Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жобаның тәуекелін басқару

Автор:   •  Декабрь 10, 2023  •  Лекция  •  593 Слов (3 Страниц)  •  101 Просмотры

Страница 1 из 3

10-ТАҚЫРЫП. Жобаның тәуекелін басқару

Дәріс жоспары

1. Жоба тәуекелдерін тану және бағалау

2.  Жоба тәуекелдерін басқару процесі

3. Тәуекелдің көздері: ішкі және сыртқы

4. Тәуекелдерді талдау және бағалау

Дәріс тезистері

Кез-келген жоба тәуекелмен байланысты. Жоба тәуекелдерін тану және бағалай білуден, тәуекелдерді басқару бойынша белсенді шаралар қабылдаудан жобаның табыстылығы мен жобаны басқару сапасы тәуелді.

Тәуекел – жоба параметрлері мен нәтижелеріне теріс немес оң әсер етуі мүмкін жоба үшін ықтимал жағдай.

Тәуекел барлық жобаларда болады. Жоба ерекше болған сайын тәуекелдігі артады. Тәуекелдің көзі (тәуекел себептері) мен салдарлары (жобаға әсері) болады. Жобаның негізгі сипаттамалары болып табылады:

  • тәуекелдің ықтималдығы;
  • әлеуетті шығын (тәуекел салдарлары).

Жобаларды басқарудың тұжырымдамалары әлеуетті тәуекелдерді бағалауға, тәуекелді жобалардан бас тартуға шоғырланған.

Тәуекелдерді басқару – тәуекелдерді анықтау және талдаумен, тәуекелдік жағдайларға жауап беру шараларын әзірлеумен байланысты жүйелік процестердің жиынтығы.

Жоба тәуекелдерін басқару процесі төмендегі процедураларды орындауды қамтиды:

  • тәуекелдерді анықтау – жобаға әсер етуі мүмікн тәуекелдерді анықтау, олардың сипаттамаларын құжаттау;
  • тәуекелдерді бағалау – жобаға тәуекелдердің себептері мен тәуекелін, сонымен қатар жобаға тәуекелдің әсерін сапалық және сандық талдау;
  • тәуекелдерге жауап беруді жоспарлау – жобаның табысты аяқталу ықтималдығын жалпы арттыру жағдайында тәуекелдік жағдайлардың кері әсерінің ықтималдығын төмендету және әлсіретуді қамтамасыз ететін шараларды әзірлеу;
  • тәуекелдер мониторингі және бақылау – тәуекелдік жағдайлардың пайда болуын қарастыру, жаңа тәуекелдерді анықтау, жоба тәуекелдерін басқару жоспарын орындау және тәуекелдерді төмендету бойынша іс-әрекеттер тиімділігін бағалау.

Тәуекелдерді басқару процестері мазмұнды, мерзімді, шығындарды басқару процестерімен тығыз байланысты.

Жобаның тәуекелдерін басқару қамтамасыз етеді:

  • жобаның барлық қатысушыларымен жобаның тәуекелдерінің анықсыздығын, көздерін және мүмкін салдарларын дұрыс түсіну;
  • анықсыздықпен байланысты жобаны тиімді жүзеге асыру үшін мүмкіндіктерді анықтау және көбейту;
  • жоба тәуекелдерін төмендетуге және олардың жобаға теріс әсер етуіне бағытталған белсенді іс-әрекеттер кешенін әзірлеу;
  • тәуекелдерге жауап беру бойынша шаралардың жоспарын әзірлеу;
  • жобаны жүзеге асыру барысында жоба тәуекелдеріне мониторинг.

Тәуекелдерді басқару бойынша жұмыс – жоба менеджерінің міндеттерінің құрамдас бөлігі. Тәуекелдерді басқару жоспары төмендегі компонеттерді қмтиды:

  • әдіснама – жоба тәуекелдерін басқару үшін ұсынылатын мәліметтер тәсілдеріне, әдістеріне, құралдарына және көздеріне шолу. Жобаны басқарудың қандай да бір әдіснамасын қолдану жобаны жүзеге асыру кезеңінен, қол жетімді ақпарат санынан және тәуекелдерді басқару барысында оны қолдану мүмкіндігінен тәуелді.
  • рольдер мен жауапкершілік – тәуекелдерді басқару жоспарында қарастырылған процедураларды орындағаны үшін команда мүшелерінің рольдері мен жауапкершілігін бөлу. Жобаға қатысты тәуекелдерді басқарудың сыртқы командасын құруға болады. Мұндай команда неғұрлым тәуелсіз және объективті болып табылады.
  • бюджет – жоба тәуекелдерін басқару үшін қажет бюджет қалыптастыру ережелерін немесе осы жұмыстардың қаржылық және ресурстық қамтамасыз ету қағидаттарын анықтау.
  • регламент – жобаның өмірлік циклі кезеңінде оларды лоындау процедураларын, ережелері мен кезеңділігін анықтау.
  • бағалау және қайта есептеу әдіснамасы (метрология) – жоба тәуекелдерін сапалық және сандық талдауды жүзеге асыру барысында тәуекелдер параметрлерін бағалау және қайта есептеудің келісілген және бекітілген шкалалары мен қағидаттары.
  • тәуекелдердің табалдырықты деңгейі – бұрын анықталған әдіснама бойынша есептелген нақты жоба тәуекелінің мүмкін деңгейі. Жобаның әртүрлі қатысушылары (тапсырыс беруші, инвестор, бас мердігер) жоба тәуекелінің табалдырықты мүмкін деңгейіне әртүрлі бағалау беруі мүмкін.
  • типтік формалар мен есептер – жоба тәуекелдерін сипаттау және талдаудың, тәуекелдерге жауап беру шараларының құжаттау және келісудің бекітілген шаблондары мен формалары.
  • тәуекелдерді басқару процестеріне мониторинг және құжаттау қағидаттары – ағымдық және болашақ жобалар аясында оларды пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында тәуекелдерді басқару процедураларын жүзеге асыру нәтижелерін құжаттауға ұсынылатын тәсілдер.

Тәуекелдерді анықтау мақсаты – жоба тәуекелдерінің максималды толық тізімін құру, әсіресе қауіпті тәуекелдерді назарда ұстау. Тәуекел өз табиғаты бойынша жасырын болады, оларды анықтау алдыңғы тәжірибеге сүйене отырып және әртүрлі факторларды анықтау және талдау жолымен тәуекелдер себептері болып табылуы мүмкін. Жоба менеджері ол үшін тәуекелдердің мүмкін көздерін түсінуі, тәуекелдер анықтаудың белгілі бір әдістерін меңгеруі және мамандардың білімі мен тәжірибесін меңгеруі керек.

...

Скачать:   txt (9.6 Kb)   pdf (71.3 Kb)   docx (193.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club