ISO 9000 стандарттарына негізделген сапаны басқару
Автор: Alina07072001 • Октябрь 2, 2023 • Реферат • 1,543 Слов (7 Страниц) • 173 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе 3
Сапа басқарудағы халықаралық стандарттар 4
ISO 9000 сериялы сапа стандарты 5
ISO 9000 стандартына негізделген сапа басқару тарихы 7
ISO 9000 стандартына негізделген сапа басқару 7
ISO 9000 сериясындағы сапа басқарудағы стандарттар ерекшелігі 8
Қорытынды 10
Қолданылған әдебиеттер тізмі 12
Кіріспе
Өнім (қызмет) сапасын басқару халықаралық, мемлекеттік, салалық стандарттар негізінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте халықаралық стандарттар ерекше рөл атқарады. Себебі, халықаралық сауда-саттықты жəне жалпы алғанда экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге негіз болып табылады, ғылыми-техникалық жəне əлеуметтік процестердің жылдамдатылуына септігін тигізеді.
Сапаны басқару жөніндегі əртүрлі ұйымдардың тəжірибесі ISO 9000 халықаралық стандарттар пакетінде жинақталған. Бүгінгі таңда ISO 9000 стандарттар сериясы қандай да бір болмасын ұйымның тұрақты сапасына қол жеткізуінің негізін құрайды.
Сапа басқарудағы халықаралық стандарттар
Өнімнің сапасын басқару жүйесі жан-жақты стандарттауға негізделген. Стандарттар өмірлік циклдің барлық кезеңдерінде өнімнің сапасын жақсарту үшін жоспарлау тәртібі мен әдістерін анықтайды, өнім сапасын бақылау мен бағалау құралдары мен әдістеріне қойылатын талаптарды белгілейді. Өнімнің сапасын басқару: мемлекеттік, халықаралық, салалық стандарттар және кәсіпорын стандарттары негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік стандарттау қоғамның және нақты тұтынушылардың мүдделерін қорғау құралы ретінде әрекет етеді және мемлекеттің барлық деңгейлеріне қолданылады.
Өнімдер мен қызметтердің жоғары сапасының рөлі мен маңызы өндіріс технологиялары мен адам қажеттіліктерінің дамуының әсерінен үнемі артып келеді. Бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуде сапаға қойылатын талаптар айқындаушы болады. Сапаны тексеру өнімнің өмірлік циклінің әртүрлі кезеңдерінде жүзеге асырылуы мүмкін. Сапа жүйелеріне қойылатын негізгі талаптар ИСО 9001, ИСО 9002 және ИСО 9003 стандарттарында қамтылған. Өндірісті жалпы басқарудағы сапа менеджменті жүйесіне талаптар ИСО 9001:2000 «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» халықаралық стандартында берілген. Стандарт істегі ИСО 9001 сәйкес өндірістегі сапа жүйесін құрастыру мен ИСО 9004 сэйкес оны жақсарту үшін ішкі жағынан қолданылады және сыртқы жағынан ИСО 9001 сәйкес оны сертификаттау кезінде сапа жүйесін бағалауда. ИСО 9001 стандарты өнім сапасына талаптарды қоймайды, бірақта оның талаптары олар үшін қосымша болып табылады. Ұжым дұрыс жұмыс істеу үшін оларды басқару және көп санды өзара байланысты ісәрекеттер түрлерін анықтау керек.
Кірісті шығысқа түрлендіру мақсатымен басқару, қолданылатын ресурстары мен ісәрекеттерін процесс ретінде қарастырамыз. Сапа жүйесін тексеруді бірінші тарап, яғни өнімді жеткізуші ұйымның өзі немесе оның атынан біреу, өнімді тұтынушылар болып табылатын екінші тарап және үшінші тарап тәуелсіз сертификаттау органдары жүргізе алады.
Сапа жүйесі – аз шығын жұмсай отырып жоғары сападағы өнімдерді қамтамасыз ететін өлшеудегі ұйымдасқан топтар мен техникалық топтар. Сапа жүйесінің құрамына ұйымдасқан əртүрлі құрылымдар, технологиялық өндірістер мен əдістер, сапаны қамтамасыз етудегі түрлі құралдар кіреді. Сапа жүйесін дамыту мен оны қолданудың жетістіктері мынадай:
1. талаптарға сəйкес келмеушілік;
2. фирмалар жетістіктері жəне қабілеттілігін жоғарылату;
3. өнімнің сапасы бағытындағы жауапкершіліктерді арттыру;
4. қолданыстағы əдістерді жүзеге асыру жəне оң тəсілдерді көбейту.
ISO 9000 сериялы сапа стандарты
ИСО 9000 сериялы сапа стандарты ұжымдар мен мекемелерде шығарылатын өнімдер сапасын басқарудағы халықаралық тәжірибелер жинақталған нормативті құжат.
Дүниежүзінің көптеген мемлекеттерінде бұл стандарттар ұлттық деңгейде қабылданып, фирмалар мен өндірушілер арасында келісім- шарттар жасаудың бұйым сапасын қамтамасыз етудегі негізгі моделі ретінде қабылданған. Халықаралық деңгейде мұндай жүйенің ИСО стандартына сай келуі бұйым өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы сапаға жасалған контракт кепілі болуы шарт.
...