Отчет по практике в Департаменте предпринимательства и туризма администрации города
Автор: Zamiarestai • Декабрь 22, 2018 • Отчет по практике • 825 Слов (4 Страниц) • 623 Просмотры
Өндірістік іс-тәжірибе мазмұны:
І.Негізгі бөлім
- Қазақстан Республикасының Үдемелі Индустриялды-Инновациялық Даму бағдарламасы бойынша мәліметпен танысу
- Қалада шағын және орта бизнесті дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасының орындалуы туралы мәлімет жинау
- Қалада шағын және орта бизнесті дамыту жағдайын талдау
- Қалада шағын және орта бизнесті дамытудың мақсаты, міндеттері және қаланың инвестициялық мүмкіншіліктері мен перспективалары
- Қаланың 2013-2017 жылдарға арналған аумақтық даму жоспарының орындалуын талдау.
- Қаланың негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемін пайдаланудың тиімділігін талдау
- Іс әрекеттегі шағын және орта бизнес субьектілері туралы есеп.
- Шағын және орта бизнес субъектілерін дамыту мәселелерін айқындау және оларды жою жолдарын үсыну
- Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің 2016-2017 жылдар аралығындағы есебімен танысу
- Қалалық кәсіпкерлік бөлімі бойынша 2018 жылы атқаратын жұмыс жоспарымен танысу
ІІ. Қосымша бөлім
- Түркістан қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік және Туризм бөлімінде жасалған құжаттар түріндегі қосымшалар.
Өндірістік іс-тәжірибе есебі
Мен, Демізақ Балжан Бекболатқызы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік ғылымдар факультеті
«Экономика және қаржы» кафедрасының 4-курс студенті өндірістік практикадан 22.01.2018-31.03.2018 аралығында Түркістан қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік және Туризм бөлімінен өттім.
Практика барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламалар мен стратегияларымен, соның ішінде Үдемелі Индустриялды Өндірістік практикадан өту барысында “Қазақстан Республикасының Инновациялық Даму бағдарламасы”, “Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту”, “Бизнестің жол картасы - 2020” бағдарламасымен таныстым, сонымен қатар Түркістан Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің осы құжаттар бойынша осы уақытқа дейін орындалған іс-шараларымен, атқарылған жұмыстар есебімен және де 2018-2021 жылдарға арналған жұмыс жоспарларымен таныстым. Осы орайда Кәсіпкерлік бөлімінің құрылымы, негізгі мақсат міндеттерін білдім, кіріс және шығыстық бұйрықтар мен хаттамаларды жазбаша және электронды түрде тіркеуді уйрендім.
Әріптестерімнің қолдауымен арнайы компьютерлік «Lotus Notes» электронды құжатайналым жүйесімен жұмыс жасауды уйрендім және 2015-2017 жылдар аралығындағы барлық құжаттармен таныстық, реттедік, делоға тіркедік. Жергілікті және ауыл-аймақтық ресми іс-қағаздармен, хаттармен жұмыс жасап, оларға жауап жазу шарттарымен танысып, үйрендім. Жергілікті кәсіпкерлермен танысу барысында олардың 2018 жылға арналған төлқұжаттық мәліметтерін жасадық және “Qamqor” мобильді қосымшасын орнатуды түсіндірдім. Жаңа адамдармен танысып, сөйлесу қабілетімді жақсарта түстім.
Практика кезінде Кәсіпкерлік мектептің және оның жекелеген элементтеріне қатысты көптеген материалдармен жұмыс жасай отырып, оқу үрдісі кезіндегі теориялық білімімді одан әрі жетілдіріп, өз мамандығым аясында қажетті тәжірибелік дағдыларға ие болдым.
Өндірістік іс-тәжірибе есебі
Мен, Естай Элмира Жеңісәліқызы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік ғылымдар факультеті
«Экономика және қаржы» кафедрасының 4-курс студенті өндірістік практикадан 22.01.2018-31.03.2018 аралығында Түркістан қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік және Туризм бөлімінен өттім.
...