Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Рассмотрение проблемы экологической безопасности в Республике Казахстан на примере Швейцарии: правовой анализ

Автор:   •  Март 24, 2022  •  Реферат  •  1,555 Слов (7 Страниц)  •  276 Просмотры

Страница 1 из 7

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІН (ҚОҚЫС ТАСТАУ) ШВЕЙЦАРИЯ МЫСАЛЫНДА ҚАРАСТЫРУ: ҚҰҚЫҚТЫҚ АНАЛИЗ

 Токтарбекова М. Е.

Тұран Университеті

«Халықаралық құқық» мамандығының 3 курс студенті

Ғылыми жетекші: з.ғ.м. Жақсылықбаева Ә. А.

Аңдатпа

 Мақалада әлемдік экологиялық проблемаға айналған қоқыс тастау мәселесі қарастырылады. Табиғатты сақтауда, ауа мен судың ластанбауында қоқысты қайта өңдеу қажеттігінің маңызы үлкен. Қоқысты сұрыптау және қайта өңдеу экологиялық проблемалармен күресудегі тиімді шаралардың бірі. Мақалада Қазақстан мен Швейцарияның қоқысты қайта өңдеу саласындағы заңнамасына салыстырмалы анализ жасалынған. Анализ нәтижесі бойынша Қазақстанның заңдарына қажетті өзгерістер талқыланады.  Қазақстанның заңнамасын жетілдіру, қоқыс тастау мәселесінде Швейцарияның тәжірибесін ішінара қолдану, заңның жүзеге асу жолдарын басты назарға қою арқылы экологиялық жағдайды жақсарту.

 Кілт сөздер: экологиялық қауіпсіздік, экологиялық құқық, қоқыс тастау, қоқысты қайта өңдеу.

РАССМОТРЕНИЕ ПРОБЛЕМЫ ЭКОЛОГИЧЕСКОЙ БЕЗОПАСНОСТИ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН (ВЫБРОС МУСОРА) НА ПРИМЕРЕ ШВЕЙЦАРИИ: ПРАВОВОЙ АНАЛИЗ

Токтарбекова М. Е.

Студент 3 курса специальности «Международное право»

Университета Туран

Научный руководитель: м.юр.н. Жаксылыкбаева А. А.

Аннотация

 В статье рассматривается проблема выброса мусора, ставшая мировой экологической проблемой. Большое значение в сохранении природы, отсутствии загрязнения воздуха и воды имеет необходимость переработки мусора. Сортировка и переработка мусора одна из эффективных мер в борьбе с экологическими проблемами. В статье проводиться сравнительный анализ законодательства Казахстана и Швейцарии в сфере переработки мусора. По результатам анализа будут обсуждены необходимые изменения в законах Казахстана. Совершенствование законодательства Казахстана, частичное применение швейцарского опыта в вопросах выброса мусора, улучшение экологической обстановки путем принятия во внимание путей реализации закона.

 Ключевые слова: экологическая безопасность, экологическое право, выброс мусора, переработка мусора.

CONSIDERATION OF THE ISSUE OF ENVIRONMENTAL SAFETY IN THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN (GARBAGE DISPOSAL) ON THE SAMPLE OF SWITZERLAND: LEGAL ANALYSIS

Toktarbekova M. E.

3rd year student of the specialty "International Law"

Turan University

Scientific supervisor: master of law Zhaksylykbaeva A. A.

Annotation

 The article considered the problem of garbage disposal, which has become a global environmental problem. Of great importance in the conservation of nature, the absence of air and water pollution is the need for waste recycling. Sorting and recycling of garbage is one of the most effective measures in the fight against environmental problems. The article provides a comparative analysis of the legislation of Kazakhstan and Switzerland in the field of waste recycling. According to the results of the analysis, the necessary changes in the laws of Kazakhstan will be discussed. Improvement of the legislation of Kazakhstan, partial application of Swiss experience in matters of garbage disposal, improvement of the environmental situation by taking into account the ways of implementing the law.

 Keywords: environmental safety, environmental law, garbage disposal, garbage recycling.

 Қоқыс тастау мәселесі - жаһандық экологиялық проблема. Тұтыну көлемі өскен сайын, қалдықтар саны да артуда. Бұл әлемді қайтымсыз экологиялық дағдарысқа алып келуі мүмкін. Қоқыс тастау проблемасымен күресуде әр мемлекет өз тәжирибесін ұсынуда. Йель Университетінің жанындағы экологиялық саясат пен құқық орталығы екі жылда бір рет әлемнің ең экологиялық таза елдер рейтингісін жасайды. Рейтингтің алғашқы үштігіне кіретін Швейцария Конфедерациясының экологиялық проблемалармен күресудегі жетістіктері үлкен нәтиже көрсетті. Қазақстандағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Швейцарияның үздік тәжірибесін қолдану, бізді бұл салада жаңа деңгейге шығарады. Қазақстан мен Швейцарияның экологиялық құқығындағы жалпы стандарттар халықаралық құқықтың негізгі принциптеріне сәйкес келеді. Қазақстан да, Швейцария да Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылғы Рио-де-Жанейро Конференциясында қабылданған  Қоршаған орта және даму жөніндегі декларациясына қол қойған мемлекеттер қатарына кіреді. Рио-де-Жанейро декларациясы 1972 жылы 16 маусымда Стокгольмде қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымының адамды қоршаған орта мәселелері жөніндегі Конференциясының декларациясын растайды және оны дамытуға ұмтылады. Рио-де-Жанейро декларациясы қоршаған ортаны қорғау саласында негізгі 27 принципті ұсынады. Декларацияның 11 принципіне сәйкес «Мемлекеттер қоршаған орта саласындағы тиімді заңнамалық актілерді қабылдайды. Экологиялық стандарттар, регламенттеу мақсаттары мен басымдықтары олар қолданылатын экологиялық жағдайлар мен даму жағдайларын көрсетуге тиіс» [1]. Швейцария заңдарының эффективтілігін, жүзеге асыру жолдарының тиімділігін әлемдік рейтингтің көрсеткіштері анықтады.

...

Скачать:   txt (22.6 Kb)   pdf (157.9 Kb)   docx (14.7 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club