Landsat 8 арақашықтан зондылаудың арнайы мәселелері
Автор: kulmeskhan • Апрель 14, 2019 • Реферат • 2,253 Слов (10 Страниц) • 1,184 Просмотры
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
Картография және геоинформатика кафедрасы
СOӨЖ
Тақырыбы: Landsat 8 арақашықтан зондылаудың арнайы мәселелері
Орындаған: Күлмесхан М.
Тексерген: Какимжанов Е.Х
Алматы, 2019 ж
Мазмұны:
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Landsat 8 жерсерігі жайлы жалпы мәлімет
- Landsat 8 жерсерігінің арнайы мәселелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Кіріспе
Landsat бағдарламасы Жер планетасының жерсеріктік суреттерін алудың ең ұзақ мерзімді жобасы болып табылады. Бағдарлама бойынша алғашқы спутниктер 1972 жылы ұшырыла бастады; ең соңғы Landsat-8 2013 жылы 11ақпанда ұшырылды. Landsat жерсеріктерінде орнатылған жабдықтар миллиардтаған суреттерді жасады. АҚШ және әлемдегі спутниктік қабылдау станцияларында алынған суреттер ауыл шаруашылығы, картография, геология, орман шаруашылығы, білім беру және ұлттық қауіпсіздік салаларында әртүрлі ғылыми зерттеулер жүргізу үшін бірегей ресурс болып табылады. Мысалы, Landsat-7 спутнигі нүктеге 15-60м-ге, дейін кеңістік рұқсаттылығы бар, 8спектральды диапазондағы суреттерді жеткізеді.
Жердің жасанды серігі (ЖЖС ) — Жер төңірегіндегі орбитаға шығарылып, әр түрлі ғылыми және қолданбалы мәселелерді шешуге арналған ғарыштық аппарат. Дүние жүзіндегі ең тұңғыш ЖЖС КСРО-да 1957 жылы 4 қазанда ұшырылды. 1958 жылы 1 ақпанда орбитаға тұңғыш америкалық ЖЖС — “Эксплорер-1” шығарылды. Кейінірек өз ЖЖС-терін басқа елдер: 26.11.1965 — Франция (“А-1” серігі), 11.2.1970 — Жапония (“Осуми”), 24.4. 1970 — Қытай (“4 айна-1”), 28.10.1971 — Ұлыбритания (“Просперо”), 18.7.1980 — Үндістан (“Рохини”) ұшыра бастады. Канада, Франция, Италия, Ұлыбритания, т.б. елдерде жасалған кейбір серіктер 1962 жылдан бастап америкалық тасығыш ракеталардың көмегімен ұшырылды. Кеңестік тасығыш ракеталардың көмегімен Үндістан, Франция, Чехословакия, т.б. елдердің ЖЖС-тері орбитаға шығарылды.
Landsat-8 жер серігінің міндеттері:
1. 1:200 000 масштабқа дейін топографиялық және арнайы карталарды жасау және жаңарту;
2. Федерация субъектілерін аумақтық жоспарлау схемаларының жобаларын әзірлеу үшін топографиялық негіздерді жаңарту;
3. Мұнай мен газға іздеу жұмыстарына арналған перспективалды алаңдарды негіздеу, мұнай мен газ орындарын болжау және анықтау;
4. Кенді және кенсіз пайдалы қазбаларға іздеу жұмыстарына арналған перспективалық алаңдарды іздеу және негіздеу;
5. Ұсақ масштабты орман алқаптарын түгендеу. Орман пайдалануды бақылау және ормандардың жай-күйіне мониторинг жүргізу;
6. Өңірлік деңгейінде ауыл шаруашылығын картографиялау, егістіктің жай-күйіне мониторинг жүргізу, түсімділікті болжау;
7. Өсімдіктер, ландшафттар және табиғатты пайдалану карталарын автоматтандырылған етіп жасау;
8. Батпақтану және шөлейттену, тұздану, карст, эрозия, дала өрттерінің, су тасқыны және т. б. процестерін мониторингілеу және болжау.
Негізгі бөлім
Landsat 8 жерсерігі жайлы жалпы мәлімет
Landsat-8-Landsat бағдарламасы аясында сегізінші американдық Жерді қашықтықтан зондтау спутнигі (жетінші орбитаға шығарылған). Бастапқыда Landsat Data Continuity Mission (LDCM) деп аталды, NASA мен USGS бірлесіп құрылды. 2013 жылғы 11 Ақпанда орбитаға шығарылды.
...