Отчет по практике в "ForteBank”АҚ
Автор: lazzat parakhatova • Июнь 27, 2019 • Отчет по практике • 4,113 Слов (17 Страниц) • 453 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ»
«Бизнес және құқық» факультеті
«Қаржы,есеп және аудит» кафедрасы
5В050900 – «Қаржы»
Бакалвриат бойынша білім алушылардың 3 курс күндізгі оқытудың Ф-16-1тобының “ForteBank”АҚ ЕБ филиалында кәсіптік тәжірибе бойынша
Парахатова Ляззат Бахадирқызының
ЕСЕБІ
Университеттен тағайындалған
тәжірибе жетекшісі:
Доцент: Абдешов.Д.Д
Ақтау – 2019ж.
КІРІСПЕ
Өндірістік тәжірибе бұл жыл бойына алған теориялық мәліметтерімізді тәжірибе түрінде жүзеге асыру. Осыған байланысты оқу орнымыз біздерді «ForteBank» АҚ мекемесіне 27 мамырдан бастап, 29 маусым 2019 жыл аралығында кәсіптік тәжірибеден өтуге жіберді. Банкте жүріп, ондағы барлық қызметтер мен қызметкерлер жайында мағлұмат алдым. Болашақта жұмыс барысында керекті кеңестерді де алдым, еңбек өтілі жоғары жұмыскерлермен бірге жұмыс жасап та үйрендім.
Өндірістік тәжірибедегі ең басты мақсаттарым – тәжірибе жинайтын «ForteBank» АҚ-ның негізгі атқаратын қызмет түрімен таныса отырып, оның басқару жүйесі жайында мәлімет алып, банктің негізгі принциптері туралы мағлұмат жинақтап, кадр бөлімімен және банкке қызметкерлерді қабылдау жөніндегі ережелермен танысу. Бұдан бөлек тәжірибе барысында тек мәліметтер жинап қана қоймай, банктің басқару жүйесіне қажет деген жетілдірулерді ескердім.
Өндірістік тәжірибе барысында жасаған есебім екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде «ForteBank» АҚ-ның жарғысы, даму тарихы, банктің басты қызметтері жайында жаздым. Бұдан бөлек банктің негізгі принциптерімен қоса банк қызметкерлерін жұмысқа қабылдау жөнінде мәліметтер жаздым.
1.ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1.«ForteBank» АҚ-ның жарғысы мен негізгі қызмет түрлеріне анықтама
Банк жарғысы - банкінің қызметін тәртіптейтін құжат. Коммерциялық банк жарғысында банкінің атауы мен орналасқан жері, ол орындайтын операциялардың тізбесі құқықтық жағдайының нұсқауы, жарғы қоры мен банк құратын басқа да қорлардың мөлшері, мүліктің құралу тәртібі, бақылау және басқару органдарының тәртібі мен олардың құзыреті, банкінің ұйымдастыру шарты мен қызметін тоқтату тәртібі баяндалады. Оған банк қызметінің ерекшеліктеріне байланысты қосымша ережелер енгізілуі мүмкін. Банк жарғыға енгізілген барлық өзгертулер туралы ұлтық (орталық) банкіге хабарлап отыруға міндетті.
«ForteBank» АҚ-ның жарғысы «ForteBank» АҚ-ның құқықтық мәртебесін анықтайды және акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық түрінде жасалған банктің – заңды тұлғаның қызметін реттейді.
«ForteBank» АҚ-ның жарғысының 1-тарауында Жалпы Ережелер қарастырылған.
«ForteBank» АҚ-ның – «Қазақстан Республикасының банктері мен банктік іс-әрекеттері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға банктік әрекеттерді құқықты түрде жүзеге асырады.
«ForteBank» АҚ-ның толық және қысқартылған атаулары:
1)мемлекеттік тілдегі толық атауы: «ForteBank» акционерлiк қоғамы;
2)орыс тіліндегі толық атауы: Акционерное общество "ForteBank";
3)ағылшын тіліндегі толық атауы: «ForteBank» Joint-stock Company.
4)мемлекеттік тілдегі қысқаша атауы: «ForteBank» АҚ;
5)орыс тіліндегі қысқаша атауы: АО «ForteBank»;
6)ағылшын тіліндегі қысқаша атауы: «ForteBank» JSC;
«ForteBank» АҚ екінші деңгейдегі банк болып табылады. «ForteBank» АҚ шет ел қатысушыларымен еншілес банк болып табылады.
«ForteBank» АҚ-ның ресми мәртебесі Қазақстан Республикасың әділет органындағы Банк ретінде және банктік операцияларды жүргізуге қаржы ұйымдары мен қаржы нарығын бақылау мен реттеу бойынша Өкілетті органның лицензиясы бар заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуімен анықталады.
...