Отчет по практике в «Бейнеу ауыл әкімінің аппараты»
Автор: aibekkoilybaev • Апрель 7, 2021 • Отчет по практике • 5,776 Слов (24 Страниц) • 1,007 Просмотры
Кіріспе
2021 жылдың 18 қаңтар мен 26 наурыз аралығында мен Маңғыстау обылысы, Бейнеу ауданындағы «Бейнеу ауыл әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінен өндірістік практикадан өттім. «Бейнеу ауыл әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін ұйымдық, құқықтық, ақпараттық, консультациялық және логистикалық қолдауды жүзеге асыратын, мемлекеттік мекеме болып табылады.
Тәжірибе мақсаты - теориялық білімді жетілдіру мен қорытындылау. Таңдалған мамандық бойынша негізгі тәжірибелік дағдыны қалыптастыру, басқарушылық шешімдерді қабылдауға дайындық, сондай - ақ қабылданған шешімдерді орындау жұмыстарын ұйымдастыру, мемлекеттік және жергілікті басқару органдарымен жан – жақты танысу.
Тәжірибені өту бағдарламасына сәйкес мына құжаттармен танысып, тапсырмаларды орындадым:
- «Бейнеу ауыл әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-құқықтық сипаттамасыментанысу; «Бейнеу ауыл әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымымен танысу;
- «Бейнеу ауыл әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құқықтары және міндеттерімен танысу;
- Бейнеу ауылының әлеуметтік - экономикалық даму жағдайын талдау;
- Бейнеу ауылындағы қызметтерді талдау;
- Өндірістік тәжірибе бойынша қажетті материалдар жинақтау, есеп беру.
Тәжірибеден өту барысында мен мекемеге күн сайын барып, жетекшімен берілген тапсырмаларды орындадым. Мәліметтерді жинақтап, өңдеп, кейіннен талдадым. Есепті жасау барысында мен нормативтік заң актілерін, мекеменің статистикалық мәліметтерін, көрсеткіштерін, ресми құжаттарды пайдаландым. Есептің құрылымы кіріспеден, негізгі тараулардан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1. «Бейнеу ауыл әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-құқықтық сипаттамасы.
1.1 «Бейнеу ауыл әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы.
«Бейнеу ауыл әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімдігінің ұйымдастырушылық – құқықтық, ақпараттық және материалдық – техникалық қамтамасыз етуін жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
«Бейнеу ауыл әкімінің аппараты» - жергілікті атқарушы органның және әкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме. (ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 1б.2т.)
Бейнеу ауылы әкімінің қызметін ақпараттық – талдау тұрғысынан, ұйымдық – құқықтық және материалдық – техникалық жағынан қамтамасыз етуді «Бейнеу ауыл әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады. (ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 38б.1т.)
«Бейнеу ауыл әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
«Бейнеу ауыл әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
«Бейнеу ауыл әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
«Бейнеу ауыл әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Бейнеу ауыл әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкім өкім қабылдайды.
«Бейнеу ауыл әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санын Орал қаласы әкімдігімен бекітеді (9 бірлік, 2013 жылғы 16 тамыздағы № 2473 қаулысы, 6 – қосымша)
Заңды тұлғаның орналасқан жері: Маңғыстау обылысы, индексі – 130100, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы, Досан Тәжиев көшесі, 14В.
«Бейнеу ауыл әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі және еңбек ұжымының қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының Еңбек заңына сай реттеледі.
...