекіту мен тереңдету, маманнның кәсіби дағдыларды игеруі, сондай-ақ кәсіпорындардың қызметінен нақты жағдайында тәжірибе жинау, туризм менеджері ретінде өзіндік жұмыстың кәсіби дағдыларын қалыптастыру.
Сонымен қатар, студенттердің туризм индустриясымен және қонақжайлылықпен таныстыру, туристік кәсіпорындардың іс-әрекет өзгешелігі туралы бастапқы ойларын қалыптастыру, туристік кәсіпорындардың жұмыс технологиясымен таныстыру, студенттерге ары қарай білім алуы үшін мамандануды таңдау кезінде көмек көрсету.
Өндірістік тәжірибенің өту кезеңінде студент міндетті:
- кәсіпорын жетекшісімен өндірістік тәжірибенің бағдарламасында көрсетілген мақсат пен міндеттерді ескере отырып, тәжірибені өту жоспарын талқылауы керек, өндірістік тәжірибе бағдарламасында қарастырылған тапсырмаларды, сонымен бірге ұйым жетекшісінің тапсырмаларын толығымен орындау;
- тәжірибенің өтуі жөніндегі күнделікте күндегі жұмыстарды жазып отыру;
- тәжірибе аяқталғаннан кейін жетекшіден жазбаша пікір (мінездеме) мен өндірістік тәжірибені өту кезінде студент іс-әрекетінің бағасымен бірге алу.
ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
- Маңғыстау облысының туризм басқармасының негізгі міндеттері
1. «Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі туристік қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. «Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. «Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй. Мемлекеттік органның толық атауы:мемлекеттік тілде: «Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі орыс тілінде: государственное учреждение «Управление туризма Мангистауской области».«Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Маңғыстау облысының әкімдігі болып табылады.Осы Ереже «Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады. «Маңғыстау облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
...