Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Атырау облысы

Автор:   •  Декабрь 23, 2021  •  Реферат  •  546 Слов (3 Страниц)  •  380 Просмотры

Страница 1 из 3

Атырау облысы-Қазақстанның батысында,Жайық өзенінің бойында орналасқан қала.Қаланың негізі 1640 жылы қаланған.Сонымен қатар бұрынғы Каспий теңізінің орнында,шөл шөлейтті белдеуінде орналасқан

  • Мұнайлы өлке-Атыраудың экологиялық ахуалы жыл өткен сайын күрделеніп келеді.Оған өңірде ашылып жатқан өндліріс орындарының көбеюі.Қазіргі таңда он бес жылдан астам уақыттан бері мұнай өндіріліп жатқан «Теңіз» кеніші орналасқан Жылыой ауданын айтпағанның өзінде ,Атырау қаласындағы экологиялық жағдай онша мәз емес.Қала ішіндегі және облыс маңындағы ірі өндірістен шығатын  қалдықтар ауаны ластап,тұрғындардың  таза ауамен тыныс алуына кедергі келтіруде.
  • Өз бастауын Башқұртстан жерінен алатын Ақжайық Қазақстан мен Ресейдің трансшекаралық өзені болып табылады.Өзен суының таяздану процесі әлі де жалғасуда,жағалауы да күннен күнге тартылған.Қазір өзеннің жоғарғы жағынан гидротехникалық ғимараттарды салу құрылысы да өзеннің жағалауындағы таудай үйінділердің пайда болуына алып келді.Сонымен қатар ластанған суда балықтың саны азайған.Жайық өзенінің суы бүгінгі күні орташа ластанған деп сипатталады.Өзеннің негізгі ластану көздері оның жоғарғы ағысында орналасқан.
  • Бұл Магнитогорск металлургиялық комбинаты,Орск өнеркәсіп торабы,Ақтөбе хромды қоспа зауыты.Аналитикалық бақылау зертханасы Жайықтан бірнеше  мәрте су сынамасын алған.Нәтижесінде барлық сынамада жалпы темір,хлорид,сульфат,фенол концентрациясы мөлшерінің асып кеткендігі белгіленген

Азғыр» ядролық полигоны

  • Мамандарының басқаруымен ядролық жарылыстар сыналған құпия сынақ аймағы. Ауданы — 0,6 млн. га. Онда 1966 жылы көкектен 1977 жылы қазан айы аралығында 17 ядролық жарылыс (165-1500 м тереңдікте) сынағы жүргізілді. Ядролық қуат күші 10-25 тротилдің килотоннасына тең дәрежеге жеткен. Осының салдарынан жер астынан жалпы көлемі 1,2 млн. м3 9 қуыс пайда болды. 1991—92 жылы осы қуыстарды тексеру кезінде ыдырайтын радиоактивті заттардың сақталғаны анықталды . Сондай-ақ бұл жерлерде таллий, қорғасын, кадмий, мышьяк, бром, хлорид, сульфаттардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары болып отыр. Жер асты сулары ауыр металдармен ластанған. Радиоактивті заттармен ластанған топырақты, суды, егістік жерлерді, мал жайылымдарын тазартып, залалсыздандыру жұмыстары аяқталмаған. “Азғыр” ядролық полигонындағы жергілікті тұрғындарды мед. тексеруден өткізгенде, ауруға шалдыққандары мен қайтыс болғандарының саны (әсіресе балалардың) облыстағы орташа деңгеймен салыстарғанда 2-2,5 есе жоғары болған. Әсіресе рак, сүйек тіндерінің аурулары, иммунды жүйелер мен қан құрамының бұзылуы басым (балалардың 95-і анемия ауруына шалдыққан). Сонымен қатар мал өлімі де көбейген. Мысалы, 1992 жылы Құрманғазы ауданында ірі қараның 40-і, жылқының 35%-і, түйенің 30%-і, қойдың 20%-і өлген.

Жарылыстан көз ашпаған тағы бір жер - "Тайсойған" полигоны

  • Тайсойған» полигоны - бұрынгы КСРО Қорғаныс мин-лігі мен Атом өнеркәсібі мин-лігінің сынақ аймағы. Полигон 1952 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданында қүрылған. Сынақ ауданының жалпы аумағы 7,5 мың км², зымырандардың түсу ауданының аумағы 12,55 мың км². Полигонды стратег. мақсаттағы зымырандық әскери бөлімдер және әскери-әуе күштерінің бөлімдері пайдаланған. «Тайсойған» полигоны сынақ жұмыстарының түріне қарай 3 телімге бөлінген. 1-телімде («Мақат» алаңында) 40 жыл ішінде әрқайсысы 5,3 т болатын 300-дей СС-20 баллистик, зымырандар сыналды. Зымырандардан қалған аса қауіпті деп саналатын 600 кг-дай жанармай (НДМГ) және 1200 кг-дай азотты тотықтырушы (АК-27И) заттар сол аймақтағы 100 км²-дей жерді ластаған; әскери техника мен құралдардың 1,5 мың г-дай сынықтары әлі жатыр. 2-телімде, 929 - жазғы сынақ алаңында (ГЛИЦ) әскери-әуе күштері Сағыз өз-нің батысы мен Үшоба а-ның солт-нде сынақтар жүргізген. 3-телімде қанатты зымырандар 1991 жылдың қыркүйек айына дейін сыналған. Мұндағы сынақ жұмыстары Сағыз өзенінің шығысында жүргізілді. Бұл жерлердегі әскери техниканың сынықтары 2000 т-дай және зымырандардан қалған аса қауіпті жанармай қоршаған ортаға қауіп төндіруде. Полигон аймағында жанармайдың әсерінен пайда болған улы заттар топырақ пен өсімдіктер жамылғысын, жануарлар мен су құбырларын ластады. Су құрамындағы қорғасын, кадмий, талий, мыс және темірдің мөлшері шектеулі деңгейден 10-15 есе жоғары болған. Сонымен қатар зымырандар түскен жерлердегі топырақ құрамындағы көптеген элементтердің (қалайы, магний, кальций, марганец, хром, сынап, қорғасын, кобальт, т.б.) мөлшері айтарлықтай жоғарылаған.

...

Скачать:   txt (7.9 Kb)   pdf (89.2 Kb)   docx (9.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club