Кәсіпорындағы ақпаратты өңдеудегі технология
Автор: Muratbekertaev • Май 14, 2023 • Реферат • 3,716 Слов (15 Страниц) • 114 Просмотры
Кәсіпорынның қысқаша тарихы.
Облыстық статистика басқармасы өз тарихының бастауын 1 шілде 1921 жылы құрылған Ақтөбе губерниясының Статистика бюросынан алады. Облыстың және өзгеде төменгі түйіндерінің ұйымдастыру формалары өткен уақыт ішінде елдің, республиканың, облыстың шаруашылық және мәдени құрылуына байланысты әр түрлі болды. Құрылу мезетінен бастап 1948 жылға дейін статистикалық органдар дербес емес жоспарлы органдар құрамында болды. Тек 1948 жылы Орталық статистикалық басқарма Госпланнан бөлініп ЦСУ СССР айналды және облыстардағы органдар – облыстық статистикалық басқарма, ал аудандық және қалалық органдар – аудандық және қалалық мемлекеттік статистикалық инспектураларға айналды.
Облыстық басқару аппаратурасында өнеркәсіп салалары, транспорт және байланыс, құрылыс, материалды - техникалы жабдықтау, сауда, халық және басқа да бөлімдері қайта ұйымдастырылды. 1958 жылғы басқарманың шешімі бойынша статистикалық органдардың есебі орталықтандырылды, яғни ендігі жерде шаруашылық етуші субьекттердің жүргізілетін барлық ептері статистикалық органдарға түсіп, онда бұл мағлұматтар өңделіп, талданып, қорытылып, анализ жасалғаннан кейін сәйкес органдарға беріледі. Үлкен ақпараттық тасқынды өңдеу үшін облыстық статистикалық басқармада есеп машина станциясы қалыптасты, бірнеше машина және көшірмелі – көбейткіш техникалар сияқты перфорациялық құралдармен жабдықталды. 1961 жылы ЦК КПСС және СССР Кеңес министрлігі «қосып жазу және ұпай жоғалтуға қарсы күрес туралы » шешім қабылдады. Статистика органдары облыстық қатардағы жұмыс барысында халық санағын бір жолғы және бірреттік есепті сәтті өткізді. Олар уақытылы және үлкен көлемде басқарманы және облыстық жоспарлы органды барлық қажетті статистикалық материалдармен қамтамасыз етті, облыстағы барлық шаруашылық етуші субьектілердің есеп жағдайларын және есепберушілігіне тексеру жүргізді, ақиқатқа жету жолында оларды қалыпқа келтірді. Шешімде көрсетілген есеп ережесіне қатысты заңсыз таралған және жарияланған мәліметтерге мақсатты жұмыстар жүргізді.
Қазақстанның экономикасын нарықтық қатынасқа өтуі, оның әлемдік бірлестікке интеграциялануы мемлекеттік статистиканы өзгерту қажеттігін тудырды. Бұл әтапта ұлттық статистика құрылды, статистиканың жаңа бөлімдері жарық көрді, экономикалық қызметтердің, тауарлармен қызметтердің халықаралық класификация түрлері қолданылды.
Қазіргі таңда мемлекеттік статистиакны жетілдіру программасын іске асыру барысында облыстық статистика басқармасының негізгі мақсаты барлық обьективті статистикалық ақпаратты қолданушы топтардың облыстар, аудандар және өзгеде экономикалық салалар мен секторлардың әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы мағлұматтармен қамсыздандыру болып табылады. Осыған байланысты статистикалық органдарды қайта құру жүргізілді және екі мекеме қалыптасты:
1. Статистика басқармасы региондардағы статистикалық қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. Аймақтық деңгейдегі статистикалық органдардың ақпараттық-есептеу жүйесінің техникалық және технологиялық бірыңғай жұмыс істеуін қамсыздандыру мақсатында 1999 жылы заңды тұлға құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорын «Ақтөбе облысы статистика жөніндегі есептеу орталығы » қалыптасты.
Кәсіпорынның негізгі мақсаттары мен
міндеттері, атқаратын қызметі.
Статистика агенттігі өзінің қызметінде 1992 жылы ЕЭК, 1994 жылы БҰҰ қабылдаған ресми статистиканың енгізгі принциптерін сақтауға тырысады. Бұл принциптер статистикалық деректердің халықаралық салыстырмалылығы мен сапасын, статистиканы тұтынушылардың барлық топтарының құқықтарының теңдігін, статистикалық қызметінің тиімділігі
...