Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отбасы және махаббат кундылыfы

Автор:   •  Май 22, 2023  •  Реферат  •  1,765 Слов (8 Страниц)  •  211 Просмотры

Страница 1 из 8

ОТБАСЫ ЖӘНЕ МАХАББАТ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Тұлғаны мақсатты түрде қалыптастырудағы айқын заңдылықтарды табу, жеке тұлғаны тәрбиелеуін ғылыми негізде құру, сонымен бірге психологиялық теорияның даму мүмкіндіктерін ескеру бүгінгі күннің талабына сәйкес жалпы тәрбие үрдісін қамтамасыз етеді.

        Адамның саналы белсенді іс-әрекеті, оның тұлғалығының психологиялық өзгешеліктерін дамытудың негізі. Қалыптасқан жеке адам өзінің көзқарасы, ұғымы, өнегелілік талаптары, бағалауымен, саналы қойған мақсатымен, өзінің қылығын, іс-әрекетін басқара білуімен сипатталады.

        Тұлға дамуында ең маңызды орын алатын  ол әрине – ата-ана тәрбиесі.  Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасы жеке тұлғаның қалыптасуына, мінез-құлқының тұрақталуына біршама әсер етеді. Сондай-ақ, бала отбасында қоғамдағы қалыпты өмірге қажетті өзіндік нақты ұстанымдар мен өзін-өзі ұстай білу қабілеттерін қалыптастырады.

        Тұлғаның қалыптасуында ананың орны ерекше. Дана халқымыздың бала тәрбиесі оның анасының бойына бітуімен басталады деген көрегендігі бар. Көреген аналарымыз бала бойына біткеннен бастап, олардың мінез-құлқының ерекшеліктерін, болашағын болжай білген көрінеді. Сондай-ақ, қазақ ұғымындағы отбасы – өмірдің берік тұтқасы. Ол адам баласының ой-санасы өсіп, ақыл-ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді, отбасында көрген жақсы-жаман қылықтардың бәрі бала сезіміне әсер етеді деп санаған. Демек, отбасының тәлімі – ерекше дәстүр.

        Тарихқа көз салсақ, отбасындағы бала тәрбиесімен, әсіресе, ұл өсіруде әке негізгі рөлді атқарған. Бала күнінен атқа мінуді үйретіп, ерлікке тәрбиелеген. Үлкен кісілерге сәлем беріп, ақ батасын алған баланың көсегесі көгеретіндігін баланың құлағына құйған. Әкесінен осындай тағылымды тәрбиені көріп өскен ұл – ешқашан біреудің ала жібін аттамаған.

        Хакім Абай: «Балаға үш мінезі алуан адамнан жұғады. Біріншісі ата-анадан, екіншісі ұстаздан, үшіншісі құрбыдан» – деген екен. Қай бала болса да, құрбысы мен ұстазынан гөрі отбасында көбірек болғандықтан, ата-анасының үйдегі өнегесі, мәдениеті мен ішкі жан дүниесі балаға айтарлықтай ықпал етеді.

        Жалпы, баланың дамуына маңызды әсер ететін 3 топ бар. Олар ата-анасының балаға деген обьективті әсері, бала тұлғасының дамуы, сондай-ақ, отбасындағы қарым-қатынас.

        Ата-ана тәрбиесі отбасының жетекші фунциялары арасында ерекше орын алады, өйткені баланың әл-ауқаты ғана емес, сонымен бірге қоғам мен мемлекеттің болашақ тағдыры ата-аналардың осы процесс үшін жауапкершілікті сезіну дәрежесіне байланысты. Отбасы жас ұрпақты тәуелсіз ересек өмірге дайындап, экономикалық және зитякерлік қызмет қабілеттерін дамытады.

        Бірақ, қазіргі уақытта ата-аналардың басым бөлігінен баланы тәрбиелеуге және баланы дамытуға қатысты жауапкершіліктің төмендігі байқалады. Тіпті, баланың даму кезеңдерінде жас шамасы мен жеке дара ерекшелікері жайлы білімдерінің жеткіліксіздігінен, кейде соқыр түйсікке сүйеніп тәрбиелеу үдерісін жүргізеді.

        Жалпы, отбасы – қоғамның бір бөлшегі, әлеуметтің ажыратылмайтын негізгі бір бөлігі болып табылады. Ал, ата-ана әртүрлі жастағы әлеуметтік топ ретінде балаға әртүрлі құндылықты бағыттарды қабылдауға, өмірлік құбылыстарды бағалаудың әртүрлі критерийлерін, әртүрлі идеалдар, көзқарастар, тұжырымдарды қабылдауға үйретеді.

        Психологтардың ойынша, әрбір жеке тұлғаның қажеттіліктерін отбасындағы жайлы ахуал толық қанағаттандырады екен. Яғни, отбасы тек баланың тұлғасының қалыптасуына ғана көмектесіп қоймай, оның үнемі кеңіп отыратын қоғамдық қатынастарына, әлеуметтенуіне жағдай жасап отырады. Сол арқылы бала әлеуметтік ортада үнемі болып отыратын өзгерістерге жауап беріп үйренеді. Арқа сүйейтін ана-атасының арқасында, жаңа қарым-қатынастар орнатады, нақты рөлдер мен орындарды иеленеді. Баланың өзіне деген сенімділігі қалыптасып, әлеуметтік ортаға бейімделе бастайды.

...

Скачать:   txt (23 Kb)   pdf (89.4 Kb)   docx (14 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club