Лизингтің қазақстандағы даму жолдары мен болашағы
Автор: qqqwwwer • Апрель 26, 2018 • Реферат • 8,206 Слов (33 Страниц) • 1,363 Просмотры
ҚР-ғы лизингтік қызмет нарығының дамуы: проблемалары мен болашағы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. ЛИЗИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Лизингтің пайда болуы, мәні мен мазмұны
1.2 Лизингтің зерттелу тарихы мен лизинг түрлері
2. ҚР-ғы лизингтік қызмет нарығының дамуы: проблемалары
2.1
2.2
2.3
3. Лизингтің қазақстандағы даму жолдары мен болашағы
3.1 Лизингтің қазақстанда дамуының экономикалық механизмі
3.2 қазақстандағы лизингтік операциялар нарығының болашағы
қорытынды
пайдаланған әдебиет
КІРІСПЕ
Ғылыми-техникалық прогрестің әсерімен өндірістің қайта ұйымдастырылуы, шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының түбірімен өзгеруі еліміз үшін материалдық-техникалық базаны жаңартудың және әртүрлі меншік нысанындағы субъектілердің негізі құрал-жабдықтарын жетілдіру үшін дәстүрлі емес әдістерді іздестіру және ендіру қажет болып отыр. Осындай әдістердің бірі лизинг. Кәсіпкерлік саласындағы лизингтік бизнестің орны ең алдымен лизингтің объектісіне орай айқындалады.
Лизинг ұғымы Қазаұстан экономикасына жанадан келген ұғым. Оны біз Қазақстанның нарықтық эконоомикаға көшумен байланыстырамыз. Жоғарыда атап өткеніміздей, отандық өндірушілер үлкен тоқырауда тұрған кезде лизинг инвестициялар тартудың тиімді құралы ретінде елімізддің экоономикасына инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.
Лизингтің инвестицияның басқа тәсілдерімен салыстырғанда артықшылыығы мынада. Ол кәсіпкердің үй-жай және жабдық сатып алуға бүкіл қаражатын жұмсамай, оның бір бөлігін ғана пай далана отырып, өз бизнесін дамытуға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде лизингке, әсіресе шағын және орта бизнес өкілдері айрықша қызығкшылық танытады. Қомақты қаражатың болмаса да өндіруге озық технологияларды пайдалануға жол ашылады. Сонымен лизинг шағын кәсіпкерлерді дамытудың маңызды құралына айналды.
Лизинг - бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруңн қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.
Мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгң буыны халық шаруашылығы салалары кәсіпорындарының қаржылары болып табылады. Міне, осы буында нақты түрлі экономикалық қатынастар жүргізіледі.
Қазақстан нарықтық қатынастарға еселеніп отырған дағдарыс кезіңде өткен. Бұл дағдарыс өндірістің құлдырауы мен сауда-экономикалық қатынастардың жаппай бұзылуының, бағалардың қарқынды өсуі мен инфляцияның өрлей түсуінің салдарынан инвестициялық белсенділік күрт төмендеді.
Қазақстан экономикасы дамуының өзекті мәселелерінің бірі экономиканың базалыұ және басым салаларындағы негізгі құралдардың физикалық және моральді тозуы болды. Бұл мәселені шешуде біздің ойымызша лизингтің, инвестициялаудың ерекше түрі ретінде, маңызы өте жоғары.
ҚР-да лизинг бизнемі даму үстінде. Мұндай өсудің себебі нарықта лизингке деген сұраныстың көбеюі.
Үкімет Қазақстанның экономикалық өсуіне көңіл бөлуде, соның ішінде шағын, орта бизнесті және инвестициялық өсуді дамытуда.
Лизингті жіктеудің қағидалары мен критерийлері шетелдік және отаныдқ ғалымдар ттарапынан біршама мол қарастырды. Бұл мәселе әсіресе, Б.Часовой, С.Медведков, В.Белов, Е.Кабатова, В.Анташов, В.Чекмарева, Г.Уварова, В.Бочаров, В.Голощапов, В.Евстратов, Л.Гехт, А.Смирнов, К.Сусанян еңбектерінде кеңінен зерттелген. Алайда аталған ғалымдардың еңбектерінде лизингтік келісімнің мерзімі, объектісі мен субъектісі, т.б. мәселелер туралы көзқарасатар біркелкі емес.
Қазіргі кезде дамыған мемлекетттердің шаруашылық тәжірибесінде лизингтің көптеген түрлері көрініс таюады. Олардың ішінде негізгілеріне:
...