Тұрақты ауыл шаруашылығы үшін “Жасыл экономика” тетіктері:әлемнің түрлі елдерінің тәжірибесі
Автор: Akerkewww • Декабрь 2, 2021 • Реферат • 7,075 Слов (29 Страниц) • 311 Просмотры
[pic 1]
[pic 2]
Факультеті: «Физика-техникалық КФ-117 » Кафедрасы: «Плазмалық физика »
СӨЖ
Тақырыбы: Тұрақты ауыл шаруашылығы үшін “Жасыл экономика” тетіктері:әлемнің түрлі елдерінің тәжірибесі
Орындағандар:Женисова А., Байбосынова Г., Қалдыбекова Д., Әуелхан Е., Қалшабекұлы Р. Тексерген: Айту Ошақбай
Тұрақты ауыл шаруашылығы үшін “Жасыл экономика” тетіктері: әлемнің түрлі елдерінің тәжірибесі
“Жасыл экономика” осыдан термині жиырма жыл бұрын әртүрлі елдерде қолданыла бастады. Нақты осы кезде, экономиканың жылдам даму қарқынында алдағы уақытта қоршаған ортаны қалыпты жағдайда сақтау мүмкін емес деген түсінік қалыптасты. Өнеркәсіптің, көлік пен энергетиканың серпінді дамуы жойқын өзгерістерге әкеледі.Мысалы, планетадан, атап айтқанда өндірістен бөлінетін энергияның көп мөлшерімен байланысты атмосфералық фронттың өзгеруінен туындаған жаһандық жылыну; қайта өңдеу өнімдерінің зиянды қалдықтары немесе химиялық радиациялық аймақтардың пайда болуынан кейбір жерлердің шөлейттенуі; әртүрлі техногендік апаттар немесе адам факторының салдарларынан өсімдіктер мен жануарлар дүниесі деңгейінің алуан түрлілігінің төмендеуі.Сонымен қатар, Жер ресурстарының азаюы өткір мәселе болып тұр. Адамзаттың табиғи ресурстарды осылай белсенді тұтынуы нәтижесінде бірнеше жүз жылдан кейін олардың кейбірі жоғалады деген үлкен ықтималдық бар. Бір ресурстың жоғалуы көптеген экономикалық және экологиялық проблемаларды тудырады. Биологиялық орта адамдардың тұрақты өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ете алатындай көлемде өнім бере алмайды, ал ресурстардың сарқылуын ескеретін болсақ, бұл проблема жаппай сипатқа ие болады.
«Жасыл экономика» – бұл экономикалық қызметтің жаңа бағыты, оның негізінде қоршаған ортаны және экологияны, адам өмірі мен денсаулығына қажетті ресурстарды сақтау, бұл ретте экономиканы одан әрі дамыту жатыр.
«Жасыл экономиканың» жалпы қабылданған анықтамасы қазіргі уақытта халықаралық деңгейде жоқ.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасы (UNEP) «жасыл экономиканы» адамдардың әл-ауқаты мен әлеуметтік теңдіктің артуына алып келеді және қоршаған ортаға жағымсыз әсерді және экологиялық құлдырау тәуекелдерін айтарлықтай төмендететін құралы ретінде анықтайды .
UNEP «жасыл экономиканың» төмендегідей негізгі қағидаттарын анықтады:
- бір ұрпақ шеңберінде, сондай-ақ ұрпақтар арасындағы да әділдік пен объективтілік;
- тұрақты даму қағидаттарымен келісу;
- әлеуметтік әсерлер мен қоршаған орта әсерлерін алдын алу тәсілі;
- табиғи және әлеуметтік капиталды бағалау, мысалы, сыртқы шығыстарды интернацио-
- нализациялау, жасыл есеп, басқаруды пайдаланудың және жетілдірудің бүкіл мерзіміндегі шығындар;
- ресурстарды тұрақты және тиімді пайдалану, тұтыну және өндіру;
- «Жасыл» жұмыс орындарын құру, кедейшілікті жою, негізгі секторларда бәсекеге қа- білеттілікті және өсуді арттыру арқылы қолданыстағы макроэкономикалық мақсаттарға қол жеткізу қажеттілігі.
Әртүрлі ресми құжаттарда «жасыл экономика» әрқалай аталады: «жасыл өсім», «төмен көміртекті экономика», «ресурс үнемдеуші экономика», «инклюзивті экономика». Соңғы кезде «көп айналымды» немесе «циркулярлық» экономика деп атау пайда болды.
Тұрақты даму бойынша БҰҰ-ы конференциясында («Рио+20») мемлекеттер тұрақты дамудың маңызды құралы ретінде «жасыл экономика» тұжырымдамасын әзірлеуге келісті, оның мәні экономика, әлеуметтік саясат және экология арасындағы үйлесімге қол жеткізу болып табылады. Ол қоғамның, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың, өндірушілер мен өнеркәсіп саласының, экологиялық ұйымдардың, саяси ұйымдардың, әлеуметтік құ- рылымдардың және т.б. мүдделерін қозғайды. Демек, «жасыл экономика» тұжырымдамасы – бұл халықтың денсаулығы мен әлеуметтік әділдігін жақсартуға, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіпті әсерді айтарлықтай төмендетуге және экологиялық тапшылықты төмендетуге әкелетін модель .
...