Франция қылмыстық құқығы
Автор: 19982000 • Май 15, 2019 • Реферат • 3,257 Слов (14 Страниц) • 1,817 Просмотры
Франция қылмыстық құқығы.
Жоспар:
1.Франция қылмыстық құқығының қайнар көздері
2.Франция қылмыстық құқығындағы жаза ұғымы
3.Франция қылмыстық құқығындағы жаза жүйесі
4.Қорытынды
Франция қылмыстық құқығының даму тарихы өте қызық. Қазіргі таңда үлкен маңызға ие азаматтардың заң алдындағы теңдігі және кінәсіздік презумпциясы қағидалары тұңғыш рет 1789ж қабылданған «адам және азамат құқығының Декларациясында» бекітілді. Саяси-құқықтық құжат ретінде бұл Декларация тек француз құқығының ғана емес, көптеген батыс еуропа елдерінің құқықтық жүйесінің дамуына әсер етті.
Осы декларация ережелері мен Беккарийдің және Ш.Монтеськенің көзқарастары негізінде 1791ж тұңғыш буржуазиялық Қылмыстық кодекс қабылданды. Бұл кодекстің ерекшелігі діни қылмыстарға және өлім жазасының қолданылуына шек қойды.
1810ж Напалеон қабылдаған қылмыстық кодекс францияда 1992ж дейін қолданыста болды. Бұл кодекс Бентамның көзқарасы негізінде дайындалды, ол қылмыскерлерді қорқытуға негізделген. Сондықтан 30 түрлі қылмыс үшін – өлім жазасы, 15 түрлі қылмыс құрамына – өмір бойына айдау (жер аудару) жазасы қолданылды. Бұл кодексте ерекше жаза ұятсыз бағанаға тұру болып табылды. Өлім жазасы басын кесу арқылы жүзеге асырылды және алаңда жария түрде орындалатын болды. Әкесін өлтіргені үшін ерекше қатал жаза қолданылатын болған, қара жамылғы жамылдырып алаңда басын кесетін болған. Ең ұятсыз жазалар:
1.Ұятсыздар бағанасына тұрғызу.
2. Жер аудару.
3.Азаматты құқықтарынан айыру немесе шектеу.
1810ж Қылмыстық кодекс ұзақ уақыт қолданыста болғандықтан оған көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
1. 1832ж ұятсыз бағанаға тұру жазасы жойылды.
2. 1848ж саяси қылмыстар бойынша өлім жазасы алынды.
3. 1875 ж бастап негізгі жазамен бірге қосымша жазалар да қолданыла бастады.
1885ж бастап түзелмейтін рецидивистерді жер аудару туралы заң қабылданды. 1939ж бастап өлім жазасы түрмеде тиісті субьектілердің қатысымен өткізілетін болды. Франция тарихында 1981ж бастап өлім жазасы жойылды. Францияның Қылмыстық құқығының тарихы осындай күрделі өзгерістерден және кезеңдерден өтті.
Жалпы салыстырмалы талдау жасайтын болсақ, Францияның және Қазақстанның құқықтық жүйесінде ұқсастық көп. Мемлекеттік билік екі елде де үш тармаққа: заң шығару, атқару, сот тармақтарына бөлінеді. Екі елде де кодификацияланған Қылмыстық заңнама әрекет етеді.
Франция қылмыстық құқығының қайнар көзі –нормативтік құқықтық актілер, себебі Франция романо-германдық құқықтық жүйеге кіретін мемлекет. Оның қайнар көздер жүйесін мыналар құрайды:
1. «Адам және азамат құқығының Декларациясы» 1789ж қабылданған. Бұл құжат қылмыстық құқықтың қайнар көздері қатарына жатқызылу себебі онда қылмыстық құқықтық нормалар көрініс тапқан. Мысалы: қоғамға қауіпті әрекетке заңды тыйым салу, жазаға тартылатын әрекеттер шеңберін заңмен белгілеу, қылмыстық жазаны ізгілендіру, қылмыстық заңның кері күшінің болмауы.
2. 1958ж қабылданған Франция Конституциясы. Бұл Конституцияда да қылмыстық нормалар бар. Мысалы: өлім жазасына кесілген субьектілерге Президент кешірім бере алады, іс-әрекеттер оған қолданылатын жаза түрі, ешкімді өз еркі бойынша бас бостандығынан айыруға болмайды.
3. Францияның 1992ж қабылданған Қылмыстық кодексі. Ол 6 кітаптан тұрады. Бірінші кітап қылмыстық құқықтың жалпы бөлімін қамтиды, екінші кітап «Адамға қарсы қылмыстар», үшінші кітап «меншікке қарсы қылмыстар», төртінші кітап «мемлекетке, ұлтқа қарсы қылмыстар», бесінші кітап «өзге де қылмыстар», алтыншы кітап «іс-әрекеттер» деп аталады.
Қылмыстық құқықтан басқа да ззаңнамаларда қылмыстық жауапкершілікті белгілейтін нормалар бар. Жер кодексі, Орман кодексінде де қылмыстық жауапкершілікке тартуға байланысты нормалар бар. 1966ж 1 қаңтарынан бастап «Қылмыстық-әскери кодекс» қабылданды.
Франция қылмыстық кодексін түсіндіру үш жақты жүргізіледі.
Бірінші, Қылмыстық кодекстің уақыт бойынша күші. Қылмыстық кодекстің уақыт бойынша күші екі түрде түсіндіріледі. Біріншісі – классикалық бағыт, бұл позицияны «Мерль Левассер» позициясы деп атайды. Оның жақтаушыларының көзқарасына сәйкес қылмыстық кодекстің кері күші болмауы тиіс, бірақ қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін немесе жауапкершіліктен босататын норманы кері қолдануға болады. Екінші позиция жаңа бағыт, оның жақтаушылары «Рубье-Витью» позициясы. Олардың пікірінше, жаңадан қабылданған заңның еш кері күші болмауы тиіс.
...