Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тауарлардын және басқа да материалдық құндылықтардын қозғалысын есепке алу

Автор:   •  Ноябрь 7, 2020  •  Лекция  •  3,323 Слов (14 Страниц)  •  848 Просмотры

Страница 1 из 14

1.Тақырып 4: ТАУАРЛАРДЫҢ  ЖӘНЕ БАСҚА ДА МАРИАЛДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫН ЕСЕПКЕ АЛУ

2.Мақсаты:студенттерді дәріханалық ұйымдағы тауарлар қозғалысын және басқа да материалдық құндылықтарды есепке алу тәртіптерімен таныстыру
3.Дәріс тезистері:Тауарларды – дәрілік заттарды, медицицналық бұйымдарды, басқа да фармацевтикалық тауарларды сату үшін дәріханалық ұйымдар басқа заңды немесе физикалық тұлғалардан алады.

Материалдарға дәрілік шөптер шикізаттарының қоры және экстемпоралдық дәрілік формалары дайындауда қолданылатын буу, орау, тығындау қосымша материалдарының қоры, жанармай, шаруашылық тауар – құндылықтары жатады.

Дәріханалық ұйымдарды қажетті дәрілік заттармен, басқа да фармацевтикалық тауарлармен, материалдармен қамтамасыз ету, оларға деген сұранысты зерттеп, қажетті мөлшерін анықтап, тауар жеткізушілерді таңдап, тауарларды алу жөнінде келісім – шарттарды жасап, тауарларды қабылдап алу операцияларын қамтиды.

Тауарды темір жол, су жолы және автакөлік вокзалдарында қабылдап алу, жүктің келгендігі туралы хабарлама алғаннан кейін, кешіктерілместен жүргізіледі. Тауарларды қабылдап алу орын сандары, жолдама құжаттарына сәйкес салмақтары бойынша жүргізіледі.

Тауарлады қабылдап алу кезінде ыдыстарының бүтіндігі, тауар жіберушінің пломбы және маркировкаларының болуы және тауарлардың жолдама құжаттарына сәйкестіктері тексеріледі.

Жолдама құжаттары жоқ тауарларға жүктегі нақты тауарлардың атаулары көрсетіліп акті жасалады.

Тауарлар тасымалдаушы ұйымның автокөліктері бойынша келген жағдайдағы қабылдап алынуы тауарлы - көліктік накладнойдың негізінде орын саны мен салмағы бойынша жүргізіледі.

Тауарлы – көліктік накладной автокөліктерімен тасымалдауда тауарлы – материалдық құндылықтардың есебін жүргізуге және тауарлардың тасымалдау ақысын төлеуге негіз болады.

Тауарларды дәріханалық ұйымдарға тауар жеткізушілер тікелей өздері жеткізген жағдайда да тауарлық накладнойлар, кейде шот – фактуралар безендіріліп, тауарлар орын саны мен салмақтары бойынша қабылданады.

Алдынала жасалынған келісім – шарт жағдайларына сәйкес дәріханалық ұйымдар тауар жеткізушілердің қоймасынан қажетті тауарларын өздері тасымалдап ала алады. Тауарлардың қабылдап алынуы, орын сандары және салмақтары бойынша тауарлық накладной арқылы жүргізіледі.

Дәріханалық ұйымдарға түсетін барлық тауарлардың сапасын көрсететін сапа сертификаттарының нөмерлері мен салық органдары бекіткен үлгісіндегі шот – фактуралары безендіріледі.

Дәріханалық ұйымға қабылданған тауарлар біріншілік есеп құжаттарына тіркеледі:

  • фармацевтикалық көтерме сауда ұйымдарында түскен жүктерді есепке алу журналында, ал тауарлық – материалдық құндылықтардың қозғалысы туралы есепте жүргізіледі;
  •  фармацевтикалық бөлшек сауда ұйымдарында келген тауарлардың есебі дәріханалық ұйымның тауарлар есебінің кіріс бөлімінде жүргізіледі.

Заттың – сандық есепке алынатын тауарлар және сақталу мерзімі шектелген заттар дәріханалық ұйымдарда арнайы есепке алу журналдарында есепке алынады.

Дәріханалық ұйымдарға тауаржеткізушілерден келген тауарлардың негізгі кіріс операциясынан басқа да кіріс түрлері болады. Дәріханалық бөлшек сауда ұйымдарындағы тауарлық емес кіріс операцияларына жататындар:

  • басқа есеп топтарынан құндылықтарды «тауар» тобына ауыстыру. Мысалы, дәрілік шөптер шикізаттарын тауарға аудару (арнайы акті жасалады);
  • лабораториялық – бөлшектеу жұмыстарының нәтижесіндегі қымбаттау және экстемпоралдық дәрілік формаларды жасаудағы тарифке сәйкес бағаларын алу. Аталған шаруашылық операциялары  лабораториялық – бөлшектеу жұмыстары бойынша қымбаттау және арзандау және қызмет көрсету Анықтамалары негіздерінде құжаттандырылады;
  • тұрғындардан қолдануда болған дәріханалық ыдыстарды сатып алу (анықтама бойынша безендіріледі);
  • жарамды мерзімі өтіп кеткен экстемпоралдық дайындалған дәрілік формалар;
  • тауарлардың бағасының өсуіне байланысты қайта бағалануы (қайта бағалану актісі безендіріледі).

Барлық көрсетілген тауарлық кіріс операциялары және тауар жеткізушілерден түскен барлық тауарлар материалдық жауапкершіліктегі тұлғалардың тауарлық есептерінде тіркеліп көрсетіледі.

...

Скачать:   txt (39.8 Kb)   pdf (515.1 Kb)   docx (510.3 Kb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club