Электрқауіпсіздігін қамтамасыз ету
Автор: qazaqstan • Ноябрь 29, 2023 • Реферат • 1,154 Слов (5 Страниц) • 138 Просмотры
12 Электрқауіпсіздігін қамтамасыз ету
Электр тоғының әсері және адамның электр тоғымен зақымдалу шарттарын талдау. Адам денесі бойымен электр тоғы өте отырып, өте күшті әсер етеді, ол термиялық, электролитикалық және биологиялық әсерлердің жиынтығы болып табылады. Осы әсерлердің кез-келгені электрлік зақымдалуға - жергілкті электр жарақатына және электрлік соққыға яғни алып келуі мүмкін. Олардың біріншісіне жататыны электрлік күйік; электрлік белгі; электрлік доға әсерімен балқыған металдың бөлшектерінің теріге түсуі; электрлік офтальмия; механикалық зақымдалулар. Туындаған электр соққысының әсеріне байланысты төрт дәрежеге бөледі: I-есін жоғалтпай бұлшық еттері тырысып қалауы; II- есін жоғалтады, бірақ тыныс алады және жүрегі соғады; III- есін жоғалтады және жүрек қызметі немесе тыныс алуы бұзылады (немесе екеуі де бұзылады); IV- клиникалық өлім жағдайы.
Электр тоғымен зақымдалу ауырлығы келесі факторларға байланысты болады: әсер ету күшінің мәні мен тоқтың кернеуі, адам денесінің электрлік кедергісі мен оның денесінен өту ұзақтығы, тоқтың жиілігі мен түрі, адамның жеке ерекшеліктері мен қоршаған ортаның әсері.
Адамға электр тоғының әсерін сипаттау үшін келесі түрлерге бөледі: кіре берістік сезілетін тоқ, мұнда адам қоздыруды сезе бастайды; жібермейтін тоқ, мұнда адам қолының бұлшық еттері тырыса бастайды, бірақ адам өздігінен тоқ көзінен ажырай алады; фибирляциялық тоқ, мұнда тоқ жүрек фибирляциясына және қозғалыстық жүйенің істен шығуына алып келеді.
Зақымдалуға адам денесінің кедергісі қатты әсер етеді, ол тері мен жұмсақ ұлпалардың кедергісінен тұрады. Олар келесідей шектерде өзгеріп отырады: теріде-3·103 .....2·104Ом-м, жұмсақ мүшелерде 103Ом-м болады.
Адам денесі арқылы өтетені тоқтың ұзақтығы зақымдалуға қатты әсер етеді, соған байланысты уақыт өтуімен адамның терісінің кедергісі бірден түсіп кетеді, жүректің зақымдалуы да мүмкін және басқада кері әсерлері көбейіп кетеді.
Адам денесі арқылы өткен тоқ жолының да әсер жоғары болады. Ең қауіп төндіретіні «қол-аяқ» жолы арқылы өткен тоқ, мұнда тоқ өмірлік маңызды мүшелері арқылы өтеді (жүрек, өкпе, бас миы), сонымен бірге ұзақ уақыт өтуі де ағзаға қауіпті.
Зақымдалу дәржесі тоқтың түрі мен жиілігіне байланысты болады. Мұнда ең қауіптісі ауыспалы тоқ, жиілігі 20-дан 1000 Гц-ке дейін болады және әсіресе 50-70 Гц-те өте қауіпті болады. Өйткені мұндағы осындай жиілікті тоқ адам ағзасы биотоғында резонансты құбылысты туындатады. Ауыспалы тоқ тұрақты тоққа қарағанда қауіпті болады, бірақ бұл 250....300В кернеуде ғана қауіпті болады; өте жоғары кернеулерде тұрақты тоқ қауіпті болып кетеді.
Адамның зақымдалуы, жанасу кернеуі мен адым кернеуіне байланысты болуы мүмкін. Олардың біріншісі- тоқ тізбегінің екі нүктесі арасындағы кернеуде, тура сол кезде адамның жанасуы мүмкіндігі. Адымы кернеуі - адым қашықтығында (0,8м) бір-бірінен қашықта тұрған тоқ тізбегінің екі нүктесі арасындағы кернеуде адам бір уақытта сол жерде адамның тұру мүмкіндігі. Трансформация, береліс, электрлік энергияны тарату және оны басқа түрге ауыстыруға арналған машиналар, аппараттар, желілер және қосымша жабдықтар (олар орналасқан үймереттерімен және ғимараттарымен бірге) жиыны электрлік жабдықтар деп аталады. Электрлік қауіпсіздік мақсатында олар, жерлендірілген бейтарап (тоғы жоғары жерге тұйықтандырылған) 1000 В-тан жоғары тораптағы кернеулі электр қондырғылары және оқшауланған бейтарап (тоғы аз жерге тұйықтандырылған); жерлендірілген бейтарап және оқшауланған бейтарап 1000В –ке дейінгі кернеулі электр қондырғылары болып бөлінеді.
Жерлендірілген бейтарап дегеніміз, ол жерлендіргіш құрылғыға тікелей жерлендіріліп жалғанған немесе аз кернеумен жалғанған генератор немесе трансформатор бейтараптағышы.
Оқшауланған бейтарап дегеніміз, ол жерлендіргіш құрылғыға жалғанбаған немесе оған дабылдық, өлшеу, қорғаныс, жерлендіргіш доғаны басқыш реакторлар және соғын ұқсас жоғары кернеулі құрылғылармен жалғанған генератор немесе трансформатор бейтараптағышы.
Электр тоғымен зақымдалу келесідей жағдайларда болуы мүмкін:
- электр қондырғыларының тоқ өткізгіш бөлігіне жанасуда;
...