Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бәсеке және оның Қазақстанның заманауи нарықтық экономикасындағы орны

Автор:   •  Февраль 18, 2019  •  Курсовая работа  •  3,458 Слов (14 Страниц)  •  1,146 Просмотры

Страница 1 из 14

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІІГІ

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

«Менеджмент және кәсіпкерлік» кафедрасы

Теориялық экономика және экономикалық практика

Семестрлік жұмыс №1

Тақырыбы: «Бәсеке және оның Қазақстанның заманауи нарықтық экономикасындағы орны»

Орындаған: РЭТк 17-3 тобының студенті

Түгелбаева Ж. Ғ.

Тексерген: э. ғ. қ. доцент Нұрпейіс Е. М.

__________________       _______________    «_____» ____________ 2019 ж

          баға                                     қолы


Алматы 2019

Жоспар

Кіріспе.......................................................................................................................3

Негізгі бөлім:

1. Бәсеке мәні........................................................................................................4-6

2. Бәсекенің түрлері...........................................................................................7-10                

3. Қазақстандағы бәсекенің дамуы және оның экономикадағы орны..........11-14                     

Қорытынды............................................................................................................15

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................16

Кіріспе

Семестрлік жұмыстың мақсаты – бәсеке және оның Қазақстанның заманауи нарықтық экономикасындағы орнын танып білу.

Нарықтық механизмді ең жалпы түрде экономиканың негізгі мәселелерін шешу мақсатында өндірушілер мен тұтынушылардың нарық арқылы өзара әрекет ететін шаруашылықты ұйымдыстыру формасы деп анықтауға болады.

Нарық дегеніміз не? Басында нарық дегенді әр түрлі тауарларды сатумен байланысты жұртқа жария орын ретінде түсіндірді. Қоғам дамыған сайын, оның экономикалық құрылымы қиындаған сайын нарық ұғымы да өзгеріп отырды. Қазіргі дамыған қоғамда нарық деген міндетті түрде сатушылар мен сатып алушылар кездесіп, келісім жасайтын орын емес. Қазіргі заманда саудагер теледидар арқылы жарнама бере алады, сатып алушылармен тікелей байланыспай-ақ алыс-беріс жасаушылардың тапсырыстарын телефонмен жинап және тауарларды почта арқылы жібере алады. Нарық — қоғамдық еңбек бөлінісі негізінде оқшауланған өндірушілердің арасындары үстемдік етуші және анықтаушы байланыс әдісі ретінде көрінеді.

Әрбір экономикалық жүйе негізгі үш сұрақты шешу қажеттігіне ұшырайды: He өндіру керек? Қалай өндіру керек? Кім үшін өндіру керек? Нарықтық экономикада бұл сұрақтар негізінде нарықтың көмегімен шешіледі (баға, сұраныс пен ұсыныс және бәсеке механизмі арқылы).

Әрбір кәсіпкердің мақсаты пайданы барынша ұлғайту, соңдықтан да олар шаруашылық қызметінің көлемін ұлғайтуға тырысады. Ал бұның өзі өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күресіне әкеліп соғады да, олардың бір-біріне деген қатынасы қарсыластар немесе бәсекелестер ретінде көрінеді. Егер қандайда бір тауардың ұсынысы сұранысынан көп болса, онда сатушылардың арасындағы бәсекелік күрес күшейеді. Тапшы тауарды алу мүмкіндігіне ие болу үшін, әрбір сатып алушы өз қарсыласына қарағанда жоғары баға ұсынуға тырысады. Баға өседі, ол осы тауарға ұсынысты ұлғайтады.

Бәсеке нарық механизмінің қажетті элементі, бірақ бәсекенің сипаты әр түрлі болуы мүмкін, ол нарықтық тепе-теңдікке жету әдісіне елеулі әсер етеді. Нарықтық механизм еркін, яғни нарықтағы жағдай көптеген сатушылар мен сатып алушылардың, сатылатын өнімдердің біртектілігімен, фирмалардың нарыққа еркін кіруімен сипатталғанда барынша тиімді әрекет етеді. Сондықтан да біз осы жұмыста Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуіне орай пайда болған бәсекелестіктің мәнін, оның формалары мен түрлерін қарастыруды таңдап алдық.

1. Бәсеке мәні

Нарықтық жүйе бәсекелестік сияқты қасиетімен сипатталады. Бәсекелестік латын тілінен аударғанда «қарама - қарсы кездесу» деген мағынаны беріп, экономикалық агенттер арасындағы өнімді өндіру және өткізудің ең ұтымды жағдайлары үшін болатын күресті білдіреді. Бәсекелестік өндірушіні ғылыми - техникалық жетістіктерді енгізуге, еңбек өнімділігін көтеруге, технология мен еңбектің ұйымдастырылуын жетілдіруге және т.с.с. итермелей отырып, өндіріс қарқыны мен көлемінің реттеушісі рөлін атқарады. Бәсекелестіктің артықшылығы оның шектелген ресурстар бөлінісін жарысушылардың экономикалық аргументтеріне тәуелді етіп қоятынында көрініс табады. Бесекелестік күресте игіліктерді (экономикалық ресурстарды, өнімді) салыстырмалы жоғары сапада немесе салыстырмалы төмен бағамен ұсына отырып қана жеңуге болады. Сондықтан бәсекелестіктің рөлі оның сапалы және тепе-теңдік бағамен салыстыратын игіліктердің жеткілікті көлеміндегі өндірісіне кепілдік беретін нарықтағы белгілі бір тәртіптің белгіленуіне әрекеттесетіндігінде көрініс табады.

...

Скачать:   txt (50.5 Kb)   pdf (268.3 Kb)   docx (97.6 Kb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club